«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет38/57
Дата01.11.2022
өлшемі0,52 Mb.
#46756
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57
Байланысты:
ЭК-лекция

Номиналды

Нақты



еңбеккердің алған ақша сомасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.



тәуелді



  • Номиналды жалақыға.

  • Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.

10.4.сурет –Нақты және номиналды факторлардың айырмашылығы.




Жалақының негізгі түрлері:

Жұмыс




Бір сағатың

сағат саны

X

ақысы













өндірілген өнім санына
байланысты



Жалақы



Жұмыс
атқарған уақытына байланысты



кесімдік



мерзімдік






өндірілген




әр дананың

өнім саны

Х

ақысы













Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден құралады.
Жалақының формалары



Мерзімді Кесімді


Жай мерзімді

Мерзімді сыйлықты

Тікелей кесімді

Кесімді прогрессивті

Кесімді сыйлықты

Аккордты




Капитал
Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады:

  • өндіргіш капитал - өндіріс құрал – жабдықтары.

  • ақшалай капитал – ақша.

Капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі. Капиталдың өсімі – пайыз деп аталады. Несие пайызы – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие пайызы капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады.
Капиталға деген сұраныс инвестицияның пайдалылығына, экономиканың дамуына, мемлекеттің сұранысына, салым мерзіміне, салым салу саласына, тәуекелге және басқа да факторларға тәуелді.
Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшерілеме болып бөлінеді. Номиналды мөлшерлеме – бұл инфляцияның өсімін есепке алмай, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшерлемесі. Нақтылы мөлшерлеме - номиналды мөлшерлеме мен алдағы болатын инфляцияның өсімі арасындағы айырмашылық. Мысалы:
жылдық номиналды мөлшерлеме – 15%,
алдағы уақытта инфляцияның өсімі – 7 % (жылына)
нақтылы мөлшерлеме (15-7) = 8%


Жер рентасы- жер иелерінің факторлық табысы.
Жер – ауыл шаруашылығының басты өндіріс құралы ғана емес, ол бүкіл адам баласының “кіндік кескен ауылы” және “асырайтын анасы”.
Жер - қоғамдық өндірістің негізі болғанымен оның салаларында әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы, өндеуші өнеркәсіп үшін ол - кәсіпорын орналасатын алаң, ал ауыл шаруашылығы үшін жер әрі еңбек құралы, әрі еңбек заты болып саналады. Еңбек заты дегеніміз – жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп, онда өнім өсіріледі. Ал, еңбек құралы болатын себебі - тұқымды сепкен күннен бастап өнімді өсіру қызметін Жер-ана атқарады.
Жерді иелену және қолданумен байланысты әлеуметтік- экономикалық қатынастарды аграрлы қатынастар деп аталады.Ауыл шаруашылығында басты ӨҚЖ- жер болып табылады.
Жердің өндіріс құрал- жабдығы ретінде ерекшеліктері бар, олар, біріншіден, жердің кеңістік жағынан шектеулілігі, екіншіден, жер адам іс-әрекетінің өнімі емес, табиғаттың жемісі, сондықтан, оның құны жоқ, бірақ табыс әкеледі, сатып алынады және сатылады, яғни бағасы бар. Осы айтылған ерекшеліктерге байланысты жерге деген жердің ұсынысы икемсіз.
Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:

  1. Жердің құнарлылығы;

  2. Жер телімінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет