«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы


Бизнес-жоспардың негізгі тарауларының мазмұны



бет48/58
Дата01.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#70959
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58
Байланысты:
ЭК-лекция

3.Бизнес-жоспардың негізгі тарауларының мазмұны.
Егер сіздің жоспарыңыз фирмадан тыс серіктерге, банкирлерге, инвесторларға және потенциалды тұтынушыларға арналған болса, бұл бөлім ерекше мәнге ие. Олар сізбен бірлесіп қызмет істегенге дейін сізді жақсы білулері және сіз көрсеткен артықшылықтарға сенуі қажет.
А. Фирма
• Сіздің фирмаңыз қалай және қашан құрылды?
• Сіздің фирмаңыздың қызметі қандай (өндіріс, қызмет көр-сету, сауда)?
• Қандай тауарлар/қызмет көрсетулер ұсынасыз?

  • Сіз неге бұл қызметтің табысқа жету мүмкіндігі бар деп ойлайсыз?

  • Сіздің қызметіңіздің даму келешегі қандай? 

В. Қызмет саласы
• Сіз қызметтің қай саласында бәсекелестік күреске түскіңіз келеді?
• Сіздің қызмет салаңыз өмірлік циклдің қай сатысында тұр?
С. Мақсаттар

  • Қандай стратегияны қабылдайсыз?

  • Келесі 2-5 жылда сіздің бизнесіңіздің мақсаттары
    қандай?

Сіз өзіңіздің қызмет салаңызды нақты анықтау мен келешекте қандай даму мүмкіндіктерін беретінін елестету үшін оның сипаттамасын білуіңіз маңызды болып табылады.
Мысалы, аяқ-киім өндіру және сату Қазақстан үшін келешегі бар қызмет саласы болып табылады, сол бір мезгілде темекі саудасы тойымдылыққа жеткен салаға ұқсайды. Жұмыс істегіңіз келетін нарық туралы мүмкіндігінше көп білгеніңіз аса маңызды. Егер сіздің ұсынып отырған нәрсеңіз сатылмаса, онда сіздің бизнесіңіз сәтсіздікке ұшырайды.
Нарықтың негізгі көрсеткіштері
А. Тұтынушылар

  • Сіздің тұтынушыларыңыз кімдер (жасы, материалдық жағдайы, әлеуметтік жағдайы және т.б.)

  • Сіздің тұтынушыларыңызды, сіз ұсынып отырған тауарды / қызметті алуға мәжбүрлеуі мүмкін?

  • Олар жиі-жиі сатып алады ма?

• Олар әдетте қанша ақша жаратады?
•Олар тауарда (қызмет көрсетуде) қандай жаңа сипаттар көргісі келеді?

  • Олар қандай баға төлеуге дайын?

  • Неге олар сіздің тауарыңызды сатып алады деп ойлайсыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет