Экономика және оның қоғамдағы рөлі Экономика



бет1/47
Дата17.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57857
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Экономика ответ


  1. Экономика және оның қоғамдағы рөлі

Экономика (гр. Οικονομία — үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.

  • Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.

  • Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.

  • Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады.

Казіргі уакытта экономика кен көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістін әр саласы, қаражат-акша айналысы, т.б. байланысты айтылады.
Өзекті сөздер: экономика,экономикалық даму жолы, өндіріс, нарық, ұсыныс, сұраныс.
«Экономика» деген сөз алғашкы ұғымында отбасы шаруашылығын білдіргең.Біздер экономиканы кен көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз.
Өндіріс — қоғамнын өмір сүруіне және дамуына қажетті материалдық игілікті жасайтын проиесс. Жұмысшы күші -өндірістің адамдық факторы, ал өндіріс құралы — заттық фактор. Бұл факторлар өзінен-өзі ештеңе де өндірмейді. Тек оларды біріктіру ғана игілікті шығаруға жағдай жасайды, яғни өндірісті іске асырады. Жұмысшы күші, еңбек құралы мен еңбек тәсілінің арасында күрделі қатынас жүйесі пайдаболады. Бұл қатынас пен адамның еңбек құралына әсеретуінің тәсілін технология дейміз.
Аталған факторлардың күрделі бірлікте өмір сүруі, адамдардың еңбекке катыпасуы өндірісті ұйымдастырумен қамтамасыз етіледі.
Өндіргіш күш – коғамдык өндірістің жетекші саласы. Бұл қоғамның табиғатка қатынасын көрсетеді.
Өндіріс процесінле адамдар сонымем қатар өзара қатынаста болады, яғни өндіріс қатынасына енеді. Бұл да күрделі жүйе. Оған меншік қатынасы да, өндіріс шығаратын өнімді бөлу, алмастыру және тұтыну да жатады. Тұтыну өндіріске байланысты.
Материалдык игілікті шығару адам қоғамының материалдык негізін күрайды. Ол үздіксіз жүріп жатуы тиіс.
Қоғамнын XX ғасырдағы дамуы экономикалық өмірді ұйымдастырудын екі жолы бар екенің көрсетті. Оның біріншісі — нарықтық экономика, екіншісі — жоспарлы-әкімшілдік экономика.
Бұлар экономикалық қатынасты әртүрлі жолдармен шешеді: өнімді қанша көлемде шығару кереқ коғамдык өндіріс жүйесіндегі және өнімді белудегі адамның орны және оның адамгершілік құндылығы.
Нарықтык экономикада бұл қатынастарды нарық реттейді (өнімді шығару, тұтыну, болу, оған сұраныс, т.б.) Нарық – тауарды бөлу саласы. Күнделікті өмірде сауда жүретін орындарды да (базар, жәрменке) нарық дейді. Алайда нарықты басқаша түсінуіміз кереқ Нарық – өнім шығарушылар мен өнімді тұтынушылардын, сұраным мен ұсыныстын арасындағы қатынас олардын өзара тығыз байланысы.
Нарық адамдарды тиімді еңбек етуге, ынталылыкқа бағыттайды. Нарықтык экономика ғылыми-техникалық прогресті, өнім өндірушілердің өзара бәсекелесуін және тұтынушылар үшін бәсеке күресін де өрістетеді.
Экономикалық тауар ғана жасамайды, соны-мен катар дербестік алып, өзара бәсекеге түскен тауар өндірушілер жасайды.
Экономика қатынас көпкырлы экономикалық қатынасты ғана емес, сонымен катар қоғамның саяси-әлеуметтіқ рухани өмірін де камтиды. Нарық – экономикалық өмірді демократия-ландырудын негізі.
Тұжырымдап айтқанда, нарықтык қатынастың экономикалық негізі – меншікті мемлекеттен ажыратып, көп түрлі меншікті қалыптастыру. Сонымен қатартауар ендірушілердін дербестігі, өнімді тұтынушылардын белсенділігі, сұраным мен ұсыныстың арта түсуі. Бұл процестердің бәрі аймақтың, елдің немесе дүние жүзі көлемінде іске асырылады. Бүған дәлел нарықтык қатынаста өмір сүруші дамыған елдердің экономикалық және саяси өмірі. Олай болса нарықтык қатынас — ғаламдык проблема. Казір дүнис жүзі елдері арасында осы саладағы жарыс қарқын алды (кім көп шығарады, сапалы шығарады, көп таратады, т.б.).
Жоспарлы-әкімшілдік экономикада өнімді өндіру мен бөлу орталық баскару (өкімет) органдарының билігінде болып келді. Тауарды өндірушілер мемлекеттік жоспарды міндетті түрде орындайды. Қайсы бір уакыттарда ол өнімді тұтынушылар қажет етпейді.
Экономикада ұсынысты мемлекет реттемейді (өнім шығарушылар қанша шығарам десе де ерікті), сұранымды да ешкім реттемейді (сатыпалушылар өзіне не кереқ керектігін дербес шешеді). Ендігі мәселе – баға. Бағаны да сырттан ешкім реттемейді. Оны ұсынысқа және сұранымға сәйкес өнімді шығарушының өзі шешеді. Сонымен, ұсыныс пен сұраным теңдестіріледі. Осы белгілерге карай халық шаруашылығын нарық реттейді.
Экономикалық қатынастың өзіне тән объективтік-экономикалық екі заны бар: баға заны, ұсыныс және сұраным заңы. Біріншісі – орта бағаны қалыптастырады, екіншісі- нарықта пайда болатын акша мен тауардын қатынасын анықтайды.
Тауар нарықка (базарға, жәрмеңкеге, екінші бір тұтынушыға, мемлекетке, не баска өндіріске) түскеннен кейін онын бағасы акшамен өлшенеді, оны тауардын бағасы дейміз.
Алайда тауардың ақшалай көрініс тапкан бағасы оның нағыз бағасы емес. Бұл баға тауардың құнынан жоғары немесе төмен болуы мүмкің. Бұл сұраным мен ұсынысқа байланысты. Егер де сұраным ұсыныстан жоғары болса (алушылар көп, бірақ тауар аз) -тауардың бағасы жоғары болады. Ал ұсыныс сұранымнан жоғары болса, онда баға төмендейді.
Тауар құнының мөлшеріндегі алшактық тауар өндірушінің іс-әрекетіне әсер етеді. Егер баға жоғары болса табыс көп, ал баға төмен болса табыс аз болады. Мысалы, жеміс-жидекке баға өссе, онын өнімі тиімді, ол өнімді көп алуға итермелейді. Ал сұраным артпаса, баға төмендейді. Демеқ сұраным да, ұсыныс та бағамы реттейді. Тауар өндіруші тиімді көп шығару жолын іздейді.
Сонымен нарық- өндірісті реттеуші, ол баға аркылы, не шығару, оны қанша көлемде шығару қажеттігі туралы хабар беріп тұрады. Нарықтың ыкпалды әсері мұнымен ғана шектелмейді. Оның толық әсерін білу үшін тауардың өзіндік құнынын қаншаға түсетінін аныктап білу қажет. Кұн — тауардын заттандырылған бағасы. Кез келген тауарда бір ғана емес, көптеген өндірушілердің еңбегі бар. Бұған да түсінік берейіқ.
Мысалы, киім фабрикасы бір топ көйлек шығарды деліқ. Осы көйлектерде тігіншілердің ғана енбегі емес, сонымен катар сол көйлек тігілген матаны, ілгекті, баска да материалдарды (айталық электр энергиясы.т.б.) шығарушылардын да еңбегі бар.
Екінші сөзбен айтқанда, жаңа баға ғана емес, тігіншілердің еңбегімен келген, сонымен қатар бұрын шығарылған заттардын да (шикізат, электр шығыны, машинаны пайдалану) шығыны, онын тозу шығынының бағасы – кұны бар. Фабрика жанадан көйлек шығару үшін алғашкы шығарылған көйлектерді сатуы кереқ алынған пайдаға жана мата, басқа да материалдар алып, машиналарды жөндеп, қажет болса жаңасын алып, сонымен қатар жұмысшыларға жалақы төлеуі кереқ.
Мысалы, тігілген көйлектердің жалпы бағасы 200 мың тенге дейіқ Оның 100 мыңы шикізат материалдарын (яғни олардың құны) пайдалануға кеткені. Елю мыңы — тауардың бағасы және оған жұмсалған кызметке төленген немесе жұмысшылардын және олардың отбасының құнделікті емір сүруіне, яғни олардын еңбегімен жасалған, жалакы есебінде берілген бағасы. Ал қалған 50 мыны? Бұл – жаңа жасалынған күн — баға, фабриканын таза пайдасы.
Нарықта сұраным ұсыныстан жоғары болса, баға өз құнынан төмен болады. Егер де сол шығарылған көйлектерді 150 мын теңгеге сатса, онда пайда болмайды. Алынған қаржы кеткен.
Баска жолмен пайда табуға бола ма? Болады. Мысалы, көйлектерді тігуге кететін материалдарды үнемдеу кереқ Егер де онын құны 20 мыңға кемісе, онда пайда да 20 мыңға өседі. Екінші жолы – ецбектің өнімділігін арттыру (басқалармен салыстырғанда).
Ол үшін — жана машиналарды пайдалану қажет. Соньщ нәтижесінде тігілетін көйлектің санын екі есе көбейтсе және орташа бағамен сатса, онда 400 мын теңге алуға болады. Сонда оның 200 мыңы өндірістің шығынын өтеуге, 50 мыңы жалакы төлеуге кетеді, ал 150 мыны таза пайда болып калады.
Бұдан шығатын қорытынды — шаруашылыюың тигмсіздігін азайту, техниканы дамыту, еңбек өнімділігін арттыру кереқ.
Істі тиімсіз жүргізу, еңбек өнімділігінін төмендігі өндірісті ұйымдастырудың қажетсіздігіне апарып соғады (пайда төмен) немесе түбінде токтатады (банкротка ұшыратады).
Жоспарлы экономикадада өндіріс осылай ұйымдастырылған жок па еді деген , сұрақтууы мүмкің Ол дұрыс.
Айырмашылық мынада — ол кезде өндірістің дербестігі болмады, екі жүз мың теңгенің көйлегі өтсе де, өтпесе де, фабрика оны жоспар бойынша кайталап шығара беретің. Шығынға (айталық 50 мың тенге) ұшыраса, оны мемлекет теледі.
Сондыктан фабрика ештеңеден кам жемейді, еңбек өнімділігін арттыруға, шикізатты кемітуге ынталанбайды. Ал нарықка еткен елдерде онын шығынын ешкім өтемейді, пайда таппайтын, шығынын өтей алмайтын зауыт та, фабрика да тарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет