Экономика жахандану және еңбек



бет2/7
Дата24.04.2023
өлшемі0,89 Mb.
#86248
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
социология с

Жүйе» терминінің жалпы мағынасы (гректің systema – бөлшектерден құралған тұтастық) белгілі бір тұтастықты құрайтын, бір – бірімен тығыз байланысқан және қатынаста болатын элементтердің жиынтығы дегенді білдіреді. «Экономикалық жүйе» термині талдаудың әртүрлі деңгейлерінде қолданылады. Бұл мағынада экономикалық жүйе ретінде ең қарапайым құрылымдарды да санауға болады (мысалы, жеке үй шаруашылықтары немесе шаруашылық субъектілер), бірақ бұл термин көп жағдайда макроэкономикалық көзқарас шегінде тұтас ұлттық шаруашылық қызмет ету заңдылықтары қарастырылған кезде қолданылады. Кез келген экономикалық жүйе қоғамдық өндіріс дамуының қандай да бір деңгейін қарастырады, сондықтан әдетте ол екі аспектіде сипатталады: техника – технологиялық – «адам - табиғат» қатынастарын бейнелейді, яғни «өндіргіш күштер» категориясымен бейнеленетін қатынастарды қарастыратын; әлеуметтік – экономикалық – адамдар арасындағы қатынастарды бейнелейтін, «өндірістік қатынастар» категориясымен бейнелетін қатынастарды қамтитын. Құрылымы бойынша өндірістік қатынастар ұйымдық – экономикалық (техникалық - экономикалық) және әлеуметтік – экономикалық деп бөлінеді. Ұйымдық – экономикалық қатынастар адамдар арасында қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға қатысты қалыптасады. Ұйымдастыру формалары болып еңбек бөлінісі, еңбек кооперациясы, өндірістің шоғырлануы (фирмалардың іріленуі), олардың орталықтандырылуы (фирмалардың бірлесуі) болып табылады. Жалпы экономикалық жүйе нақты жағдайда шаруашылық ету тәжірибесінен туындайтын қоғамның ерекше құрылымын бейнелейді.

  • Жүйе» терминінің жалпы мағынасы (гректің systema – бөлшектерден құралған тұтастық) белгілі бір тұтастықты құрайтын, бір – бірімен тығыз байланысқан және қатынаста болатын элементтердің жиынтығы дегенді білдіреді. «Экономикалық жүйе» термині талдаудың әртүрлі деңгейлерінде қолданылады. Бұл мағынада экономикалық жүйе ретінде ең қарапайым құрылымдарды да санауға болады (мысалы, жеке үй шаруашылықтары немесе шаруашылық субъектілер), бірақ бұл термин көп жағдайда макроэкономикалық көзқарас шегінде тұтас ұлттық шаруашылық қызмет ету заңдылықтары қарастырылған кезде қолданылады. Кез келген экономикалық жүйе қоғамдық өндіріс дамуының қандай да бір деңгейін қарастырады, сондықтан әдетте ол екі аспектіде сипатталады: техника – технологиялық – «адам - табиғат» қатынастарын бейнелейді, яғни «өндіргіш күштер» категориясымен бейнеленетін қатынастарды қарастыратын; әлеуметтік – экономикалық – адамдар арасындағы қатынастарды бейнелейтін, «өндірістік қатынастар» категориясымен бейнелетін қатынастарды қамтитын. Құрылымы бойынша өндірістік қатынастар ұйымдық – экономикалық (техникалық - экономикалық) және әлеуметтік – экономикалық деп бөлінеді. Ұйымдық – экономикалық қатынастар адамдар арасында қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға қатысты қалыптасады. Ұйымдастыру формалары болып еңбек бөлінісі, еңбек кооперациясы, өндірістің шоғырлануы (фирмалардың іріленуі), олардың орталықтандырылуы (фирмалардың бірлесуі) болып табылады. Жалпы экономикалық жүйе нақты жағдайда шаруашылық ету тәжірибесінен туындайтын қоғамның ерекше құрылымын бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет