Әдістеменің мақсаты:
Оқу пәнін оқыту мақсаты қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқутыдың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси - құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.
Әдістеменің міндеттері: Пәнді оқудың негізгі міндеті студент негізгі материалды меңгереді, проблемалық оқыту негізінде студенттерге ойлау қабілетін қалыптастырп, қоғамдық тәртіпті сақтауды және оның құндылығын ұғындыру.
Студенттер
-құқықтың қайнар көзімен жұмыс істеуді;
-библиографиялық тізім жасауды;
-баяндамалар жасауды;
-жазба жұмыстарды жазуды;
-рецензия жасауды;
-құқықтық снананың қалыптасуын;
-құқық салаларының теориялық ерекшеліктерін игереді.
«Эко жүйе және құқық» пәнінен семинар жүргізуге арналған әдістердің біріне тоқталайық.
Осы курсты игерген соң, тыңдаушы не білуі қажет:
Эко жүйе және құқық теориялық және тәжірибелік негіздерін;
моральдың, ізгіліктің негізгі ұғымдарын, ережелерін, олардың
функцияларын және категорияларын;
құқық негізінің негізгі қайнар көзін;
құқық саласының кәсіби қызметінің ізгілікті аспектілерін;
Тыңдаушы не істей алуы тиіс:
Тәжірибеде құқық негізінің теориялық-әдістемелік негіздерін қолдану білу;
жанжалды талдай алу, оларды дұрыс шеше білу;
уақытында жанжал жағдайларының пайда болуының алдын алу;
кәсіби міндеттерді орындау сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында моральдық реттеу тәсілдерін қолдана алу;
Аталған курсты оқудың негізгі түрлері: дәріс, студенттің өзіндік жұмыстары, тәжірибе сабақтары (тренингтер, жағдаяттарды талдау. Тәжірибелік тапсырмаларды орындау және т.б.).
Әдеттегідей, дәріс сабақтары курстың негізгі тақырыптары бойыша өткізіледі. Семинар және тәжірибе сабақтары білім алушылардың біліміне және оқу орнының білім берудің нақты міндеттеріне байланысты таңдап алынады.
Курсты оқып-үйренген соң, тыңдаушылар емтихан тапсырады.