Қазақстан республикасында экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мәселелері.
Қазақстанның өтпелі экономикасы үшін Жапония мен Оңтүстік Кореяның өнеркәсіптерінің құрылымдық қайта құру тәжірибелері өте маңызды.
Өндірісті құрылымдық тұрғыдан қайта құрудың оңтүстік Кореялық моделіне сүйене отырып, салалардың басыңқы бағыттарының алты критериі қолданылады:
Саланың экономикалық әлеуеті бағаланады, яғни ұлттық экономиканың салыстырмалы артықшылығына сүйеніп, тезірек экспортты қарқындату мүмкіндігі.
Ішкі нарықта сала өніміне сұраныстың өсуі.
Осы саланың дамуы елдің ең жоғары индустриальды стадиясына жетуге сәйкес келуі тиіс.
Салалар дамуы олардың шикізат пен энергия импортына аз көлемде тәуелді болуы керек.
Елдің сауда балансында тапшылықты аз мөлшерге дейін қысқарту мүмкіндіктерене баға беру.
Басым бағыттағы сала дамуы қаншалықты жағымды эффект беруге қабілетті болып, сонымен қатар экономиканың басқа сектор мен саласындағы өндіріс тиімділігін қамтамасыз етуі қажет.
Аталған критерийлерді талдаудан кейін таңдап алынған саланы жеделдете дамыту жоспарын құруға кіріседі.
Осы мақсаттарға әлемдік тәжірибе көрсеткендей инвестиция көздеріне мыналар жатады:
халық жинақтарын банктермен, мемлекетпен бүтіндей, жартылай емес, қорғау кепілдіктері негізінде тарту;
шикізат экспортынан табыс пен ұлттық қорды құру;
тікелей және портфельді шетел инвестицияларын тарту;
кәсіпорынның шетел капиталымен бірлескен кәсіпорындар құру.
«Қазақстан –2030» стратегиясы»
Бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты – Қазақстан республикасының жоғары индустриальды дамуға қол жеткізуді және дамушы елдер қатарынан, қазіргі «азиялық жолбарыстары» деп аталатын Оңтүстік Корея, Малайзия, Бруней, Сингапур, Тайвань сияқты Азияның гүлденген индустриальды елдер қатарына өтуін жүзеге асыру. Осы мақсатқа жетудегі жолдар:
Бизнестің барлық төрт деңгейінде: өтпелі экономиканың барлық сфераларында ғылыми-техникалық жетістіктердің ашу мен енгізу жолдарында ішкі және сыртқы мемлекетаралық кәсіпкерлік қызметтің (шағын, орта, ірі және мемлекеттік) қалыптастыру мен ынталандыру саясатын жалғастыру.
Экономикада салалық, құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру.
Қазақстан ғалымдары атап көрсеткендей, Қазақстанда өз уақытында жүргізілген индустриализация – ірі экономикалық іс-әрекет қалыптастыруға жол ашты. Бірақ та, республикадағы индустриализация процесінің өзі, егер оны экономикалық техникалық құрылымының өзгерістерімен байланыстырғанда - ол аяқталады, оның себептері:
технологиялық базистің үштен екісі төменгі ескішеге негізделген алғашқы машиналы технологияларды құрайды;
автоматтандырылған және кешенді механикаландырылған өндіріс техникалық базистің үштен бірін құрайды;
кибернетикалық техника мен ақпараттық технология технологиялық базисте жекеленген ошақтармен берілген.
1997 жылдың қараша айындағы ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық қорытындының шығарылуы, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асыруға көзделген жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |