Аралас экономика Аралас нарықтық экономика дегеніміз не ? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: Аралас экономика өмірдің нашарлауын жалпы суықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Әрі қарай оп : Аралас экономика - бұл нарықпен команда дәстүр элементімен болатын экономика - дейді. Аралас нарықтық экономика теориясының түп тұлғасы болып конвергенция теориясы (авторы - Нидерланд экономикалық мектебінің професоры - экономисы Ян Тимберген) және жаңа индустриялды қоғам теориясы (авторы Гарвард институтының профессор экономисі Джон Кеннет - Гэльбрейт) жатады. Джон Гэльбрейт жаңа индустриялды қоғамды аралас экономиканың ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нарықтық және жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан.
Дәстүрлі экономика Дәстүрлі экономика тұйықталған оқшауланған шаруашылыкка негізделеді. Өткен кезендердегі негізгі экономикалық проблемалар ырықсыз, сезім жетегінде шешілетін. Көптеген экономикасы нашар дамыған елдерде күні бүгінге дейін дәстүрлі немесе әдет - ғұрыпқа негізделген экономикалық жүйелер қолданылып келеді. Нені? Қалай және кім үшін өндіру керек ? Бұл проблемалар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған дәстүрлі салт бойынша белгіленеді. Мұнда Құрал жабдықтар мен техниканы пайдалану айырбастау ендірілген өнімді бөлу ұзақ мерзім құрметтеліп келген әдетке негізделген. Әрбір адамның экономикалық ролін өз шыққан тегіне тартушылық және қоғамның ерекше топтары анықтайды. Бұл жүйе экономикалық өмірге әр түрлі техникалық және басқару жаңалықтарын енгізуді қатал шектейді. Себебі олар калыптасқан дәстүрмен қайшылыққа түседі және қоғамдық құрылыстың тұрақтылығына қауіп төндіреді. Экономиканың осы түрі бұрынғыға қарағанда Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.
3. Экономикалық ресурстар және олардың жіктелуі. Өндіріс факторлары Экономикалық ресурстар – өндірісті қамтамасыз ету көздері, құралдары деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы.
Өндіріс факторы дегеніміз - тауарларды немесе қызметтерді жасауға керек экономикалық ресурстар.