Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын жетілдіру. 1.Тәртіп жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері.
2.Әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері..
Әдістемелік нұсқаулар Оқытушы семинар сабағын ұйымдастыруда сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидаларының терең мазмұнын ашып студенттерге түсіндірген жөн. Сыбайлас жемқорлық қағидалар туралы сипаттама беріп сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтары туралы заңдарды талдаған дұрыс. Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдар, сондай-ақ оларға теңес-тірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкін-діктерді пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көздел-меген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Оқытушы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы жаңалықтарды, жаңа заңдарды студенттерге жеткізіп, пікір алмасу керек.
Бақылау сұрақтары:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты мен міндеттері
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін жауапкершілік
СӨЖ:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға белсенді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды алға тарту сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті күшейтуге мүмкіндік беруі
Заңның үстемдік құруы және құқықтық мемлекет
. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 1. Оспанов К. Құқық негіздері. Алматы., Жеті жарғы. 2018
2. Биболаева М.Б., Ғ.С., Жаманқараева, Қ.Т.Жұманова «Құқық және экономика негіздері» пәнінен студенттің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент 2019
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ.