СӨЖ тапсырмалары. Кəсіпкерлік құқықтың түсінігі жəне құқық жүйесінде алатын орны
Кəсіпкерлік құқықтың пəні, реттеу əдісі жəне жүйесі
Кəсіпкерлік құқықтың қағидалары
Кəсіпкерлік құқықтық қатынастар
Кəсіпорынның дəрменсіздігін (банкроттықты) құқықтық реттеу
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Оспанов К. Құқық негіздері. Алматы., Жеті жарғы. 2018
2. Биболаева М.Б., Ғ.С., Жаманқараева, Қ.Т.Жұманова «Құқық және экономика негіздері» пәнінен студенттің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент 2019
№5 Практикалық сабақтың тақырыбы:
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. 1.Әкімшілік құқықтық қатынастар.
2.Атқарушы биліктің органдары. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
Сабақтың өту түрі– практикалық сабақ - Сұрақ-жауап, таратпа материалдармен жұмыс Әдістемелік нұсқаулар Оқытушы алдымен сабақты презентация ретінде дайындап әкімшілік құқықтың қағидаларын, әкімшілік құқық субъектілері мен объектілерін, түсінігі және олардың түрлерін студенттерге кеңінен талдап түсіндіруі қажет. Студенттерді екі топқа бөліп және олардың арасынан бір сарапшы тағайындап сабақты ұйымдастыру қажет. Екі топқа бөлінген студенттер карточка арқылы даярлаған Әкімшілік құқықтық қатынастың түрлері қандай? Әкімшілік мәжбүрлеу шарасы дегеніміз не? Әкімшілік жазаның ерекшеліктері, Абайсызда жасалған құқық бұзушылық деген не? Қазақстан Республикасының әкімшілік юрисдикциясынан иммунитетпен пайдаланатын шет ел азаматтарының жауаптылығы туралы мәселе қалай шешіледі? т.б. сұрақтарға жауап береді. Сарапшы студент сол аралықта «Тәртіп орнат» қағидасы бойынша Глоссарий сөздердің сұрақтары мен жауаптарын шатастырылған түрінен дұрыс жауабын тауып орнына қояды және екі топқа бөлініп сұраққа жауап берген студенттерге өз пікірін айтады. Әкімшілік құқық экономикалық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси құрылысқа басшылық жасау туралы мемлекеттік басқарудың міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобына ғана ерекше көңіл аудара отырып, арнайы бағыттау арқылы өзінің реттеушілік ықпалын тигізеді. Сонымен бірге бұл қоғамдық қатынастар мемлекеттік басқару органдарының басқару функцияларын жүзеге асыру барысында пайда болады.Сонымен, әкімшілік құқықтың пәнін шын мәнісінде басқарушылық қоғамдық қатынастар құрайды. Реттелінетін қатынастардың барлық қатысушылары үшін заңды түрде міндетті болып табылатын әкімшілік құқық нормаларында бекітілген мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындау жолымен мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылуына сипаттама беріп, оқытушы оның маңыздылығын ашып, олардың ерекшелігін көрсетуі тиіс. Оқытушы көрнекілік құрал ретінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерді және жаңадан шыққан заңдарды, ҚР президентінің Жолдауларын пайдалану.