«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы


Тақырып бойынша қосымша сұрақтары



бет28/58
Дата29.03.2023
өлшемі0,49 Mb.
#77215
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Байланысты:
ЭК-лекция 2

Тақырып бойынша қосымша сұрақтары:
1. Нарық дегеніміз не? Нарық объектілері мен субъектілерін анықтаңдар.
2. Нарық қызметтерін атаңдар.
3. Нарық инфрақұрылымын сипаттаңдар.
4. Нарықтағы «көрінбейтін қол» деп А.Смит нені түсінген?
5. Нарықтың тиімділігі қалай есептеледі?
6. Бәсеке және оның түрлері.
7. Монополия: экономикалық табиғаты және пайда болу себептері.
8. Таза бәсеке нарықтарын сипаттаңдар.
9. Монополияға қарсы реттеу.
10. Әр түрлі нышандар бойынша нарықтың түрлерін атаңдар.
11. Нарық инфрақұрылымының қызметтері Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымының дамуы ?
12. Биржа дегеніміз не?
Тақырып 6. Сұраныс пен ұсыныс теориясы
Дәріс 6. Дәріс-презентация

  1. Сұраныс заңы және сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететін факторлар

  2. Ұсыныс заңы және ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететін факторлар

  3. Нарықтық тепе-теңдік және тепе-теңдік баға түсінгі. Икемділік түсінігі.

Дәрістің мақсаты: сұраныс және ұсыныс ұғымымен танысып, сұраныс және ұсыныс заңдарын талқылау, студенттердің сұрақтарына жауап береді.
Сұраныс икмділігі. Ұсыныс икемділігі. Икемділікке әсер ететін факторлар. Нарықтық экономикадағы баға белгілеу механизмі.
Негізгі ұғымдар: сұраныс, ұсыныс, сұраныс заңдары, ұсыныс заңдары, икемділік, өте икемді сұраныс, өте икемсіз т.б.

    1. Сұраныс заңы және сұраныс қисығы

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс - ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс - төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі.
Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 6.1. графиктегі көлденең осьте - сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).

График 6.1. Сұраныстың қисығы.

График 6.2. Сұраныс қисығының жылжуы.





Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді

Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі, ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді:Оңға-жоғары ( өсуі);Солға-төменге ( азаюы)

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, яғни сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Тұтынушылардың табысы.

  2. Тұтынушылардың саны.

  3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

  4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.

  5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және тапшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет