Менеджмент әдістері
Экономикалық
әдісі
Ұйымдастыру
әдісі
Әлеуметтік
әдісі
-насихаттау; моральдық ынталандыру; жұмысшыларды басқаруға тарту; оқыту әдістері
– психологиялық (кадрларды іріктеу және оқыту әдістері; жұмысты ізгілендіру әдістері;
-еңбек ұжымдарын құру этикасы
-Әкімшілік
-Экономикалық
-функцияларды анықтау және
олардың көмегімен жұмысты ұйымдастыру
– өз бетінше әрекет етуге жағдай жасау
– экономикалық ынталандыру жүйесін қалыптастыру
Сурет 2 Менеджмент әдістер.
Менеджмент әдістеріне жеке-жеке ақпарат берсек.Ұйымдастырушылық басқару әдістері – кәсіпорынның міндеттері мен мақсаттарын анықтау және оған жету үшін қолданылатын басқару құралдары. Олардың негізінде минималды шығындарды пайдалана отырып нәтижеге ережелердің жүйесін қалыптастырды.
Экономикалық басқару әдістері- бұл жасанды түрде құрылған жүйелер, олардың шеңберінде және олар арқылы адамдар бір-бірімен өзара әрекеттеседі, жеке және ұжымдық экономикалық мақсаттарды жүзеге асырады.
Әлеуметтік менеджмент әдісі ұйымды басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады, оның пәні адам мінез-құлқының мотивтерін, әлеуметтік қатынастарды және олардың заңдылықтарын көрсететін процестер, персоналды басқарудың әртүрлі деңгейлерінде қабылданған экономикалық және басқа шешімдердің әлеуметтік салдарын талдау және компанияның қызметіне қатысты басқа да салалар.Жалпы менеджмент әдістерін қолдану кезінде мемлекеттің қай саласының оқсап тұрғанын,қай саланың дамуы бойынша басымдықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Менеджмент әдістері мен қатар менеджмет модельдері де мемлекеттегі дамушы саланың бірі болып табылады.Бұл деп отырғанымыз мемлекетіміздің дамуы үшін басқа елдер тәжірбиесін қолдана отырып,мемлекетіміздің экономикасын басқарушылық қасиеттерді дамытуға жол ашады.Әлемде кеңінен қолданылатын 2 менеджмент модельдері бар.Олар Американдық және Жапондық менеджмент модельдері.Бұл 2 модельдерде менеджмент басқару саласында рөлі зор.
Американдық деп аталатын менеджмент модельі-бұл либералды нарықтық капиталистік модель, ол жеке меншіктің басым рөлін қамтиды: нарықтық бәсекелестік механизм, капиталистік мотивация және жоғары деңгей қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуі.Бұл кәсіпкерліктің ерекше рөлі және экономика мен қоғамдағы жеке сектордың басым рөлі, ЖІӨ-ні қайта бөлудегі мемлекеттің салыстырмалы түрде төмен үлесі. Бұл-халықтың жоғары еңбек этикасы, табысқа ұмтылу, көптеген бюрократиялық және мәртебелік кедергілердің болмауы секілді қызметті ұстануында. Американдық әлеуметтік-экономикалық модельдің негізгі белгілері мен ерекшеліктерін екі топқа бөлуге болады: дәстүрлі және экономиканың жаңа келбетін қалыптастыратын. Бірінші топқа американдық экономикалық модельге бұрыннан тән белгілер кіреді, мысалы:
қоғамның және мемлекеттің кәсіпкерлік белсенділікті жан-жақты көтермелеуі, қолайлы кәсіпкерлік ахуал, адамның шығу тегі мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан табысқа жетуге қоғамдық көзқарас;
көптеген басқа дамыған елдерге қарағанда шектеулі, бірақ мемлекеттің экономикаға өте тиімді араласуы.
басқа дамыған елдермен салыстырғанда жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлу деңгейі салыстырмалы түрде төмен-Федералдық арқылы 17-18% - дан аз және шоғырландырылған арқылы 30% - ға жуық;
ең алдымен протестанттық этикаға негізделген жоғары еңбек адамгершілігі: азаматтардың көпшілігінің еңбекқорлығы мен өз күштеріне деген сенімі.
Ал жапондық модельде керісінше бұл жақта топтық,ұйымшылдық секілді басқару жүйесі қалыптасқан. Жапон экономикасы басқа елдерден елдің дамуы үшін қажет нәрсені алу кезінде ұлттық дәстүрлердің сақталуымен сипатталады. Бұл Жапония жағдайында үлкен нәтиже беретін өндірісті басқару және ұйымдастыру жүйелерін құруға мүмкіндік береді.Жапония модельі тарихпен және де мәдениетпен тығыз байланысты екенін, біз олардың кітабы «кайдзен» арқылы білеміз.Жапон халқы қандай жағдай болмасын ел басқару,экономика барлығының жауабын осы кітаппен байланыстырады. Американдық және жапондық модельдердің салыстыру көрсеткіштерін 1 кестеден көре аламыз.
1 кесте Американдық және жапондық модель салыстыру.
Американдық және жапондық менеджмент модельдеріне кестеде сипаттама бердік яғни бұл 2 модельдің де өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері де бар, бірақ осындай модельдерді қолдану экономика менеджмент салаларының жаңа бағытқа әкеліп соғады.Бұл біздің еліміздің де дамуына жаңашылдық пен өзгерістерге жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |