Жануарлар дүниесін сақтап қалу мен қорғау мақсатында келесідей іс-шаралар жүргізілуі қажет:
Саны азайып бара жатқан жануарлар мен құстарды ерекше қорғауға алып, санын қалпына келтіру;
Олардың қауіпсіз тіршілік етуі үшін арнайы қорықтар ұйымдастыру;
Сұғанақтыққа қарсы күрес (браконьерство) жұмыстарын күшейту;
Заңсыз аң-құс аулағандарды жауапкершілікке тарту;
4. Орманның жойылуы
Орман адамзат баласы демалатын оттегінің басты көздерінің бірі. Ондағы жасыл екпелер, ағаштар мен өсімдіктер ауаны оттегімен байытуға көмектеседі.
Облысымызда орман қорының жалпы көлемі 3 436000 гектар аумақты қамтиды.
Адамдардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде, ормандар ластанып, өртке шалынуда, мыңдаған ағаштар заңсыз кесілуде.
Ормандарды сақтап қалу бойынша келесідей іс-шаралар жүргізілуі қажет:
Ормандарды күтіп-баптау жұмыстарын орындау;
Орман көшеттерін егу;
Өртке қарсы шараларды орындау, сондай-ақ халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;
Орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жедел түрде шаралар қабылдау.
5. Қоқыстардың көбеюі
Адам санының өсуімен қатар, олардың азық-түлік және тіршілікке өажетті заттарды пайдаланудан шығатын қоқыс көлемі де жыл сайын өсіп келеді. Егер қажетті шаралар қолданылмайтын болса, бірнеше жылдан кейін қалдықтар жер бетін жайлап, қоршаған ортаға орны толмайтын зиян алып келеді.
Әрбір өңірде тұрғын үйлерден шығатын қалдықтар белгіленген орынға жинақталып, тиісті коммуналдық сала қызметкерлермен елді мекен шетінде тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталатын орынға тасымалданады. Мұндай арнайы орынды полигон деп атайды. Полигонға тасымалданған қалдықтар алдын ала өңделіп көміледі. Қалдықтардың түріне қарай, оларды қайта өңдеп басқа шикізат алу үшін олар сұрыпталып, кәсіпорындарға жіберіледі. Нәтижесінде, өңделген қалдықтардан қайталама екінші реттік шикізат өнімі алынады.
Сонымен қатар қалдықтарды бөлек жинау мақсатында қалдықтың түріне қарай бірнеше контейнерлер орнатылады. Оның біріне қағаз қалдықтары салынса, екіншісіне пластик қалдықтары, үшіншісіне шыны қалдықтары салынады. Бұндай сұрыптау жұмысы қалдықтарды қайта өңдеуді жеңілдетеді.
Қалдықтардың толық жойылып, шіріп кетуі үшін ұзақ уақыт керек. Мәселен: қағаз 2-10 жылда, консерві банкалары 80 жылда, полиэтилен 200 жылда, пластмасса 500 жылда, шыны 1000 жылда жойылатынын ескерсек, табиғатымыз қорғауды қажет етеді.
Қоқыстарды азайту үшін келесідей іс-шаралар жүргізілуі қажет:
Қоқысты кез келген жерге тастамау мәдениетін қалыптастыру;
Үйіргелік аулада қоқыстарды сұрыптап, қайта өңдеуге жолдау;