Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивреситеті «Филология» факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Етістіктің рай және жақ
категориясы
Оқытушы: Сағындықұлы Берікбай
Студент: Хамитова Меруерт.
Алматы, 2021ж.
«Рай – етістіктің сөйлеп тұрған адамның тұрғысынан алып қарағанда шындық болмысқа деген қатысын көрсетеді. Рай модальдық қатынасты, сөйлеушінің іс-қимыл, әрекетке деген субъективтік қатысын көрсететін грамматикалық тәсіл», – делінген. Ал, рай категориясына орыс тілінің лингвистік-энциклопедиялық сөздігінде: «Наклонение – грамматическая категория, выражающая отношение действия, названного глаголом, к действительности с точки зрения говорящего» – деп анықтама берілген. Жалпы тіл білімінде де, қазақ тіл білімінде де ғалымдар арасында рай категориясына осындай әр түрлі анықтамалар беріліп, оларды жіктеп бөлуде қайшы көзқарастар орын алып келеді. Рай категориясын түрліше түсіну, оны модальдықпен ажыратпай қарастыру түрлі көзқарастың пайда болуына себеп болды, кезінде академик В.В.Виноградов рай тұлғасы туралы: «Ол іс-әрекеттің модальдығын, яғни іс-әрекеттің сөйлеуші жақ белгілеген шындыққа қатынасын айқындайды», – деп анықтама берді.Бұл пікірді көптеген лингвист-ғалымдар И.И. Мещанинов, Е.И. Коркина, Н.Е. Агазаде және т.б. қолдайды.
Қазақ тіл білімінде академик В.В. Виноградовтың пікірін профессор А.Ысқақовтың қолдағанын, рай мен модальдықты бірлікте қарастырғанын автордың мынандай анықтамасынан байқауға болады: «...сөйлеуші лебізінің, я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы берілу жүйесі модальдық категориясы деп аталады. Модальдық категориясының етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі етістіктің райы деп аталады. Олардың әрқайсысында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ модальдық мән бар». К.Ахановтың, М. Томановтың пікірлері де осындай: «Рай категориясы модальдылықты, ісәрекетті шындыққа қатынасын білдіретін грамматикалық категория. «...Рай – сөздің белгілі бір формасымен берілген модальдыл ық». «Рай деп, әдетте әр түрлі етістіктің модальдық мән беретін тұлғалары аталады».
А.Ысқақов райды модальдықтың шындықты ақиқат , ақиқат емес тұрғыда білдіруіне қарай топтайды.«Модальдық категориясы арқылы айтылатын пікірдің ақиқатқа қатынасы не реалды болып, не неғайбыл болып көрінуге тиіс. Осындай ерекшеліктеріне қарай, демек амалдың ақиқатқа қатынасын білдіруіне қарай етістіктің райлары іштей сараланып, ашық және неғайбыл райлар деп аталатын екі салаға бөлінеді». Белгілі ғалым И.Маманов райды модальдықтың объективтік және субъективтік болып бөлінуіне қарай топтайды. И.Мамановтың ойынша «ашық рай сөйлеушінің қимылдың болу-болмауы туралы объективті шындықты баяндауын көрсететін етістіктің арнайыформасы».Яғни, қимыл объективтік шындыққа қатысты болады. Ал, райдың басқа түрлері сөйлеушінің бір іске субъективті көзқарасын білдіреді. Басқаша айтқанда, сөйлеушінің бір істі қалауы, өкінуі, шарт қоя сөйлеуін көрсетеді. Осыған байланысты профессор С.Исаев: «Рай категориясы етістіктің модальдық мәнін толық қамти алмайды.Оның үстіне сөйлем модальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болғанымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сия бермейді. Мысалы, ... білгішсіну, жүріңкіреу, келгіштеу ... сияқты сөздермен негізгі етістік пен модаль сөздердің тіркесімен құралған тіркесті түбір етістіктерде әр түрлі модальдық мән беретіні күмән тудырмайды, бірақ рай категориясының ауқымына енбей жүр, себебі, біріншіден, модаль мән, реңк тудыратын қосымшаларда категориялық сипат жоқ, барлық етістікке я етістіктің белгілі бір грамматикалық тобына әрдайым жүйелі жалғана алмайды, екіншіден, олардың көпшілігінің -сы, -сі, -сын, -сін, -сындық, -ғым, т.б. сөзжасамдық қасиеті бар немесе лексикаграмматикалық сипаты бар, етістік түбірінің грамматикалық сипатына сай келеді, үшіншіден, негізгі етістік пен модаль сөздің көмекші мәнде тіркесуі етістік табиғатында таза грамматикалық категория емес, лексика-грамматикалық құбылыс ретінде жеке қаралуы тиіс», -деп, олардың арасындағы айырмашылықтарды талдайды.
Жалпы түркі тілдерінде болсын, қазақ тілінде болсын білдіретін мағынасы мен тұлғасына қарай рай категориясын бөлуде әр түрлі пікірлер қалыптасты. Ең алғаш рай категориялары туралы өзінің 1860 жылы жазған «Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегінде Н.И. Ильминский қазақ тілінде төрт рай: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, тұйық рай бар деп тұжырымдаса, 1894 жылы жарық көрген «Краткая грамматика казах-киргизского языка» атты еңбегінде П.М.Мелиоранский рай категориясын бес түрге бөледі: бұйрық рай, қалау рай, шартты рай, ашық рай, тұйық рай. 1897 жылы миссионерлер қоғамы басып шығарған В.В.Катаринский еңбегінде рай категориясының сегіз түрін көрсетеді: бұйрық рай, ашық рай, қалау рай, тұйық рай, шартты рай, күмән рай, шарттылық рай, қарсылықты рай. Ал кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі жылдары жарық көрген Г.Архангельскийдің «Қазақ тілі грамматикасы»мен К.Кемеңгеровтың «Қазақ тілі» оқулығында жоғарыда айтып өткен В.В.Катаринскийдің «Қырғыз тілі грамматикасынан» еш айырмашылығы болмады.
Жак пен жіктелу ұғымы бір-біріне толык балама емес. Әдетте мектеп окулықтары мен грамматикаларда жақ ұғымы таза морфологиялық кан тұрғыдан жіктік жалғау я жіктелу деген парадигмалык жүйенің шеңберінде көрсетіліп келді. Бірақ одан жіктік жалғаудың табиғаты толык ашыла алмайды,әсіресе оның жактық сипаты мен сөйлеу процесіндегі қызметі айқындалмай қалады. Оқулыктар мен грамматикаларда беріліп жүрген жіктік жалгау жүйесінде оған жақтық сипат та берілген. Морфологиялык көрсеткіш ретіндегі жіктік жалғау үш жактың әр жағында бөлек-бөлек болып түрленіп, сол аркылы, бір жағынан, тұтас біртектес грамматикалық магынаны білдіріп, екінші жагынан, әр жакты әр түрлі грамматикалык формалар арқылы бір-біріне кайшы грамматикалык магына білдіріп, морфологиялык түрлену жүйесінің, яғни парадигмалық жүйенің жиынтығын кұрау аркылы грамматикалық категория болып танылады.
Сөздердің жіктелу жүйесі, бір жағынан, морфологиялық түрлену тұлғаларының жүйесі, екінші жағынан, сол арқылы берілетін грамматикалык мағыналар жиынтығы аркылы грамматикалық категория болып танылатыны рас. Сонымен бірге осыған негіз болып отырған жіктік жалғаулардың синтаксистік кызметі мен сөйлем құраудағы сипаты ерекше екенін естен шыгаруға болмайды. Әрине, барлық жалғаулардың да, кейде көптік жалғаудың сөз байланыстырудағы кызметі ерекше екені белгілі. Сондыктан да олар баска косымша түрлерінен бөлініп, жалғау деп аталады. Ал жіктік жалғаудың сонымен бірге сөйлем құрауга сөйлемді тиянақтап, ой білдіруге тікелей катысы бар, өйткені сөйлемнің діңгегі, ойдың көрінісі, негізі болып есептелетін сөйлемнің баяндауышы жіктік жалғау аркылы, бір жағынан ойдың казығы, қимыл, іс-әрекеттің иесі бастауыш пен қиыса байланысып тұрса, екінші жағынан, ойды тұжырымдап, тиянақтап, сөйлемді аяқтап тұрады. Сондықтан да түркологияда жіктік жалғауын баяндауыш қосымшасы немесе баяндауыш категориясының тұлгасы деп атайды.
Қазак тіл білімінде жіктелуді, жіктік жалғауды бірде тек жақтық мағынамен байланысты карап, оны, жақтық мағынаны, предикативті мәнімен барабар деп түсінушілік те бар. «Жіктік жалғауы өзінің жалғанған сөзіне тек қана жақтық мағына үстейді, яғни предикативтік реңк береді». Бірақ сол арқылы грамматикалық жүйе ретінде жіктік жалғау тек жақтық мағынамен ғана шектеліп қалмайды, онда жіктік жалгаудың тәуелдік жалғаудан бөлек грамматикалык категория боларлықтай ерекшеліктері, айырмашылыктары болмас та еді. Жақтық мэн жіктік жалғауда да, тәуелдік жалғауда да бар. Оның үстіне жактық мағынаны тек предикативтік реңк деп түсінуге де болмайды. Бұлар, жақтык мағына, предикативтік реңк, бір жағынан, бір-бірінен бөлек, екінші жағынан, әр тілдік қабаттың жүйесінен шығатын әр түрлі ұғымдар, сөйтіп, олар бірінің орнына екіншісі жүрмейді, бір тілдік құбылыстың шеңберінде бір-бірін әр жақтан бірі морфологиялық, сөздің бір кұрамды бөлшегі жэне оның білдіретін грамматикалық магынасы ретінде, екіншісі басқа бір сөз бен қатынасты негізінде толықтырып отырады.