Әл-Фараби атындағы ҚазҰу филология және әлем тілдері факультеті «5B020500»


Көптік ұғым формасының бірден-бір грамматикалық көрсеткіші



бет4/20
Дата07.01.2022
өлшемі61,35 Kb.
#19723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Көптік ұғым формасының бірден-бір грамматикалық көрсеткіші -көптік жалғауы болғанмен, проф. А. Айғабыловтың: «Зат есімнің -лар, -лер жалғауынсыз қолданылып, көптік мағына беретіні», проф. А. Ысқақовтың: «Сөздің көптік мағына беруіне лексикалық мағына себеп болатыны», проф. С. Исаевтың: «Қой, түйе сияқты сөздер жекеше (-лар, -лерсіз) тұрып көптік мағына беретіні», ал қазақ тілінде «қой» - жекеше, «қойлар» - көптік формада деген түсініктің қате екендігі туралы айтқандары бүгінгі күні ескерусіз қалды. Ол, ол ма, қазақтың ауызекі сөйлеу тілі таза ескерусіз қалды. Ауызекі сөйлеу тілінің қазақ әдеби тілінің табиғи ерекшеліктері мен заңдылықтарының қайнар көзі екені ұмытылды. Қазақтың әдеби тілі орыс тіл біліміне сай құрылды және оның заңдылықтарымен нормаланды. Қазақ тіл білімінде грамматика, грамматикалық көптік мағына туралы ілім А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады. Олардың еңбегінде зат есімнің жекеше-көпше түрі алғаш қарастырылды. 1940 жылдан кейін қазақ тіл білімінде грамматика жағдайы күрт өзгерді - акад. М.С.Сергалиев айтқандай, орыс тіліне еліктеу басталды - сөйлемнің кез-келген мүшесіне орынды да, орынсыз да -лар, -лер жұрнақтарын жалғау басталды. Мысалы, 1954 жылғы оқулықта көптік категориясы ғана сөз болды. «Басқа түрік тілдеріндегі сыяқты, қазақ тілінде де зат есімнің көптік категориясы үш түрлі тәсіл арқылы… 1. Морфологиялық тәсіл деп түбірге я туынды түбірге көптік жалғауының -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшасының қосылуы арқылы жасалуын айтамыз… Мысалы: қала - қалалар, үй - үйлер, қыз - қыздар, із - іздер, институт - институттар, мектеп - мектептер». Кейінгі оқулықтарды зат есімнің жекеше мен көпше түрі жеке тақырып етіп берілген, алайда оларда жекелік мағынаға көңіл бөлінбеген, тек қана көптік мағына мен оның берілу жолы көрсетілген. Мысалы, проф. А. Ысқақовтың оқулығында көптік мағына талданған. Оның пікірінше, «тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал, осы екеуі бірдей ұғым да емес, бірдей категория да емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық тәсіл арқылы да, морфологиялық тәсіл, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет