Экономическая оценка эффективности медикаментозной терапии


Дәлелді медицинаның пәндік аумағы



бет2/13
Дата21.12.2023
өлшемі83,47 Kb.
#142440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
D 1240 LELDI MEDITsINA NEGIZDERI

Дәлелді медицинаның пәндік аумағы

15

Дәлелді медицинаның артықшылықтары мен кемшіліктері. Дәлелді медицина айналасындағы пікір– талас

17

Медициналық шешімдердің дәлелділігі



19

Қосымша



31

Бақылау тестілері



32

Тест жауаптары



36

Әдебиет тізімі



37



ҚЫСҚАРТУЛАР

ДМ – дәлелді медицина


РКБ – рандомизацияланған бақылаулы зерттеулер
АҚ – артериальды қысым
ЖСЖ – жүректің соғу жиілігі
SIGN – Scottish Intercollegiate Guidelines Network
ДЗ – дәрілік заттар
ЕАМ – емдеу алдын-алу мекемесі
PICO – patient or population, intervention, comparison, outcomes.
КІРІСПЕ

Медициналық ғылым мен денсаулық сақтаудың қазіргі таңдағы жағдайы, зерттеу нәтижелерін анық, нақты ұсыныстарға түрлендіріп, дәрігерлермен медициналық көмекті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін шешу үшін, ғылыми ақпараттарды жинау, талдау, бірегейлеу және түсіндірудің жаңа жолдарымен технологияларын қолдануды талап етеді.


Дәрігерлер, ғылыми қызметкерлер, денсаулық сақтау ұйымының менеджерлері кәсіби біліммен қоса, ғылыми және клиникалық зерттеулердің жаңа нәтижелерін сауатты және сын көзбен бағалай білуі қажет. Сондықтан да клиникалық тәжірибеде дәлелді жолдарды іске асыру үшін медицина мамандары ізденудің жаңа технологияларын игеріп, медициналық ақпараттарды жалпылай және талдай білулері қажет.
ХХ ғасырда клиникалық зерттеулердің дамуы, атап айтқанда рандомизацияланған клиникалық бақылау (РКБ) методологиясының жетілуі қазіргі таңдағы дәлелді медицинаның дамуына негіз болды. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы медицина ғылымының қарқынды дамуы медициналық білімнің кеңеюіне әкеліп, диагностика мен емдеу саласындағы зерттеулермен ұсыныстарды бағалауда мәселелердің пайда болуына әкеліп соқтырды (эпидемиолог Арчибальд Кокранның «Действенность и эффективность» деп аталатын шолуы). Клиникалық тәжірибеге клиникалық зерттеулердің енгізілуіне 1972 жылы баспаға шыққан «денсаулық сақтау туралы кездейсоқ ойлар» түрткі болды. Оның негізгі принципі – денсаулық сақтау ұйымының шектелген ресурстарын, дұрыс жүргізілген зерттеулермен, дәлелденген тиімді медициналық көмек түрлерін әділетпен қолдану.
Қазіргі кезде ауруды алдын алу, емдеу, диагностикалаудың жаңа әдісін мемлекеттік және популяциялық деңгейде тәжірибеге енгізілуі үшін, сол әдістің тиімділігін тексеру кезінде қол жеткізген ғылыми фактілердің шынайылығын талдау нәтижелеріне жүгіну қажеттілігі айдан анық. Мемлекет тарапынан тиімділігі тек сенімді зерттеулерде дәлелденген - алдын алу, емдеу және диагностика әдістері қаржыландырылуы қажет. Ұлыбритания, Швеция, Нидерланды, Канада, АҚШ-та жаңа медициналық технологияларды бағалайтын агенттік ұйымдастырылды. Бұл агенттіктердің міндеттері - диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістері туралы бар ақпараттарды жан-жақты зерттеп, сын көзбен бағалау.
ХХ ғасырдың 90 жылдары дәлелді медицинаның негізгі талдау әдістері болып табылатын жүйелік шолулар мен мета-анализді жүргізу методологиясы пайда болды.
Медициналық зерттеулерде ғылыми принциптер маңыздылығының жоғарлауы ХХ ғасырдың 80-90 жылдары дәлелге негізделген медицина (evidence-based medicine) немесе дәлелді медицина деп аталатын бағыттың пайда болуына әкелді. Қазіргі кезде белгілі бір клиникалық мәселені шешу үшін, ғылыми ақпаратты жинау, талдау және бағалау концепциясы бар. Бұл концепция дәлелді медицина деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет