Шын мәнінде неше рай болуы керек?



Дата13.04.2023
өлшемі88,59 Kb.
#82586


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
филология факультеті
 
 



СӨЖ
 
Пәні: Қазақ тілінің морфологиясы
Тақырыбы: Рай категориясының жіктелуі және модаль сөздерді қарастыру
Орындаған: Мамырбекова Шұғыла қтә 202
Қабылдаған: Жұбай Орынай Сағынғалиқызы






Шын мәнінде неше рай болуы керек?
Ең алдымен, қазақ тіл білімінде талас тудырып жүрген осы рай категориясын кім қалай жіктегеніне тоқталайын.
Зерттеушілердің барлығы дерлік райды: «сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы», - деп түсіндіреді.Бұл негізде зерттеушілер арасында алшақтық жоқ.
А.Байтұрсынұлы етістіктің рай категориясының 15 түрі бар екенін айтқан: ашық, билік, тұйық, шартты, реніш, ереуі, қалауы, сенімді-сенімсіз, мұң мен көніс, азалы,
теріс және қайрау.Ахмет Байтұрсынұлы рай түрлерін қолданылуы мен беретін мағыналарына қарай жіктеген.Бір өзгешелігі басқа ғалымдарда бұйрық рай деп беріліп жүрген рай түрі Ахметте билік рай деп аталған.Бұны ашып түсіндірер болсам, бұйрық рай деп орыс тілінен аударғанда солай аталып кеткен.Негізінен билік рай деп аталуы керек.Билік рай деп аталуының себебі қазіргі бұйрық райдың I-жағы ол қалау рай деген сияқты кереғар тұжырымдар дұрысталар еді.Яғни бұйрық райды билік рай деп атап,III жақтада тек билік райда қолданғанымыз дұрыс.
Рай категориясын арнайы сөз етіп, өзінше топтастырған ғалымның бірі – Қошке Кемеңгерұлы. Қ.Кемеңгерұлы А.Байтұрсынұлының жіктеуін басшылыққа алғанмен, оны барынша ықшамдап, мағыналық жақындығына, сыртқы тұлғасына қарап топтастыруға тырысқан. Сол себепті билік, қайрау, ызалы райды – бұйрық рай; шартты рай мен реніш райды – шартты рай; қалау, мұң, сенімді райларды - қалау рай деп біріктірген. Және тағы теріс райды 6-шы рай түрі ретінде көрсеткен.Теріс рай:жазса игі еді.Бұл жерде менің қосар ойым, теріс рай өтініш,сенімізсіздікке көбірек келетін сияқты сол себептен де қалау райдың қатарына қосуға болады.
Ал қазіргі таңда райдың тек 4 түрі ғана бар деп қолданылып жүр.Оның себептері бәрімізге мәлім.
Енді, меніңше райдың шын мәнінде неше түрі болуы керек ?
Меніңше,райдың тек 5түрі болуы керек.Ашық райды табыс септігі немесе жай шырай сияқты рай түрі ретінде көрсетудің керегі жоқ.Себебі,ашық рай аты айтып тұрғандай белгілі бір сезімді райды білдірмейді,жұрнақтары да жоқ.
Келесі,бұйрық райды билік деп атау қажет.Сонда адам өзіне бұйыра алмайды немесе қалау рай түрінде қарастыруы тоқтар едіЖәне билік райдың ішіне қайрау мен ызалы райды топтастырар едім..Ал қалау райдың қатарына мағыналары ұқсас болғандықтан мұң рай,сенімді рай,көніс рай,теріс райды біріктірер едім.Болжау рай түрі мен .Болар еді сөзі сенімісіздік немесе қалаудан гөрі маған нақтылы болжамға жататын сияқты.Ереуіл райды да рай түріне жатқызу керек.Себебі,шарттылық емес сөйлемде бір-біріне қарсы екі сөйлемді қарастырғанда шарт емес кереғарлық басым.
Сонымен менің жіктеуім бойынша рай түрлері шын мәнінде мындай 5 түрі болуы керек::
1.Билік рай
2.Қалау рай
3.Шартты рай
4.Болжау рай
5.Ереуіл рай

Тілдегі модальділік мәселесі – түбі тереңде жатқан, аспектісі сан-қилы мәселе екені анық.Ал осы модаль сөздерге байланысты ғалымдар тұжырымдары да сан қилы.Ең алдымен модаль сөз дегеніміз не екеніне тоқталайық.
Модаль сөздер дегеніміз – материалдық мағынасы жоқ, сөйлеушінің айтылған сөзге (әңгіме, дерек, ақпарат, пікір) деген қатынасын немесе қосымша лебізін біл- діруге арналған тілдік бірліктер. Тілдік бірліктер дейтін себебіміз модаль сөздер бір сөз немесе сөз тіркесі, тіпті сөйлем болуы да мүмкін. Кейбір модаль сөздер тек экспрессивті көңіл-күйді ғана білдіреді. Сондықтан модаль сөз ұғымы шартты түрде қабылдау қажет.
Модаль сөздер семантика-синтаксистік функциясы жағынан демеулік шылауларға жақын, алайда лексикалық формасы бар тілдік тұлға саналады. Морфологиялық си- патына келсек, модаль сөздердің жұрнақ не қосымша жалғауға қабілетті емес. Сөз ту- дырушы не сөз жасаушы жұрнақтар жалғанбайды.
Модаль сөздер түркі тілдерінде негізінен көмекші сөздер қатарына жатады. Қазақ тілінде де көмекші сөздер ретінде қарастырылады. Модаль сөздердің заттық-дербестік мағынасы болмайды. Олардың семантикалық сапасы модальділікті білдіретін грам- матикалық мағынамен сабақтасып жатады. Түркі тілдерінің көпшілігіндегі модаль сөздер бастапқы лексикалық мағынасын жоғалтудан қалыптасқан.
Модаль сөздерді Н.Басқақов,Ж Түймебаев, Н.Оралбаева, Т.Қордабаев т.б мағынасы мен қолданысына қарай түрліше топтастырған.
Қазақ тіліндегі модаль сөздердің жасалу жолдары:
1. Таза модальды және есім модальды сөздердің, сондай-ақ модальды тіркестердің қатарындағы тәуелді формада тұрақтанып қалған лексемалар: қысқасы, ыңғайы;
2. Кейбір үстеулер мен үстеу мәнде қолданылатын зат есімдердің заттық мәнінен айырылу нәтижесінде пайда болады: шын, рас;
3. Предикаттық функциясынан айырылған бағыныңқы сөйлемнің баяндауышынан жасалады: көрінеді, дейді, деседі, білем;
4. Модаль тіркестің бір компонентінің түсіп қалуы арқылы да жасалады: мүмкін, ықтимал;
5. «Бет, бейне, пішін, порым, түрі» мағынасын білдіретін түбірлерден жасалады:
сияқты, секілді, сықылды, тәрізді, тақылетті, рәуішті, іспетті, әлпетті;
6. Араб-парсы тілдерінен ауысып келген сөздер: бәлки, бәлкі, бәлкім, әлбетте,
зайырлы, лазым, ықтимал, мүмкін, рас.
Ж.Түймебаев,Н.Басқақов,Қ.Оралбаева мағыналық топтарын көрсетеді.
Модаль сөздерден бөлек қазақ тіліндегі модальділік мағынасын етістіктер, оның ішінде рай категориясы дәл береді. Мәселен, грамматист А.Ысқақов модальділікті ең алдымен райлық мағынамен қабаттас қараған. Міндеттілік, қажеттілік, өтініш мағыналарын беретін модальдік формаларды райлық мағынаға жатқызған. А.Байтұрсынұлы етістіктің рай категориясының 15 түрі бар екенін айтқан: ашық, билік, тұйық, шартты, реніш, ереуі, қалауы, сенімді-сенімсіз, мұң мен көніс, азалы,
теріс және қайрау.
Рай категориясының бір ерекшелігі – модальдік мағынаны жеке тұрып білдіргенге қарағанда, тіркесіп формалы түрде келіп бергені жиірек ұшырасады.
Осы жерде қосарым,рай түрлері модальдылық мағынасын береді.
Бірақ мен ғалымдардың берген тұжырымдарын салыстыра келе,мына пікірмен келісемін:
С.Құлманов рай категориясының модальділікті білдірудегі мына бір қасиетін алға тартады: «...модальділік категориясын сипаттаудың бірінші бағыты оны (модальділікті) рай категориясымен сәйкес деген көзқарасқа негізделгенін айтқанбыз. Рай категория-сы етістіктің грамматикалық категорияларының бірі болып табылады. Рай категориясы- ның грамматикалық мағынасы модальділік мәнін білдіретіні де шындық. Бірақ модаль- ділікті рай категориясымен толықтай сәйкес деуге келмейді. Өйткені рай – етістік кате- гориясы да, ал модальділік етістіксіз сөйлемдерде де кездеседі. Модальділік райдан басқа да тілдік құралдармен білдіріледі. Оны білдіруге модаль сөздер, сөз тіркестері, аналитикалық форманттар, синтаксистік құралымдар (конструкция), тіпті контекстік- мәтіндік құрылымдар да қатысады. Демек, рай категориясы – модальділікті білдірудің бір жолы ғана» дейді.
Сонымен қорыта келе,рай категориясы мен модаль сөздердің ұқсастықтары бар,бірақ бөлек қарастырған жөн.Себебі,рай категориясы-модальділікті білдірудің бір жолы ғана.
Т.Сауранбаев та «Рай категориясы мен әрекеттің шындыққа қатынасын білдіру арасында дәлме-дәл келушілік, толық сәйкестік болмайтынын тура айтуымыз керек. Рай басқа да грамматикалық категория тәрізді қазіргі дамыған тілдерде ойлаудың тілдегі ұзақ уақыт бойы абстракцияланушылық әрекеті арқылы орныққан таза тілдік категория болып есептеледі ,-дейді.
Осы негізде модаль сөздерді қайта қарастырып рай түріне жатқызуға болатын түрлерін тауып,саралап,қарастырған жөн.Әлі де көп зерттеуді қажет ететін басы ашылмаған тілдік бірлік деп санаймын.

Пайдалған әдебиеттер тізімі:



  1. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МОДАЛЬДІЛІК КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ,авторы:Қ.Слямбеков.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет