Экономикалық ғылымның даму кезеңдері



Дата15.11.2022
өлшемі22,53 Kb.
#50422
Байланысты:
1 практика


Экономикалық ғылымның даму кезеңдері

  1. Экономикалық теорияның даму кезеңдері. Жалпы экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Алғашқы қауым адамдарының өндіріс, айырбас, тіршілік игіліктерін бөлу және тұтыну қатынастары жөнінде белгілі бір түсініктері болған. Олардың алғашқы қауымдық қоғамының экономикасын құрайтын құбылыстар туралы пікірлері әртүрлі уағызбен тәртіп ережелерінде рәсімделген. Бұл жөнінде бізге дейін өмір сүрген Египет папирустары, ежелгі үнді Ведалары, Хаммурапи патшаның заңдарында көрсетілген. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ғалымдардың еңбектерінде баяндалады. Көп ғасырлар бойы «Экономия» сөзі үй шаруашылығын жүргізу деген ұғымды қарастырған. Сонымен қатар феодалдық бытыраңқылықты жеңу, орталықтандырылған мемлекетердің бірлесуі үй шаруашылығын жүргізу ережелері емес, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерін анықтауын қажет етті. Осыған байланысты экономия сөзі жаңа мәнге ие болды, яғни саяси экономия.

Саяси экономия ұғымын ғылымға алған енгізген А. Монкретьян болды. 1615 жылы А. Монкретьяннің «Саяси экономия трактаты» атты еңбегі жарық көрді.
МЕРКАНТИЛИЗМ
(Барлық сыртқы сауда жасау нәтежиесінде жинақталады. Зерттеу мақсаты- айналыс аясы)

ФИЗИОКРАТИЗМ
(Өндіріс аясын зерттеу)

КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯ
(Қоғамның барлық топтарының табыс көздерін анықтау)
↓ ↓
МАРКСИЗМ МАРЖИНАЛИЗМ
(Қосымша құн теориясы. Қоғамның барлық (Экономикалық категорияларды
экономикалық құбылыстары зерттеу үшін шекті шаманы пайдалану)
талдауының классикалық тәсілдері)

НЕОКЛАССИКАЛЫҚ МЕКТЕП
(Классикалық саяси экономияның идеяларын қазіргі қолдампаздық тұжырымдамалар шеңберінде көрсететін экономикалық ой-пікір бағыты)

КЕЙНСИАНДЫҚ МЕКТЕП
(Реттемелі экономика теориясы - мемлекеттің араласуы)

ИНСТИТУЦИОНАЛИЗМ
(Экономикалық дамудың сипаттамасы, нарық бөлігі болып табылатын эконмикалық институттардың жүйесі)

  1. Экономикалық заң дегеніміз қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Қоғамның даму заңдарының — экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады. Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни,олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтарын айта кететін болсақ. Экономикалық заңдар адамдардын іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді. Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшілігі), олар мәңгілік, ұзак мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады. Экономикалық заңдарды ашып қолдану адамдардан белгілі күш салып тырысуды тілейді, өйткені қоғамдағы реакцияшыл, керітартпа күштер осы заңдарды қолданып пайдалануға жол бермеуге бар күшін жұмсайды. Экономикалық заңдар объективтік сипатта болады. Осыған байланысты сұрақ туады — адамдар осы заңдарды талдап, танып біліп экономикалық өмірде пайдалана алама? Сөзсіз, адамдар экономикалық құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып олардың даму заңдарын ашып, әрекет ету механизімін түсініп біледі. Қоғам саналы түрде осы заңдардың талабын жүзеге асырады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономиқалық категорияларды зерттейді.

Экономикалық категориялар - қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б. Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдіс қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателікті барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды. Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топта бөледі.
3. Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:
1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.
2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.
4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.
5. Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.


4.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет