«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы


Тұрақты шығындарға жататындар



бет39/63
Дата05.03.2023
өлшемі465,86 Kb.
#71661
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63
Байланысты:
«Ýêîíîìèêà æ?íå áèçíåñ» ï?í³íåí ä?ð³ñ æèíà?û

Тұрақты шығындарға жататындар: кәсіпорынның қызмет жасауын қамтамасыз ету шығындары, қарыз пайыздарын төлеу, салық, аммортизациялық аударым, қорғау ақысы, қамсыздандыру шығыны, өндіріс тоқтаған кездегі құрал-жабдықтарға қызмет жасау шығындары, басқару аппаратының жалақысы т.б. Тұрақты шығындарды кәсіпорын ұзақ мерзім кезеңінде дамуды да бақылай алады. Олар қысқа мерзім кезеңінде де өнім шығару көлеміне байланысты өзгермейді.
Өзгермелі шығындар шығарылған өнім көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Өзгермелі шығынға жататындар: шикізат, материалдар, жұмысшылардың жалақысы, энергия, тасымалдау шығыны, т.б. Кәсіпорын өнім өндіруді көбейту үшін, алдымен сол өнім өсіміне қанша өзгермелі шығын жұмсалатынын есептей білуі қажет. Сол үшін шығындарды өлшеуге (есептеуге) ерекше тәсілдермен ерекше өлшеу белгілерін зерттеп дайындау қажет.
Тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы жалпы өндіріс шығынын құрайды. Оның көлемі өзгермелі шығынның өзгеруіне байланысты.
Кәсіпорын бірлік өнімге жұмсалған шығынды білуі қажет. Сондықтан орта өндіріс шығыны есептеледі. Оның үш түрі бар:

  1. Орта тұрақты шығын. Оны тұрақты шығынды шығарылған өнім көлеміне бөлу арқылы анықтайды.

  2. Орта өзгермелі шығын. Оны өзгермелі шығынды шығарылған өнім көлеміне бөлу арқылы анықтайды.

  3. Орта жалпы шығын. Оны жалпы шығынды шығарылған өнім көлеміне бөлу арқылы анықтайды. Осы орта жалпы шығын бірлік өнім өндіріс шығыны болып есептеледі.

Кәсіпорын барлық уақытта максималды пайда табуға ұмтылады. Сол үшін, ол, өндірістегі өнім көлемін көбейтеді, қосымша өндіріс шығындарын жұмсайды. Осы шығындардың тиімділігін шекті өндіріс шығындары арқылы байқауға болады.
Шекті шығындар (кейде өсімді, маржинальды деп те атайды) қосымша бір бірлік өнімді шығарғанға жұмсалған шығын өсімі. Жоғарыда айтылғандай, тұрақты шығын шығарған өнім көлеміне байланысты өзгермейді. Сондықтан, шекті шығындарды қосымша бірлік өнім шығарғанда жұмсалған шығын өсуі (немесе кемуін) тек өзгермелі шығынмен анықталады. Себебі, ол, өнім шығарудың көлемін бір бірлікке көбейткенде кәсіпорынға қанша шығын жұмсалғанын көрсетеді.
Кәсіпорын өз іс-әрекетінде шығындарды сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы шығындар өнімін шығару үшін өзі өндірмей сырттан алған өнімдерге ақшалай бөлінген шығын. Мысалы: жабдықтаушыларға көрсеткен еңбек қызметі, шикізат, отын, транспорт қызметі, энергия т.с.с. Ішкі шығындар - кәсіпорынның меншігіндегі және өз еркімен пайдаланылған ресурстар шығыны.
Кәсіпорын экономикалық талдау процесінде басқа да өндіріс шығындарының түрін қолданады. Олар: алмастыру (балама) шығыны (немесе жіберілген қате мүмкіншілігінің шығыны), қайтарылмаған шығындар, трансакциялық шығындар т.б.
Кәсіпорынның тәжірибедегі өндіріс шығынын есептегенде және іс-әрекетін талдағанда Батыс және ТМД елдерінде ұқсастық та, ерекшелік те бар. ТМД елдерінің кәсіпорындарында өзіндік құн категориясы кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет