кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру;
шығарылатын ластаушы заттардың көлемін азайту және оларды қайта өңдеу.
Экологиялық менеджмент жүйесінің міндеттері
Компанияның кәсіпорындар қызметінің экологиялық аспектілеріне байланысты болатын экологиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындауға негіз болатын Компания принциптері мен міндеттемелері сипатталатын экологиялық саясатты әзірлеу және қабылдау.
Экологиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар мен іс-әрекеттерді реттеуге және жүйеге келтіруге мүмкіндік беретін экологиялық қызметті жоспарлау.
Ішкі және сыртқы экологиялық қызметті ұйымдастыру. Бұл міндеттің мәні – тұтынылатын материалдық және энергетикалық ресурстардың көлемін және шығарылатын ластаушы заттардың көлемін (атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың, қалдықтардың, тұтынылатын аса зиянды заттар мен материалдардың көлемін, т.б.) барынша азайтуға бағытталған, жоспарланған және жоспарланбаған (қосымша) іс-әрекеттер мен іс-шараларды жүзеге асыру.
Қызметкерлерді ынталандыру, бұл қызметкерлерді қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану қызметіне кірістіруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын жұмысының жоспарланған көрсеткіштерден ауытқуын алдын ала анықтау мақсатында ішкі экологиялық мониторинг және экологиялық қадағалау жүргізу.
Экологиялық қызметтің нәтижелерін талдау және бағалау. Көрсеткіштерді таңдау, деректерді жинау және талдау арқылы, экологиялық тұрғыдан кәсіпорын нәтижелілігінің критерийлері жөніндегі ақпаратты бағалау, есептілік дайындау және ақпаратпен алмасу арқылы, сондай-ақ үнемі осы үрдісті қарастыру және жетілдіру арқылы ұйымның экологиялық тұрғыдан нәтижелілігіне қатысты басқару жөніндегі шешімдерді қамтамасыз ету функциясы.