Шизоидты тип. Шизоидты не аутизмді (жұрттан оқшаулану) патологиялық тұйық жеке адам. Оның ең алдымен жасырынды, түйық және айналадағылармен қарым-қатынас жасауға ықыласы мен қабілеті жоқ. Айналадағы әлемнен бөлектену, ішкі дүниесі бай бола тұрып сыртқы көрінісі кедей, тәртібі мен эмоционалдық қайғы-қасіреті, қарама-қайшылық бұларға тән. Шизоидты психопатия басқа типтерге қарағаңда сирек болады, ол ұлдарда жиі кездеседі. 2-4 жастағы балалардың мінез-құлқы құрдастарына қарағаңда ерекше болады. Мектепке дейінгі жасында өз күрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Мектеп жасында олар белгілі бір сабаққа қызығып, сол сабақты күшті оқи бастайды. Мысалы, математиканы, астрономияны, психология мен философияны. Ақыл-ой дарындылығы бола тұра, олардың қозғалысы икемсіз, өздерін-өздері күте алмай, киім мен тамақ қабылдағанда салақтық пен ұқыпсыздықты көрсетеді.
Психопатиялық қалыптасуы негізінен ересек жаста аяқталады. Психопатияның шизоид пен истерия сияқты түрлері бала кезден біліне бастайды. Бірақ та кісінің бұзылуы (психопатия) диагнозы 18 жастан бұрын қойылмайды. Одан бұрын «патологиялық дамуы» деп саналады.
Емдеу - балалар мен жасөспірімдерде негізінен емдеу-педагогикалық шаралар арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда дәрігер мен педагогтың эмоционалдық әсері негізінен емдеуге көмегін тигізеді. Жасөспірімдердің айналасындағы ортаны (отбасы, мектеп, құрдастары) сауықтыру өте маңызды принцип. Емдеу-түзету жұмыстары психотерапиямен және дәрілер арқылы емдеумен жалғасады. Психотерапия әдісін таңдау психикалық жағдайға, жеке адаммен не топпен өткізуге байланысты. Емдеуде тәртіпті түзететін дәрілер қолданылады.
Психопатиялардың алдын алу жалпы психогигиеналық шараларға, жүкті әйелдің сауығуына, дұрыс босануына, балалардың жұқпалы және басқа ауруларының алдын алуға, дұрыс тамақтануға тіреледі. Одан басқа балалардың айналасындағы адамдардың, ата-аналардың отбасындағы қарым-қатынасының маңызы зор. Бала тәрбиелейтін мекемелердің тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің атқаратын рөлі де үлкен.