№
|
Сабақ тақырыптары
|
Сағат саны
|
1-бөлім. Денсаулық сақтау және саламатты өмір салты (8 сағат)
|
1
|
Денсаулық сақтау
|
1
|
2
|
Қоғамның адам денсаулығына әсері
|
1
|
3
|
Жарнама мен бұқаралық ақпарат құралдарының адам денсаулығына әсері
|
1
|
4
|
Дене шынықтыру және спорт
|
1
|
5
|
Дұрыс тамақтану
|
1
|
6
|
Еңбек және демалыс гигиенасы
|
1
|
7
|
Зиянды әдеттер және олардың адам денсаулығына әсері
|
1
|
8
|
Менің денсаулығым
|
1
|
2-бөлім. Психикалық саулық және әл-ауқат (8 сағат)
|
9
|
Сезім табиғаты.
|
1
|
10
|
Сезімдер мен эмоциялардың пайда болу тетіктері
|
1
|
11
|
Эмоциялар мен қажеттіліктер
|
1
|
12
|
Импульсивті (албырт) мінез-құлық
|
1
|
13
|
Стресс: белгілері мен нышандары
|
1
|
14
|
Стресті басқару
|
1
|
15
|
Эмоциялық стресс пен күйзелістің алдын алу
|
1
|
16
|
Эмоциялық және психикалық әл-ауқатты басқару
|
1
|
3-бөлім. Әлеуметтік ортадағы әл-ауқат (10 сағат)
|
17
|
Өзара әрекет пен ынтымақтастық
|
1
|
18
|
Қарым-қатынас этикасы
|
1
|
19
|
Этикет және оның әлеуметтік қарым-қатынастағы рөлі
|
1
|
20
|
Эмпатияны дамыту
|
1
|
21
|
Толеранттылық және құрмет
|
1
|
22
|
Құқықтық сауаттылық
|
1
|
23
|
Қаржылық әл-ауқат
|
1
|
24
|
Жеке және әлеуметтік жауапкершілік
|
1
|
25
|
Әлеуметтік белсенділік
|
1
|
26
|
Қабілетті жүзеге асыру және мақсаттарға жету
|
1
|
4-бөлім. Жеке қауіпсіздік (8 сағат)
|
27
|
Қазіргі қауіп-қатер көздері
|
1
|
28
|
Өз қауіпсіздігін ұйымдастыру
|
1
|
29
|
Төтенше жағдайлардағы әрекет
|
1
|
30
|
Адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіз мінез-құлық
|
1
|
31
|
Жаяу жүргіншінің қауіпсіз әрекеті
|
1
|
32
|
Криминогендік жағдайлардың алдын алу
|
1
|
33
|
Алаяқтық
|
1
|
34
|
Қорытынды сабақ. Менің жеке қауіпсіздігім және әл-ауқатым
|
1
|
Жалпы сағат саны
|
34
|
1-бөлім Денсаулық сақтау және саламатты өмір салты
сабақ. Денсаулық сақтау
Күтілетін нәтижелер Оқушылар:
саламатты өмір салты туралы білімді өзектендіреді;
түрлі аурулардың алдын алу шараларын тұжырымдайды.
Сабақ барысы
Оқушылармен танымал тұлғалардың дәйексөздерін талқылаңыз:
«Өміріміз қысқа емес, оны бұрыс істерімізбен қысқартамыз; өмірге кедей емеспіз, біз оны ысырапшылдықпен пайдаланамыз. Оны шебер пайдалансақ, өмір ұзақ болады» (Сенека, б.з.д. 4 – 65 жж., рим философы, ақын және мемлекет қайраткері).
«Денсаулықты сақтаудың жалғыз жолы – қаламайтын нәрсені жеу, ұнатпайтын нәрсені ішу және ұнатпайтын нәрсемен айналысу» (Марк Твен, 1835–1910 жж., америкалық жазушы, юморист, журналист және қоғам қайраткері).
«Ауруларды табиғат емдейді, дәрігер оған тек көмектеседі» (Гиппократ, шамамен б.з.д. 460 – 370 жж., ежелгі грек емшісі, дәрігері және философы, тарихқа
«медицинаның әкесі» ретінде енген).
Оқушыларға адам денсаулығы қандай факторлардан құралатынын еске түсіруді ұсыныңыз. Денсаулыққа қандай факторлар әсер ететінін сұраңыз.
тапсырма. Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарда әртүрлі факторлардың адам денсаулығына әсерін талдауға шақырыңыз:
Факторлар
|
Денсаулыққа әсері
|
Гигиена
|
|
Тамақтану
|
|
Өмір салты
|
|
Қоршаған орта
|
|
Орындап болғаннан кейін оқушылар жұмыстарын сынып алдында көрсетіп ұсынады. Орындалған жұмыстарды талқылаңыз. Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:
Сіз денсаулықты сақтау үшін не істейсіз?
Қазіргі адамның денсаулығы 500 жыл бұрын өмір сүрген адамның денсаулығынан несімен ерекшеленеді деп ойлайсыз? Денсаулыққа әсер еткен факторлардың айырмашылығы неде?
тапсырма. «Миға шабуыл» стратегиясын қолдан. Оқушылар қазіргі адамдар жиі шалдығатын ауруларды атайды (суық тию, жүрек-қантамырлар аурулары, семіздік, психикалық бұзылыстар және т.б.). Оқушыларға 3-4 адамнан тұратын топтарда аурулардың бірін таңдап, оның алдын алу бойынша шаралар кешенін құруды ұсыныңыз.
Орындап болғаннан кейін оқушылар жұмыстарын сынып алдында көрсетіп ұсынады.
Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз.
Адам аурудан қорғана ала ма?
Қоршаған ортаның денсаулыққа зиянды әсерін болдырмауға бола ма?
сабақ. Қоғамның адам денсаулығына әсері
Күтілетін нәтижелер Оқушылар:
әртүрлі елдердегі өмір сүру ұзақтығын салыстырады;
қоғамның адам денсаулығына әсерін талдайды.
Сабақ барысы Оқушылармен қазіргі адамның өмір сүру ұзақтығына әсер ететін факторларды талқылаңыз (өмір салты мен тамақтану салты, экология және қоршаған орта жағдайы, генетика мен тұқымқуалаушылық, физикалық белсенділік, медициналық көмектің қолжетімділігі және т.б.). Оқушылардан өмір сүру ұзақтығы жоғары елдерді атауды сұраңыз.
тапсырма. Оқушыларға жыл сайын ең ұзақ өмір сүретін елдердің рейтингін жариялайтын АҚШ Федералды үкіметінің тәуелсіз агенттігі – CIA World Factbook ұсынған өмір сүру ұзақтығы жоғары елдердің рейтингіне https://www.cia.gov/the- world-factbook/field/life-expectancy-at-birth/country-comparison талдау жасауды ұсыныңыз.
Оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарда өмір сүру ұзақтығы жоғары 10 елдің біреуін таңдап, сол елдегі ұзақ өмір сүру себептері мен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік шаралар туралы постер жасайды.
Орындағаннан кейін оқушылармен Қазақстанның өмір сүру ұзақтығы бойынша әлемдік рейтингте қандай орын алатынын талқылаңыз. Азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін мемлекет қандай шараларды қабылдауы тиіс екендігін талқылаңыз.
тапсырма. Мәдени айырмашылықтарды салыстыру. Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарда екі түрлі мәдениетті немесе елді таңдауға шақырыңыз (Батыс пен Шығыс, Азия мен Еуропа және т. б., өмір сүру деңгейі жоғары және төмен елдерді таңдауға болады), сол елдерде қоғам мен мәдени құндылықтар саламатты өмір салтына қалай әсер ететіні туралы шағын зерттеулер жүргізуін сұраңыз. Оқушылар дәстүрлі тағамдар, физикалық белсенділік деңгейі, тамақтану мен физикалық денсаулыққа деген көзқарас, пайдалы тағамдар мен қызметтердің қолжетімділігі, денсаулық сақтау деңгейі сияқты аспектілерді зерттей алады. Зерттеуден кейін оқушыларды таңдалған екі мәдениетті салыстырып, олардың әрқайсысындағы қоғам саламатты өмір салтына қалай әсер ететінін және өз өмір салтына қандай пайдалы сабақ алуға болатынын талқылауға шақырыңыз.
Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. «Миға шабуыл» стратегиясын қолданып, оқушылармен қоғамның денсаулық пен саламатты өмір салтына қалай әсер ететінін, қоғамның жағымды және жағымсыз әсерлерін талқылаңыз.
сабақ. Жарнама мен бұқаралық ақпарат құралдарының адам денсаулығына әсері.
Күтілетін нәтижелер Оқушылар:
жарнама мен бұқаралық ақпарат құралдарының адамның саламатты өмір салтына әсерін талдайды.
Сабақ барысы Оқушылармен кез келген өнімнің немесе сусынның жарнамаларының бірін қараңыз. Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:
Сіз бұл өнімді (сусынды) сатып алғыңыз келді ме?
Бұл жарнама кімге бағытталған?
Тұтынушыларды қызықтыру үшін қандай стратегиялар мен әдістер қолданылады?
Бұл өнім немесе сусын пайдалы ма?
Оқушылармен жарнама мен бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) адам денсаулығына әсерін талқылаңыз. Саламатты өмір салтын насихаттайтын жарнамалардың мысалдарын келтіруді сұраңыз.
Жарнама қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Ол біздің қалауымызға, талғамымыз бен әдеттерімізге, соның ішінде өмір салтымызға қатты әсер ете алады. Жарнама әсер ететін салалардың бірі – саламатты өмір салты. Жарнамалық хабарламалар көбінесе зиянды өнімдер мен қызметтерді тұтынуға ынталандырады, оларды денсаулыққа қауіпсіз деген жалған ойларды қалыптастырады. Мысалы, жылдам тамақтану жарнамасы оның жылдамдығын, қолжетімділігін және заманауилығын насихаттайды да, денсаулыққа жағымсыз әсерлерін жасырып қалады. Сонымен қатар, жарнама сұлулық пен дене бітімінің тамаша стандарттарын қалыптастырады, бұл өз кезегінде адамдарға психологиялық қысым түсіреді. Модельдік бизнеске немесе спорт тауарларына қатысты көптеген жарнамалық кампаниялар дене бітімі немесе сыртқы келбеттің белгілі бір түрі ғана қолайлы және қалаулы деген жалған көзқарасты қалыптастырады. Алайда, жарнаманы сыни тұрғыдан түсіну өмір сүру салтымызға қатысты саналы шешім қабылдауға көмектеседі. Жарнамалық уәделер мен ағзамыздың нақты қажеттіліктерін ажырата білу маңызды. Жарнамаға сыни көзқарас жарнамадағы айлалы әдістер мен жалған хабарларды тануға, сондай-ақ саламатты өмір салтын объективті және ұтымды көзқараспен қабылдауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |