БӨЖ 4
Экологиялық картографиялау объектілері жəне олардың шоғырлануы.
1.Картографиялық семиотика-шарттыбелгілердің бейнеленетін объектілер мен құбылыстарға сәйкестенуін зерттейтін пән. Картографиялық семиотика 3 бөлімнен тұрады:
- картографиялық семантика-картаның тілі ретінде картографиялық шартты белгілердің теориялық сұрақтарын қарастыратын картографиялық семиотиканың құрамдас бөлігі болып табылады;
- картографиялық синтактика-шартты белгілер жүйесінің дұрыс қойылуын және шартты белгілердің құрылымдық қасиетін, картаның граматикалық тілін зерттейді;
- картографиялық прагматика-шартты белгілердің ақпарат беруші құрал ретінде олардың ақпараттық құндылығын зерттейді.
Экологиялық карталарда көрсетілетін құбылыстардың жалпы саны өте көп және қазіргі таңда олардың саны әлі де өсуде. Экологиялық карталардағы көріністер экологиялық проблемалардың бөлінуіне сәйкес 6 негізгі класқа бөлінеді: атмосфералық көріністер, су көріністері, жер көріністері, биологиялық көріністер, геология-геоморфологиялық және кешенді (ландшафтық) көріністер. Бұл көріністерді кескіндеу немесе бейнелеу әдістері экологиялық картографиялаудың қолданбалы әдістемесінде қарастырылады. Дегенмен, нақты әдістерді қарастырмастан бұрын міндетті түрде экологиялық карта тілі географиялық құралдарды пайдаланудың жалпы ережелеріне тоқталу қажет.
Карталарда бейнеленетін барлық табиғи және жалпы көріністер картографиялық көзқарас тұрғысынан, алып жатырған ауданының сипатына байланысты 5 үлкен топқа бөлінеді:
пунктерде шектелген құбылыстар немесе көріністер (мысалы, сынама немесе үлгі алынатын жер, мониторинг постысы, ұсақмасшатабты карталардағы өнеркәсіп және қала) көрсетілетін объектілер үшін олардың нүктелі орнын кейде сандық және сапалық сиапттамасын береді.
сызықтарда шектелген құбылыстар немесе көріністер ( мысалы, жолдар, құбылыстар, әртүрлі шекаралар) көрсетілетін объектілер үшін нүктелі орнын кейде сандық және сапалық сиапттамасын береді.
аудандарда шектелген құбылыстар яғни картографияланатын территорияның бір бөлігінде бар, басқа бөлігінде жоқ (мысалы, ірімасштабты карталардағы өнеркәсіп, қала және оның бөлігі, ЕҚТТ), көрсетілетін объектілер үшін карталардағы аудандардың таралуы, кейде сандық және сапалық сиапттамасын береді.
жаппай таралған құбылыстар (мысалы, атмосфера және оның сипаты, тау жыныстар және олардың қасиеттері) көрсетілетін объектілер үшін олардың кеңістік бойынша сандық және сапалық өзгеруін береді.
шашыранды түрде таралған құбылыстар яғни жеке көрсетуге мүмкін емес көптеген ұсақ объектілерден тұрады (мысалы, биологиялық түрлер, ауылшаруашылық дақылдарының егілуі) көрсетілетін объектілер үшін мұнда да ең бастысы территория және таралу тығыздығы беріледі.
Табиғатты қорғау әрекетінің шегінде картографиялық қамтамасыздықты талап ететін келесідей негізгі құрамдас бөліктер ажыратылады:
Ғылыми-зерттеу жұмысы (табиғи ортаның компоненттері бойынша бөлімшелерімен, зерттеу әдістерімен, әртүрлі иерархиялық деңгейдегі немесе глобальды масштабтағы территориялық бірліктерімен);
Атмосфералық ауаны, жер асты және жер үсті суларды, топырақ пен жер қыртысын, өсімдік және жануарлар дүниесін, ландшафттарды (экожүйе) тұтастай қорғау барысындағы практикалық әрекеттер (заң, экономикалық, технологиялық, гигиеналық аспектілерін қоса; жергілікті, аймақтық, ұлттық және халықаралық масштабта);
Экологиялық білім мен тәрбие (экологиялық білімді беру мен насихаттау).
Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында карта мынадай функцияларды атқарады:
Жұмысты ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін пайдаланылатын зерттеу құралы (бұл ретінде топоненгіз алға шығады);
Зерттеу пәні (шындығында бар құбылыстың жеңілдетілген моделі ретінде). Мұндай мақсатта ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешу үшін өзінің мазмұны мен дәлдігі бойынша жарамды топографиялық та, тақырыптық та карталар пайдаланыла беріледі.
Практикалық іс-әрекетке арналған экологиялық карталар бағытталуы бойынша бөлінеді:
Тізімге алу-бағалау карталары (тұтастай ландшафт пен оның жекелеген компоненттері жағдайының бағасы мен көрсеткіштерден тұрады, әсер етуші факторлардың территориялық таралуының сипаттамасы);
Болжау карталары (болып жатқан тенденция сақталған кезде немесе белгілі бір сценари шегінде, болашақта кейбір даталардағы дамудың гипотезалақ нәтижелерден тұрады);
Ұсынылым карталары (экологиялық жағдаятты оңтайландыру мақсатында ұсынылған іс-шаралардың территориялық орналасуын көрсетеді);
Бақылау немесе мониторинг карталары (ұсынылған іс-шаралардың іске асу шамасы бойынша жағдаятты қадағалау үшін қолданылады).
Достарыңызбен бөлісу: |