Жаһандану Қазақстанға экономикалық даму үшін көп мүмкіндік береді. Шетел инвесторлары – трансұлттық корпороциялар қаржыны Қазақстан экономикасының негізі – энергетикалық секторға, мұнайгаз саласына салып, экономиканы дамытты. Дүние жүзілік сауда ұйымына Қазақстанның мүше болуы дүние жүзі шаруашылығына ықпалдасуына оң әсерін тигізді. Отандық тауарлардың басқа елдердің нарығына кіруіне жағдай туғызды және еліміздің әлемдік сауда да өз орыны нақты анықтауға мүмкіндік берді. Қазақстан басқа да Орталық Азия мемлекеттері сияқты шикізат елі рөлін бірте – бірте төмендетіп келеді, сөйтіп экономиканы индустриальды – инновациялық бағытта дамытуға бет бұрды.

Жаһанданудың Қазақстан Республикасы үшін жағымсыз тұстары да жоқ емес, оған келесі факторлар қатты ықпал етті: 1) жекешелендірумен және экономиканы либералдандырумен байланысты мемлекеттік меншік өте қысқарды; 2) ашықтығы жағынан республика әлемде алғашқы орындардың бірінде тұр; 3) Қазақстан мемлекеттік меншігі денгейі айтарлықтай жоғары Қытай және Ресей мемлекеттерімен шектескен; 4) Қазақстан геосаяси жағынан Шығыс пен Батыстың түйіскен жерінде орналасқандықтан транзиттік жол, онымен жария тауарлармен қатар есірткі және т.б. тауарларды тасмалдау қауіпі бар; 5) Қазақстанның энергетика ресурстары трансұлттық корпорацияларды өзіне тартады және ол ықпалдасу процесін жеделдетеді; 6) үлкен аумақ және халық санының аздығы; 7) коммуникацияның дамуы, экономиканың индустриалдық сипаты, жұрттың жоғары білімдігі жаһандануды, ықпалдастықты күшейтеді.