Экологиялық сағат



бет1/3
Дата11.11.2022
өлшемі69,39 Kb.
#49403
  1   2   3
Байланысты:
экочас слайд

Экологиялық сағат

03.10.2019 жыл

Экология ғылымы нені зерттейді?

  • Экология – грек тілінен «эйкос» - үй, «логос» - білім, яғни қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді.
  • Экология ғылымының мақсаты-тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам-қоғам-биосфера арасындағы қарым-қатынасты үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды негіздеу.

Экологиялық мәселе

  • Қазіргі таңда Жер бетіндегі бүкіл адам баласын ерекше толғандырып отырған ең басты мәселе – ғаламдық деңгейдегі экологиялық мәселелер болып отыр. Сондықтан да, әрбір мемлекет бұл мәселелерді негізгі мемлекеттік міндеттердің бірі деп қарастырады.
  • Адам санының күрт өсуі, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы, қуат көздерінің өндіруі, көліктің көптеп пайдалануы қоршаған ортаға әсер етпей қоймайтыны анық.
  • Экологияның нашарлауына, табиғи ресурстардың сарқылуына бірден бір әсер етуші фактор адам болып табылады.
  • Ғылыми мәліметтерге қарағанда, қоршаған ортаға зиянды әсер ететін екі факторды атауға болады: жер бетіндегі адамдардың санының өсуі және адамның іс-әрекеті.
  • Дүниежүзі бойынша адам саны үздіксіз өсіп, көбеюде. 1990 жылы біздің планетамызда 5,3 млрд. адам шамада болса, қазір 7 млрд. астам. ХХ ғасырдың орта кезінде 10 млрд.қа жету күтілуде. Жер бетінде халықтың тез өсіп жетілуі көптеген қиыншылықтар туғызды. Мәселен, планетадағы бүкіл халықты азық – түлікпен қамтамасыз ету, әл–ауқатын үздіксіз жақсарту–бұл әрине, оңай жұмыс емес. Себебі адам санының өсуімен оның тұтынатын заттары да, сұранысы да ұлғаяды.
  • Екінші фактор: адамның өндірістік іс – әрекеті. Қазіргі кезеңде ең көкейтесті мәселелердің бірі – бұл адамның өндірістік іс–әрекетінің негізінде қоршаған ортаның ластануы, бұзылуы. Жер бетінде адам қызметінің нәтижесінде зиянды, әсіресе улағыш заттардың қалдықтары көбеюде.

Экологиялық мәселелер


1. Ауаның ластануы
5.Қоқыстардың көбеюі
4.Орманның жойылуы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет