Қышқылдық жаңбырдың әсері
Табиғи шөгінділер әртүрлі қышқылдыққа ие, бірақ орташа рН = 5,6. рH < 5,6 болатын қышқыл жауын-шашын, әсіресе рН мәні 5,1-ден төмен түссе, елеулі қатер тудырады. Төменде қышқылдың жауын-шашынның негізгі кері әсерлері көрсетілген:
мүсіндерге, ғимараттарға, зақым келтіру;
Қышқылдық жаңбыр мәрмәрдан жасалған ғимараттар мен мүсіндерге келтіретін зиянын келесі реакциялардың негізінді түсіндіруге болады. Жаңбыр суы көмір қышқыл газын ерітіп, көмір қышқылын түзеді. Көмір қышқылы мәрмәрдың негізін құрайтын суда ерімейтін кальций карбонатымен әрекеттесіп, суда еритін кальций гидрокарбонатын түзеді:
СаСО3(қ) + Н2СО3(ер) Са(НСО3)2(ер)
Егер қышқылдық жаңбыр құрамында басқа қышқылдар болса, мысалы азотты қышқыл, онда келесі реакция орын алады:
СаСО3(қ) + 2НNО2(ер) Са(NO2)2(ер) + CO2(г) + H2O(с)
- көлдер мен өзендерде балық, су өсімдіктері мен микроорганизмдердің өлімі;
- лосось және форельдің судың pH <5,5 кезінде көбейу мүмкіндігі азайады;
- су айдындарының рН<6-8 төмендеуі фитопланктонның көптеген түрлерінің өнімділігінің төмендеуіне немесе жойылуына алып келеді;
- судың рН мәні 5,7 мен 5,4 аралығына дейін төмендесе, онда көлдегі азот айналымы бұзылады;
- қышқылдық жаңбырдың әсерінен топырақтағы кальций, натрий және басқада қоректік заттардың шайылуы, биік өсетін ағаштар, әсіресе қылқан жапырақтардың әлсіреуіне немесе өлуіне алып келеді;
- топырақ түбіндегі шөгінділерден алюминий, қорғасын, сынап және кадмий иондарының қышқылдық жаңбырда еріп босатылуынан, ағаштардың тамырлары зақымданып, көптеген балықтар түрлері өледі;
- қызанақ, соя, бұршақ, шпинат, сәбіз және мақта сияқты мәдени өсімдіктердің өсуін баяулатады;
Достарыңызбен бөлісу: |