ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
|
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
|
«ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГКА» ФАКУЛЬТЕТІ
«ЭКОЛОГИЯ»КАФЕДРАСЫ
Реферат
Тақырыбы “Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсініктер.
Орындаған: Сейдалы Гауһар
Тобы: ТП-20-10ТК
Қабылдаған: Жұбаныс.М.Қ
Жоспар
1. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе.
2. Биотикалық қарым қатынастарының типтері.
3. Биоценоздың трофикалық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер).
4. Қоректену тізбектері және трофикалық деңгейлер, қоректер жүйесі.
5. Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса, энергия).
Тірі организмдер өзара және тіршілік ортасының абитикалық жағдайларында белгілі қатынастарда экологиялық жүйені құрады. Белгілі-бір территорияда өмір сүретін әртүрлі түрлердің жиынтығын – биоценоз деп атайды. «Биоценоз» ұғымын 1877 жылы неміс зоологы К. Мебиус (1825-1908) ұсынды. Биоценоздың өсімдік компонентін фитоценоз деп, жануарлар әлемін – зооценоз, микробты- микробеценоз деп атайды. Биоценозда қозғалғыш күш өсімдік болып табылады. Биоценоз құрылымы түрлік, кеңістікті және экологиялық болып бөлінеді. Түрлік құрылым биоценозды құрайтын түрлер саны және олардың салмағы қатынасы. Яғни, биоценоздың бұл түрі түрлердің саны қатынасы немесе олардың өзара салмағы мен әртүрлілігімен анықталады. Түрлер әртүрлілігі сол қауымдастағы түрлер саны. Биоценоздың бай және кедей түрлері кездеседі. Түрлік әртүрлілік қауымдастық жасына байланысты және негізгі экологиялық факторлардың-температураның, ылғалдылықтың, тамақ ресурстарының тиімді болуына байланысты болады. Кеңістікті құрылым кеңістіктегі әртүрлі түрдегі организмдердің таралуын айтады. Кеңістікті құрылым биоценоздың өсімдікті бөлігі арқылы құрылады. Экологиялық құрылым - әртүрлі экологиялық топтар организмдерінің қатынасы. Ұқсас экологиялық құрылымды биоценоздарда әртүрлі құрылымда болуы мүмкін. Бұл кейбір экологиялық түрлер тұқымдас болмағанымен экология бойынша ұқсас болуы мүмкін. Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз, не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара әсерлері қалыптасқан, тірі және өлі компонетттерінің жиынтығынан тұратын белгілі бір комплекстер түзіледі. Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлесігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік – биотоп деп аталады. Егер биотопты биоценоз өмір сүретін орын ретінде сипаттасақ, онда биоценозды белгіл бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан ағзалар комплексі деп қарастыруға болады. Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе – биогеноценозды түзеді. «Биогеоценоз» ұғымын 1940 жылы В. Н. Сукачев ұсынған. В.Н.Сукачев (1880-1967) биогеоценозға мынадай анықтама берген – «жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі, микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жағдайлар) бірлестік, ол өзін құрайтын компонеттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама – қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғаыста, дамуда болатын жиынтық». «Биогеоценоз» ұғымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы А. Тенсли ұсынған «Экожүйе» ұғымына жақын. Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекетттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы
Биотикалық факторлар – бір организмдердің тіршілік етуі барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым-қатынастардың негізгі типтері: бәсекелестік, жыртқыштық, комменсализм, мутуализм, симбиоз, синойкия, паразитизм. Биоценозда әр түрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-қатынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістіктік қарым-қатынастар да негізгі роль атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, құстар және жануарлар арасында болады. Бәсекелестік - бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, тұрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастарының көрінісі. Кезінде Ч. Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған. Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Мысалы, кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу арқылы популяциясын реттеуі жатады. Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айқын білінсе, бірде онша байқалмайды. Сондықтан эколог Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |