Экстериоризация


Іс-әрекеттің жалпы психологиялық сипаттамалары



бет7/8
Дата19.04.2023
өлшемі55,05 Kb.
#84075
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
03.04.2023ж. 2 в тобы

Іс-әрекеттің жалпы психологиялық сипаттамалары

Адам өмірі іс-әрекетсіз болуы мүмкін емес. Іс-әрекет үрдісінде адам қоршаған дүниені, оның заңдылықтарын танып біледі, әртүрлі құбылыстарды қабылдайды. Жануарлар мінез-құлқынан адамның іс-әрекеті қанша күрделі болғанымен ерекше айырмашылығы бар. Адамның іс-әрекеті саналы сипатқа ие болады, ол мақсатқа бағытталған және оған жетудің тәсілдерін түсінеді, іс-әрекеттің кейбір бөлімдерін жоспарлайды, мүмкін болатын қиындықтар мен кедергілерді ескеріп отырады, қажет болған жағдайда іс-әрекетті қайта құрады, нәтижені алдын ала көре біледі.


Адамның іс-әрекеті еңбек құралдарын дайындаумен, пайдаланумен және сақтаумен байланысты. Адамның іс-әрекеті қоғамдық сипатқа ие болады, ол ұжымда және ұжым үшін іскеасады.
Іс-әрекет қоғамдық - тарихи жағдайлармен анықталады. Адам өзінің іс-әрекетін қоршаған өмірден, өзі өмір сүрген қоғамның талаптарынан бөліп қарай алмайды. Барлық уақытта да, барлықкезеңде де адам еңбекпен айналысты, ол қоғамның қажеттілігін немесе жеке қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнім беріп отырды.
Жеке тұлға іс-әрекетте қалыптасады, адам өжет, ержүрек қасиет танытады. Өздеріңізді қоршаған адамдарды бақылай қарасаңыздар мамандық адамның сыртқы келбетін, оның рухани дүниесін өзгертеді. Әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері бар, мысалы әскери адамның психологиясында өзіндік ерекшеліктері кездеседі. Сол сияқты мұғалімдік, дәрігерлік мамандықтардыңөзіндік ерекшеліктері болады.
Іс-әрекет оның қүрылымына қарай қарастырылады. Кез-келгеніс-әрекетте төмендегідей бөліктерді атап көрсетуге болады:мақсат қою кезеңі; жұмысты жоспарлау, әрекеттің тиімді
тәсілдерін таңдау кезеңі; іс-әрекетті орындау, іске асыру кезеңі;одан әрі нәтижелерін тексеру, қатесін түзеу, алынған нәтижелердіжоспарланған нәтижелерменсалыстыру,жұмыстықорытындылау.
Адамда әртүрлі іс-әрекеттің пайда болуы мен дамуы күрделі де ұзақ үрдіс болып табылады. Генетикалық бір-бірін ауыстырып отыратын және барлық өмір жолы барысында ғұмыр кешетін іс-әрекеттің 3 түрі кездеседі: оқу, ойын, еңбек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет