Әктас жене карбонаттар
Әктас пен карбонаттардың табиғатта таралуы
10.2.1.14 кең таралған кальций карбонатының табиғи қосылыстарын және басқа да таралған карбонаттар туралы білу;
Бор, мәрмәр және әктас
Бор, мәрмәр, және әктас химялық тұрғыдан қарағанда бір зат, яғни кальций карбонатының кристалдық модификациясы кальцит болып табылады.
Бор — түсі ақ, біркелкі ұсақ түйірлі кальций карбонатынан құралған жұмсақ шөгінді жыныс. Бордың құрамындағы бір клеткалы әктасты балдырлардың — кокколито-форидтердің қалдықтары 10 — 75%-ке, фораминиферлер 5 — 6%-ке, кейде 40%-ке дейін жетеді. Аздап моллюскілердің, белемниттің, аммониттің, мшанканың, теңіз лаласы мен кірпілерінің, маржандардың, т.б-дың қалдықтары кездеседі. Бор химиялық шөгуден және органикалық қалдықтардың ыдырауынан түзіледі. Бордың қаттылығы 1-ге жуық, меншікті салмағы 2,2 — 2,8 г/см3. Бор құрамында кварц, монтмориллонит, каолинит, гидрослюда, опал, глауконит, халцедон, цеолиттер, пирит, барит, темір оксидтері болады. Бор жылы климат жағдайында тұзды қалыпты теңіздерде ондаған метрден жүздеген метрге дейінгі тереңдіктерде тұнады. Геосинклинальдік аймақтарда Бордың шөгінділері қатайып, әктасқа айналады. Бор мезо-кайнозой шөгінділерінде кең тараған.
Бор қағаз, шыны, цемент, парфюмерия өндірісінде, косметикада, медицинада қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |