Тақырып бойынша қысқаша теориялық мәліметтер «Экожүйе және құқық» пәнінен қысқаша дәріс жинағында берілген.
Үйде орындауға арналған тапсырмалар (Рефератты қорғау және дайындық тақырыптары): 1. Қазақстандағы салық қызметі
2. Қазақстандағы әлеуметтік қорғау: жай-күйі және келешегі
3. Салық салудың экономикаға және әлеуметтік салаға әсері.
Аудиторияда талқылауға арналған қосымша сұрақтар: Қазақстан Республикасының салық және фискальды саясаты.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты: қажеттілігі
Аймақтық саясаты.
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың әдістері мен құралдары.
Қазақстан Республикасының аймақтық дамуының жағдайы мен болашағы.
Аудиторияда студенттерге берілетін жазбаша тапсырмалар: Тапсырма1 Төмендегілердің қайсысы мемлекеттік бюджеттің шағындарына және қайсысы табыстарына жатады?
1. Қорғаныс шығындары.
2.Әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру.
3. Акциздік жинаулар.
4. Шетелдерге көмек.
5. Мемлекеттік облигацияларды шығарудан түскен қаржы.
6. Мемлекеттік қарызға қызмет ету.
8. Сеньораж.
9.Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу.
10.Шағын бизнесті қолдау.
11.Жеке табыс салғы.
12.Кеден бажы.
13.Әлеуметтік қамтамасыз етуге фирма жарналары.
14.Әскерді ұстау.
15.Мемлекеттк қызметкерлерді жалақы төлеу.
Тапсырма2 Фирма 5,7 мың теңгеге жазу машинасын алып, оны жалға бермекші. Ол оған теңдей емес сомада таза табыс алып келеді: 1-жылы—2мың теңге; 2-жылы—1,5мың теңге; 3-жылы—1,8 мың теңге;4-жылы—2мың теңге. Егер банк пайызы -10% болса, фирмаға осы бағада жазу машинасын алу тиімді ме?
Тест сұрақтарына жауап беру: 1.Фискальді саясаттың түрлеріне жатпайтындар: А) Салықтық
В) Мүдделендіруші
С) Дискрециялық емес
D) Автоматтық
E) Дискрециялық