Әл-ауқат және қауіпсіздік


қаржылық сауаттылықты дамыту бойынша шаралар ұсынады



бет4/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

қаржылық сауаттылықты дамыту бойынша шаралар ұсынады;


  • әлеуметтік жауапкершіліктің қоғамның әл-ауқатына әсерін талдайды;
  • өзінің қабілетін іске асыруға мүмкіндік беретін дағдыларды анықтайды.


    Бағдарламаның төртінші бөлімінде оқушылар:
    • заманауи қауіп-қатер көздерін талдайды;


    • қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіреді;
    • қауіпсіз мінез-құлық ережелерін тұжырымдайды;


    • әртүрлі төтенше жағдайлардағы мінез-құлық ережелерін түсіндіреді;
    • жаппай жиналу орындарында туындайтын жағдайларды талдайды;


    • жаяу жүргіншіге төнетін ықтимал қауіптерді талдайды;
    • криминогендік сипаттағы жағдайлардың туындау мүмкіндігін бағалайды;


    • криминогендік жағдайдағы мінез-құлық ережелерін тұжырымдайды;
    • алаяқтықтан қорғану жолдарын талқылайды;


    • жеке қауіпсіздік туралы білімдерін жаңартады.

    Негізгі педагогикалық тәсілдер

    Элективті курс заманауи белсенді оқу түрін қолдана отырып, тренинг форматында жүзеге асырылады және мына жұмыс түрлерін қамтиды:


      • рөлдік және іскерлік ойындар;
      • пікірталастар, ой-талқылар;


      • жобалық жұмыс;
      • бейнеролик көру;


      • «миға шабуыл»;
      • жұптық, топтық жұмыстар;


      • кейс-стади (саѕе study);
      • тренинг жаттығулары.


    Элективті курс бағдарламасы «Биология», «География», «Химия», «Дүниежүзі тарихы» пәндерімен және басқа пәндермен пәнаралық байланысты қамтамасыз етеді.

    Кабинеттің құрал-жабдықтары

    Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін тиісті құрал-жабдықтармен жабдықталған кабинет қажет. Оқуды тиімді ұйымдастыру үшін қажетті құралдар мен ресурстар:


        • интернетке қосылған ноутбуктер;
        • интерактивті тақталар мен экрандар;


        • оқушылардың жұмысын көрсетуге арналған дәстүрлі құралдар (тығын тақталары, қабырғаға орнатылған көрме стендтері, флипчарттар, проекторлар және т. б.).

    Жиһаз мобильді болуы керек, яғни оқушыларға кең ауқымды іс-шараларға (рөлдік ойындар, үстел ойындары, ой-талқылар, сауалнамалар, презентациялар, жұптық және топтық жұмыс және т. б.) қатысуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар мұғалімге сыныпты басқаруға көмектесетін жеке үстелдер (әр оқушы үшін).


    Сабақтарды әзірлеу кезінде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін, сондай-ақ өзінің педагогикалық жұмыс тәжірибесін ескере отырып, берілген ұсыныстар мен ресурстарды шығармашылық тұрғыдан пайдаланады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет