Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті


Жалғау мен жұрнақтың айырмашылығы неде?



бет27/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Байланысты:
ТБК емтихан жауаптары (копия)

26. Жалғау мен жұрнақтың айырмашылығы неде?

Жалғаулардың жұрнақтардан айырмашылығы - жұрнақгар сөз тудырса, жалғаулар форма тудырады. Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөзіне жаңа мағына үстеп, туынды сөз жасайды.
Жасалған туынды сөздердің әрқайсысы дербес лексикалық бірлікке (сөзге) айналып, бүтін сөз ретінде қаралады. Мысалы, су деген түбірге жұрнақ жалғасақ, су+лы, су+лык, су+ла, су+лан+дыр+у деген туынды сөздер жасалады. Бұлардың мағыналары әр басқа. Ал сол су деген түбірге жалғау жалғасақ, су+ға, су+ым, су+лар деген сөз формалары жасалады. Бұл соңғы сөздердің лексикалық мағыналары - біреу ғана, ал формалары - әртүрлі. Ол жалғаулар тек грамматикалық мағыналар туғызады. Айталық, су+ға дегенде - септік мағына, су+ым дегенде - тәуелділік мағына, ал су+лар дегенде - көптік мағына бар.
Жалғаулар әр уақыт тек грамматикалық мағына туғызады десек біз қателесеміз. Кейде оның жұрнақ орнына жұмсалып, лексикалық мағына да туғызатын кездері болады. Мысалы, босқа, текке, бекерге, кешке деген сөздерді тарихи тұрғыдан бос+қа, тек+ке, бекер+ге, кеш+ке деп, түбір және аффикстік морфемаларға жіктеуге болады. Мұндағы -қа/-ке, -ға/ге аффикстері барыс септік жалғауы екендігі ақиқат. Бірақ олар бұл жерде сөз түрлендіруші қызметінен айырылып, сөз тудырушы қызметке ауысқан. Сөйтіп, олар өзі жалғанған сөздерді үстеулерге айналдырған. Тіліміздегі жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің жалғаулары да дәл осындай қызмет атқара алады. Мысалы: баяғы+да, күн+де, әуел+ден, кенет+тен, төте+сі+нен, рет+і+мен, кезек+пен т.б.
Қазақ тілінде -у жалғауы жалғанған біраз етістіктер тұйық етістік формасынан зат есімдерге айналған. Мысалы: жабу, егеу, көсеу, қашау, бояу т.б. Бұлардың құрамындағы -у морфемасы о баста форма тудырушы (тұйық етістік формасы) қосымша болған. Қазір ол форма тудырушы емес, сөз тудырушы жұрнақ ретінде танылып жүр. Шындығында да солай. Ол тұйық етістіктің жалғауы бола тұрып, кейінгі ғасырларда зат есім, сын есім (бітеу, түзу) тудыратын жұрнақтарға айналған. Сондықтан, қазіргі кезде оны (У морфемасын) қазақ тілі оқулықтарында «тұйық етістіктердің жұрнағы» деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет