Экономика және қҰҚЫҚ факультеті



бет8/9
Дата19.12.2023
өлшемі112,7 Kb.
#141057
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жеңісова Дильназ 80

Қорытынды

Жұмысымды қорытындылай келе бүгінде мемлекеттік менеджмент ұғымы қоғамда кеңінен тараған ұғым болып есептеледі.Менеджмент - бұл еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымды пайдалана отырып, белгіленген мерзімде алға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған кәсіпорын мен персоналды тиімді басқару. Менеджменттің маңызды міндеті-қолда бар материалдық және адами ресурстар негізінде тұтынушылық сұраныстарды ескере отырып, тауарлар мен қызметтерді өндіруді ұйымдастыру және кәсіпорын қызметінің рентабельділігін және оның нарықтағы тұрақты жағдайын қамтамасыз ету.


Біріншіден менеджмент кез-келген кәсіпорынға қажет, өйткені әр ұйымның немесе компанияның басты мақсаты-өз қызметінен пайда табу.Менеджмент тапсырмаларды нақты орындаушыларды тағайындауға және жағдайдың дамуын бақылауға көмектеседі. Менеджмент басқару жүйесі ретінде жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау процестерін қамтиды. Бұл процестер тиімді өндірісті құруға және қызметкерлердің жұмыс күшін анықтауға мүмкіндік береді.Екіншіден менеджмент-бұл тек пайда әкеліп қана қоймай, ұйым мен оның қызметкерлерін дамытатын тиімді қызметтің негізі. Ұйымдар мен кәсіпорындардың менеджменті олардың барлық қызмет түрлеріне қатысты. Бұл кәсіпорын өндірген тауарларды өткізу нарықтарында бәсекеге қабілеттілікті құру мен қолдаудың кешенді жүйесі.Күнделікті өмірдегі басқару менеджменттің мәні мен әдістері арқылы сипатталады.Ұйымдастырушылық пен тактикалық сонымен қатар стратегиялық пен оперативтік әдістер күнделікті қоғамдағы көріністерді жоспарларлауды нақты мақсатқа жетуге жол ашады.Үшіншіден Қазақстан Республикасында менеджмент пен қатар жүретін ұғым кәсіпкерлік.Кәсіпкерлік мемлекеттегі секторларды дамытуға,мемлекеттік және жеке шағын бизнестер арқылы ел экономикасына пайда әкелу.Қазақстан Республикасының әдеп кодексін негізге ала отыру арқылы,кәсіпкерліктің негізгі нысандарын анықтау болып табылады.Төртіншіден Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару негіздері лауазымды тұлғалардың дәрежелерін көтеруде және де басқару саясатын дұрыс мақсатта қолдануға шақырады.Жалпы басқару біздің елімізде тарих кезеңдерінен бастау алды.Еліміздегі басқарудың дамуы эконономика,менеджмент,маркетинг салаларын толықтай өзгеріске әкелді.Басқарушылық арқылы біз елімізді дамыту бағытында стратегиялық шешімдер түрлі реформалар қабылдай білдік.Бесіншіден бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде өзімізді көрсете алдық.Халықаралық көршілес елдермен келісім шарттар жүргізу арқылы тәжірбие жинақтап еліміздегі басқарушылық қабілеттерді арттырдық.Біздің еліміздің ел болып бой көтеріп жүруінің өзі осыған дәлел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет