Экономикалыќ теорияныѕ пјні жјне јдіс-тјсілдері


Пікір білдірушілер: э.ғ.к.,«Экономикалық теория» кафедрасының доценті Утемисова Г.Т



бет2/124
Дата17.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#116932
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Байланысты:
3.МУ по практ общий предмет.Экосистема

Пікір білдірушілер:

э.ғ.к.,«Экономикалық теория» кафедрасының доценті Утемисова Г.Т.


э.ғ.к., «Экономика» кафедрасының доценті Абдикеримова Г.И.
«Экономикалық теория» кафедрасының (хаттама № __, «___» _____ 20___ ж.), «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің оқытудың инновациялық технологиялары бойынша және әдістемелік қамтамасыз ету комитетінің мәжілісінде талқыланып, баспаға ұсынылды (хаттама №__ « » 2021 ж.)
М. Әуезов атындағы ОҚМУ – нің Оқу әдістемелік Кеңесімен баспадан шығаруға ұсынылған, хаттама № ____, «___» ___________ 20___ ж.
© М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ 2021

Баспаға шығаруға жауапты Абишова А.У.


Мазмұны

Кіріспе
І.Модуль. ЭКОЖҮЙЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ


1Тақырып Экономика негіздері және зерттеу әдістері
2Тақырып Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
3 Тақырып Меншік және экономикалық жүйе
4 Тақырып Қоғамдық өндіріс нысандары.
5 Тақырып Фирма және кәсіпкерлік теориясы. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табыстары.
6 Тақырып Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы және нәтижелерді өлшеу.
7 Тақырып Экономиканы мемлекеттік реттеу.
II Модуль. ИНТЕГРАЛДЫҚ МОДУЛЬ. ТҰРАҚТЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
8 Тақырып Тұрақты даму және оның мақсаттары

  1. Экономиканың тұрақты дамуы және макроэкономикалық мақсаттар

9 Тақырып Қоғам дамуының құқықтық аспектілері

  1. Қазақтан және Орталық Азия экономикалық қауіпсіздігі

10 Тақырып Жаһандану жағдайындағы кәсіпкерліктің рөлі

  1. Жаһандану жағдайындағы кәсіпкерлік және экономикалық өсу

11 Тақырып Жасыл экономика

  1. Жасыл экономика-ҚР-дағы шынайылық пен перспективалар

12 Тақырып Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.

  1. Табиғатты пайдалану экономикасының пәні, міндеттері мен мәселелері.

13 Тақырып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қоғам.

  1. Көлеңкелі экономика.

14 Тақырып Цифрлық Қазақстан.

  1. Қазақстанда цифрлық экономиканы дамыту

15 Тақырып Пандемиядан кейінгі кезеңде қоғамды қайта жүктеу

  1. Әлемдік экономиканы пандемиядан кейінгі қалпына келтіру стратегиясы

Кіріспе



«Экожүйе және құқық» курсы барлық мамандықтар мен дайындық бағыттарында жүргізілетін базалық пән болып табылады. Аталған пән студенттерге экономика жүйе ретінде екендігін, негізгі түсініктері, экономикалық дамыдың категориялары, заңдары жайында мәлімет береді. Бұл өз бетінше ойлай білетін және жауапты шешім қабылдай алатын экономикалық білімді мамандықтарды тәрбиелеуге әсер етеді.
«Экожүйе және құқық» пәнінің мақсаты - білім алушыларда экономика және құқық саласында құзыреттерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін, сондай-ақ кәсіпкерлік дағдыларын, көшбасшылық, инновацияларды қабылдау қабілеттерін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері экономика бағыты бойынша мыналар болып табылады:
- шектеулі ресурстар жағдайында адамның экономикалық мінез-құлқының қағидаттары мен себептерін қарау;
-нарықтық экономика жөніндегі біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;
-өндіріс, материалдық көмектерді бөлу мен қолданудағы және шектеулі ресурстар әлеміндегі адамдар әрекетін түсіндіру;
-көптеген микро және макрокөрсеткіштер есебіндегі теория мен тәжірибесін меңгеруге көмек көрсету;
-экономикалық ойлау стилін қалыптастыру.
«Экожүйе және құқық» курсынан алған теориялық білімдерін бекіту үшін әдістемелік нұсқауда тапсырмалар берілген, сонымен қатар студенттерге нақты жағдайларды шешуге және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кейбір тапсырмалардың орындау үлгілері де көрсетіледі.
Семинар сабақтары мамандықтардың оқу жоспарында көрсетілген әр пәнге бөлінген сағаттар бойынша жүргізіледі.
Семинар сабағының айырықша міндеті – лекцияны тыңдау нәтижесін және қажетті әдебиеттермен жұмыс істегеннен кейін әрбір тақырыптың сұрақтары бойынша студент білімін тереңдетіп, оны жете меңгеруге тиісті; жоғары оқу орнында осы пәннен алған білімін оны бітіргеннен кейін де толықтырып, жетілдіруге тиісті; семестр бойынша студенттердің өз бетінше ізденіп, семинарға дайындалғанына жүйелі бақылау жасау қажет.
Семинар сабағы оқытушы және студент үшін де оқу процесінің күрделі және қиын формасы болып табылады. Семинар сабағын жүргізу барысында оқытушы студенттің жауабына дұрыс көңіл бөліп, уақтысында шешім қабылдап, студенттердің белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Семинар сабағының белсенді түрде өтуі оны дұрыс ұйымдастыра алуына, топтың дайындығына тікелей байланысты.
Семинар сабағын жүргізу мен ұйымдастыру келесідегідей талаптарды қойылады:

  • семинар сабағы пәннің оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылып өткізіледі;

  • семинар сабағы студенттердің академиялық топтық құрамымен өткізіледі;

  • семинар сабағы әдістемелік ұсыныстармен қамтамасыз етілуі керек;

  • семинар сабағын қажетті оқулықтармен, ақпараттық-анықтама әдебиеттермен қамтамасыз етілуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет