25. Дүние жүзі тілдерінде жұрнақтардың қандай түрлері бар?
Аффикстік морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан түрліше болып келеді. Олардың ішінде түбір морфемаға жалғанып, ол түбірдің мағынасын нақтылай, саралай түсетін аффикстер бар. Ол аффикстің атын - жұрнақ деп атайды. Мысалы, көлшік деген сөздің құрамындағы -шік жұрнағы заттық ұғымды білдіретін көл деген түбірге жалғанып, оның лексикалық мағынасын нақтылап тұр (ойыс жерге жиналып қалған су, кішкентай ғана көл).
Әрбір жеке тілде олардың грамматикалық құрылысының ерекшеліктеріне қарай жұрнақ үш түрге жіктелінеді. Олар: 1) приставка, 2) инфикс, З) суффикс (постфикс). Префикс түбірдің алдына қосылады. Мысалы: в+ходи+ть, ис+ходи+ть, на+ходи+ть, по+ходи+ть, с+ходи+ть, у+ходи+ть, со+труд+ник/ница, пре+по+дава+тель+ница. Инфикс түбірдің ішіне қыстырылады. Бұл латын тілінде бар, орыс тілінде жоқ. Ал суффикс түбірден соң жалғанады. Мысалы: бала+лық, жылқы+шы, работ+ник, учи+телъ, дом+ик.
Орыс тілінде префикс пен суффикс бар. Қазақ тіліндегі жұрнақ орыс тіліндегі суффикске сәйкес келеді де, түбірден соң жалғанады. Түркі тілдерінде орыс тіліндегі тәрізді префикстер жоқ. Түркі тілдерінің бірі - қазақ тіліндегі бей+маза, бей+таныс, бей+уақ, бей+хабар, на+разы, на+мақұл деген сөздердің құрамындағы бей-, -на морфемаларының префикс екендігі рас. Бірақ ол қазақ тілінде префикс ретінде қызмет атқармайды. Бей-, на- префикстері иран тілдерінен енген сөздердің құрамында ғана қолданылып, сол сөздермен бірге келген, бөлшектенбейтін біртұтас тұлға (форма) ретінде ұғынылады.
Жалғаулардың жұрнақтардан айырмашылығы - жұрнақгар сөз тудырса, жалғаулар форма тудырады. Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөзіне жаңа мағына үстеп, туынды сөз жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |