Экономикалыќ теорияныѕ пјні жјне јдіс-тјсілдері


Семинар сабағының мақсаты-



бет9/124
Дата17.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#116932
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   124
Семинар сабағының мақсаты-тауарлы өндірістің пайда болу шарттарымен таныстыру, ақша және еңбек бөлінісі, тауар және оның қасиеттерін ашу.
Семинар сабағының міндеті – еңбек құн теориясы жайлы білім алу, Қазақстан экономикасы және нарықтық экономиканың дамуында ақшаның ролі жайлы түсіну.
Іскерлік, дағдылық және біліктілік Тауардың екі қасиеті мен тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетілігін қанағаттандыру қасиетін, тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеті және бұл қасиеттер оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланыстылығын. Тауар өдірісінің даму кезеңдері айырбастың, нарықтың дамуымен тығыз байланысты.
Тақырып бойынша қысқаша теориялық анықтама «Экономика негіздері» пәнінен қысқаша конспект дәрісінде көрсетілген.


Үйде орындауға арналған тапсырмалар (Рефератты қорғау және дайындық тақырыптары):
1.Тауарлық қатынастың эволюциясы.
2.Шекті пайдалылық теориясы: пайда болуы, мәні, дамуы.
3. ҚР экономикасындағы теңге: әлеуметтік-экономикалық салдары және болашағы.
4.Қазақстандағы 1993ж ақша реформасы.
Аудиторияда талқылауға арналған қосымша сұрақтар:

  1. Шаруашылықтың қоғамдық формалары мен үлгілерінің (модельдерін) қандай түрлерін Сіз білесіз?

  2. Бартер мен ақшалай айырбастың айырмашылығы неде?

  3. Айырбаста игіліктердің пайдалығын қалай салыстыруға болады?

  4. Ақшаның атқаратын қызметтерін атаңыз?

Аудиторияда студенттерге берілетін жазбаша тапсырмалар:
Тапсырма 1. Сіздің ойыңызша қандай пайымдаулар натуралдық шаруашылық және тауарлық шаруашылықты сипаттайды және олардың айрықша ерекшеліктері неде?

  1. тұйық экономикалық бірлікте дайын өнімнің өндірісі және оның тұтынуы жүреді;

  2. еңбек процесі жекелеген қоғамдық таптар шегіндегі шаруашылық байла-ныстарында мәжбүрлі түрде белгіленетін дәстүрлерге, салттарға негізделеді;

  3. өндіріс меншік иесінің жеке және жалдамалы жұмысшы күшін қолдануға негізделген;

  4. өндіріс процесі өндірушілердің өздерінің тұтынуы үшін шамадан тыс жоғары қосымша өнім бермейтін аз өнімділікті еңбек құралдарын қолданумен жүргізіледі;

  5. дайындалған өнім меншік иесіне тиісті және рынокта ерікті түрде сатылуға бағдарланған;

  6. экономикалық эволюция өте баяу жүреді, кейбір жетілдірулер мен қайта құруларды жүргізуге жүздеген жылдар кетеді;

  7. қоғамның жылдам экономикалық прогресі еңбек өнімділігінің жоғары қарқынды өсуі және өнім ассортиментінің динамикалық кеңеюі есебінен жүреді;

Тапсырма 2. Кестені толтырындар

Ақшаның қызметтері

анықтамасы

мысалдар

Құн өлшемі







Айналым құралы







Төлем құралы







Қор жинау құралы







Әлемдік ақша











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет