Әкімшілдік (ұйымдық құрылым) деп – шектеулі ресурстарды басқаружөніндегі шаруашылық құрылымдарының жауапты қызметкерлерінің міндеттері мен оларға тән заңды құқықтық ережелердің жиынтығын айтады.
Ақпараттық құрылым деп – жоғарыда айтылған құрылымдардың қызметтері туралы дәлелді мәліметтерді жинақтау мен таратуды айтады.
Қаіргі заманның келбеті – терең тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан, сан-қилы экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Оларды жекелеген критерилерде (белгілерді) негізге ала отырып, топтастыруға – яғни классификациялауға болады. Түрлі экономистер қоғамның тарихи даму процесін өздері қабылдаған критерилері арқылы түсіндіреді, сол себепті бұл мәселе жөнінде пікір-таластар бар. Осыған орай, экономикалық жүйені классификациялаудың кейбір түрлеріне тоқталайық.
І. Формациялық көзқарастар тек маркстік теорияға тән. Маркс үш тармақты классификацияның іргетасын қалады.
Ежелгі (көне замандағы) формацияға – алғашқы қауымдық қоғам мен азиаттық өндіріс әдісі жатады.
Бұлардың ішіндегі ең тартымдысы – азиаттық өндіріс әдісі. Оның негізін – ұжымдық меншік арқылы жерге иелік ететін және үй шаруашылықтарында өнеркәсібі қалыптасқан, егіншілікпен айналыатын қауым құрайды, бұл оларға рынокқа бармай-ақ патриархалды шарушылық шеңберінде өздеріне қажет игіліктерді өндіріп, қажеттіктерін толық қанағаттандыруға мүмкіндіктер жасады.
Азиаттық өндіріс көптеген халықтарда өмір сүрді, соның ішінде Азия елдерінде ол ұзақ сақталды (20 ғасырдың бас кезіне дейін). Оның ұзақ өмір сүруінің себебі – диқаншы қауымда алғашқы коммунистік принциптердің орнауына байланысты болды. Екінші,жеке меншікке негізделген құл иеленуші, феодализм, капитализм, К.Маркс туынды формация деп атады.
Үшіншісі, коммунистік формация деп – жеке меншікті жоюға негізделген және екі сатыдан тұратын, оның бастапқы сатысы – социализм өндіріс әдісін айтады.
Формациялық көзқарастар экономикалық жүйелерді бес өндіріс әдісіне, яғни, алғашқы қауымдық, құл иеленуші, феодалдық, капиталистік, коммунистік деп жіктеді.