Экспертиза проведена утверждена


Қолдануға болмайтын жағдайлар



бет3/4
Дата20.06.2023
өлшемі80,5 Kb.
#102611
түріҚұрамы
1   2   3   4
Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • анамнезіндегі күл және сіреспеге қарсы вакцинаны алдындағы енгізудегі аллергиялық реакциялар

  • вакцина компоненттеріне аса жоғары сезімталдық (оның ішінде анамнезінде)

  • вакцинаның алдыңғы дозасын енгізуден кейінгі жүйелік аллергиялық немесе неврологиялық реакциялар

  • дене температурасының 37 оС-ден астам жоғарылауы

  • жедел инфекция аурулары немесе созылмалы аурулардың өршуі

  • құрысу синдромы, эпилепсия, үдемелі энцефалопатия

  • вакцинациядан кейінгі 6 апта ішінде Гийен-Барре синдромы



Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Вакцинаны В гепатитіне қарсы вакцинамен b типті гемофильді инфекция, полиомиелит ОПВ (оральді полиомиелит вакцинасы) және БЖПВ (белсенділігі жойылған полиомиелит вакцинасы), қызылша, паротит және қызамық, сары қызба, желшешек вакцинасымен бір мезгілде енгізуге болады. Бұл арада вакцинаны араластыруға болмайды. Олар әртүрлі шприцтермен дененің әртүрлі бөліктеріне енгізіледі.
Егер АДС-вакцина TIG (сіреспеге қарсы адам иммуноглобулинімен) немесе күл антитоксинімен бір мезгілде енгізілсе, онда оларды әртүрлі орынға енгізу керек және жеке бөлек стерильді ине мен шприц пайдалану керек.


Айрықша нұсқаулар
АДС- вакцина АИТВ инфекциясы бар балаларға енгізіледі. Қазіргі уақытта АИТВ инфекциясы симптоматикасы бар немесе симптомдарынсыз АДС-вакцинамен вакцинациялағанда жағымсыз реакциялардың жиілігі артқаны туралы мәлімет жоқ.
Антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерге егу жүргізгенде сақ болу керек.
Иммуносупрессиялық ем: сәулелену, антиметаболиттер, физиологиялық межеден асатын дозаларда қолданылатын алкилдеуші және цитоуытты препараттар және кортикостероидтар вакцинаға иммундық жауапты төмендетуі мүмкін.
Вакцинаның кез келген компоненті анафилаксиялық реакция дамуын туындатуы мүмкіндігіне байланысты адреналин (эпинефрин) гидрохлориді ерітіндісі (0,1%) т/а немесе б/і 0,01 мл/кг дайын тұруы тиіс. Адреналиннің науқасты ауыр жағдайдан шығарғанға дейін қажет болғанда әр 20 минутта қайталанатын бірінші дозасы 0,1-0,5 мл құрайды. Бір реттік доза 1мл аспауы тиіс. Адреналинді шұғыл енгізу ауыр анафилаксиялық реакцияларды емдеудің негізгі әдісі болып табылады, кейбір жағдайларда ол пациенттің өмірін құтқаруы мүмкін. Адреналинді анафилаксиялық реакциялардың алғашқы белгілерінде енгізу керек. Вакцина құрамында тиомерсал бар, сондықтан вакцина алатындарда аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін. Анамнезінде вакцинаға аллергиялық реакциялары болуы туралы дәрігерге хабарлау керек. Егілген тұлға вакцина енгізілгеннен кейін 30 минут бойына медициналық қызметкер бақылауында болуы тиіс, бұл шұғыл типті аллергиялық реакцияларды мезгілінде танып-білу үшін керек. Вакцинациялау орнында преднизолон және/немесе инъекцияға арналған басқа антигистаминдік препараттар, сондай-ақ басқа дәрілер: оттегімен тыныс алу аппараты және т.с.с. заттар қолжетімді болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет