Байланысты: 3.МУ по практ общий предмет.Экосистема
Бақылау сұрақтары Төтенше жағдайлардың жіктелуі
Авария дегеніміз не?
Апат дегеніміз не?
№2 Практикалық сабақ Жер сілкінісінің жіктелуі. Жер сілкінісінің күшін өлшеу шкаласы. Жұмысшылар мен халықтың жер сілкінісі кезіндегі әрекеттері
Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады. Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады. Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады. Осындай толқындар көлемді(жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі (жердің үстіңгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрлі болады. Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады. Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады. Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі.
№ 1 ЕСЕП
Зақымдау факторларының өлшемдері азаматтық қорғаныстың жоғарғы орындарымен беріледі. Егер мұндай факторлар болмаса, онда зақымдаушы факторлар есеп жолымен анықталады. Мұндай деректердің жоқ кезінде объектінің сипаты және қарастырылмаған қираудың дәрежесі әр түрлі дискреттік мәндердің жер сілкіну қарқындылығы немесе ядролық жарылыстың ауадағы соққы толқынының артық қысымы арқылы (∆Рф) анықталады. Олар ғимараттарда әлсіз, орташа және қатты қирауларды туғызады. Болжам түрінде келесі мәндер (балл түрінде) У, УІ, УІІІ, ІХ немесе (∆Рф) (кПа) - 10, 20, 30, 40 химиялық, мұнай өңдеу, радиометрлік, медициналық және осыларға ұқсас өндірістерде қолданады. УІ, УІІ, УІІІ, ІХ, Х және ХІ баллдар және 20, 30, 40, 50, 60 кПа – машина-құрылыс, тамақ, металлургиялық және осы тектес өндірістер үшін. Әр элементтің және объектінің тұрақтылығын бағалау нәтижесі негізінде қорытындысында ең әлсіз элементтердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін көтеретін ұсыныстар беріледі.
Берілген: Объект аймағында болуы мүмкін жер сілкінісінің күші Рихтер шкаласы бойынша – 9 балл. Объектіде металл каркасты және жүк көтергіштігі 25-50т көтергіш жабдықтары бар өндірістік және әкімшілік ғимараттар орналасқан. Кірпіштен салынған қойма ғимараттары, металл және темірбетон эстакадасына орнатылған құбырөткізгіштер бар. Жер сілкінісі кезінде қирау дәрежесін табу қажет.
Шешімі: №1 кестеден өндірістік және әкімшілік ғимараттар мен құрылыстар орташа қирау дәрежесіне, ал кірпіштен тұрғызылған қойма ғимараттары қатты күйреуге ұшырайтындығын көруге болады. (∆Рф) (кПа) - 10, 20, 30, 40, 50.