Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. «Ел боламын десең бесігіңді түзе», «Болашақ ұрпақ- ел болашағы» Балабақшада берілген тәрбие- барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.Мәңгілік ел болып қалыптасу жолында ұрпаққа берілетін тәрбие, елбасымыздан бастап ойландырып-толғандыратын өзекті мәселелердің бірі екенін ешкім жоққа шығармайды.
Балабақша - білім мен ортаға бейімделудің тірегі, бастамасы десек, ал тәрбиеші- сол балабақшаның жүрегі, яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Өмірге келген әрбір нәресте отбасында ата-анасының махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі. Әр отбасында тәлім –тәрбие алып 1 жасқа толғанда ата-аналар жүректерінің бір-бөлшегін сеніп балабақшаға әкеп тапсырады. Сол орайда ана орнына ана бола білетін ол- балабақша тәрбиешілері. Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуын ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады. Ал , балалар жүрегінен осындай үлкен орын тауып, тіпті демалыс күндері де сәби жүректері балабақшаға алып ұшып тұратын деңгейге жеткізетін ол әрине балалардың бағбаны – тәрбиеші. Бір тәрбеші барлық бала өміріне жауапты болағндықтан , кез –келген адамның қолынан тәрбиеші болу келе бермейтін ыждағаттылық пен кең жүректілікті қажет ететін мамандық .Балабақша әрбір бүлдіршіннен ел азаматтарын тәрбиелеп шығару қай кезде де керек, ешқашан керектігі жойылмайтын тұрақты мамандық деп білемін. Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету-ұлттық қасиетіміздің дамуына бірден бір жолы. Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі – халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту. Әрбір бөбектің өз ана тілінде тілі шығып, ойлау қабілетінің дамуы-ұлттық мінез –құлықтың қалыптасу жолы. Ана тіліннің қадірін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы болып өседі.
Біздің балабақша-бұл бөлек әлем, гүлденген көгал . Балабақша баланың ең нәзік жан дүниесін сезінуге, аялауға, бағалауға және жеке тұлға ретінде қалыптасуында ерекше орын алатын, балаға қажетті махаббаттың жібі бар екенін де айтып кетуге болады. Балабақшаның әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншіліктен тұрады. Балалардың күлкісі мен мейірімінің арқасында біздің балабақшамыз жыл өткен сайын көркейіп, жасара түсуде. Балабақшамызда бала жүрегін жаулайтын саз залы мен салауатты өмір сыйлайтын спорт залы бар. Бұл педагогтардың балаға қуаныш сыйлап, талмай еңбек етіп бабабақшамызды мейірімділік пен сүйіспеншілік аймағына айналдырады. Сондай-ақ ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартында зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік, және эмоциональдық дамуымен тұлға қалыптастыру басты міндет болып қалыптастырылғандықтан әдіскер әдістемелік жұмысын сапалы, білікті, тәжірибелі тәрбиешілер мен қоса сурет, орыс тілі, ағылшын маман педагогтары жаңа әдістемелерді, технологияларды қолдана отырып, әр жеткіншек ұрпақтың санасына жете түсіндіріп, саналы да сапалы білім алуына себептерін тигізіп отыр. Тәрбиеленушілірдің, оның шінде ерекше білім беруді қажет ететін және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене бітімі, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін балабақша психологі дене пән нұсқаушысымен қоса жаңа әдістерді пайдалана отырып жұмыстанады. Сондай-ақ балабақша психологі ата-аналар жұмыс жоспарында да балабақша тек бүлдіршіндердің келіп кететін мекені болмау керек, ал ата-ана үшін балабақша өз жағдайларын жасап, жұмыстарына кедергі болмасын деп балаларды кешке дейін апарып тастайтын орны болмау керек . Осындай көзқарас қалыптаспас бұрын ата аналармен тығыз қарым -қатынаста қызықты жұмыс жоспарларын педагогтармен бірлесе құрып ата-аналардың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстары жүргізіліп отырады. Жоғарыда мәселелерді түйіндей келе, жаңа заман, жаңа талап, жаңа көзқарас әр ғасырға тән нәрсе.
Бүлдіршіндерге сапалы тәрбие, білім беріп, шығармашылық қабілетттерін арттыра отырып , сонымен қатар аудандық көлемінде өткізіліп жатқан іс- шараларға ұжым болып «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»-демекші әртүрлі жарыстар мен сайыстарда алғыс хат пен марапаттарын алып отырады. Сонын ішінде 2014 жылы ҚР халқының тілдер күніне арналған «Тіл ұлт мерейі» атты облыстық тіл фистивалі аясынада өткізілген «Үздік ауылдық балабақша» байқауына қатысып 1дәрежелі диплом алса, «Тәуелсіздік текті жастары» атты ауданәкімі Н.Бекқайрдан марапаттау қағазын алдым. 2015 жылы «1 маусым балаларды қорғау күні» аясында «НұрОтан» басшысы С.Джангереевадан алғыс хат алдым. 2018 жылы «Аудан әкім шыршасы» өтуіне үлкен үлес қосқаны үшін ұжымым марапатталды. 2018 жылы Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне орай шараға белсене қатысқаны үшін «Үздік киіз үй» номинациясын иеленді. 2017 жылы Аудан әкімі Н.Бекқайыр, 2018 жылы «НұрОтан» басшысы Е.Бекмульдиннен, 2019 жылы Аудан әкімі А.Шыныбековтан Алғыс хаттар алдым. Осындай дәрежелер мен жетістіктерге жетуімнің басты себебі, қызметкерлерімнің үздіксіз аянбай еңбек етулерінін арқасы деп білемін.
«Ел есінде мәңгі қалғын келсе – бала тәрбиеле» , « Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсын» -деп бекер айтпаған дана халқымыз. Сондықтан біздің балабақша алдымызға келген әрбір бүлдіршіннің ертеңге деген сенімін , жүректеріне патриоттық сезімін ұялату, балабақшадан бастап тәлім тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелеп, балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, алтын қақпасы екенін ұғындыру. Баланың ой-өрісін дамытуда, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешіліерміз бен педагогтарымыздың сіңіріп отырған еңбектері орасан зор. Сондықтан да сөзіміз-түзу, Еңсеміз- биік, Рухымыз- мықты болсын десек бірегей мектепке дейінгі мекемелерді ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін балабақша мен тәрбиеші мамандық екенін естен шығармайық. Олай болса, еліміздің ертеңгі жас ұрпақтарымыздың тәрбиелеу жолында - кең жүректі, мейірімді, білімді тәрбиеші- мамандарымыздың еңбектерінің арқасында әлі де үлкен жетістіктерге жететінімізге сенім білдіремін.