Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі дайындық факультеті



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі292,48 Kb.
#9981

                      

Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ 

ЖОО-ға дейінгі дайындық   факультеті 

Абдвахитова Г.Н. 

Тилеужанова Г.Т. 

 

 

                           

Қазақ тілінде фонетиканы оқыту. 

         Еліміздегі  басты  мәселелердің  бірі  –    АИР      және  қазақ  диаспорасы  тыңдаушылары 

мемлекеттік тілде қарым-қатынасты жүзеге асыруы. Осы мәселені іске асыру барысында ЖОО-ға 

дейінгі  білім  беру  факультетінде  мемлекеттік  тілді  жаңаша  әдіс-тәсілдермен,  технолгиялармен 

оқыту жолдары қарастырылуда. Тыңдаушының белсенділігіне ерекше әсер ететін фактордың бірі 

–  тыңдаушының  айналасындағы  адамдармен  қарым-қатынасы.  Сондықтан  сӛйлеушіге  болсын, 

тыңдаушыға  болсын  фонетикалық  дағдыларды  меңгертудің  маңызы  зор.  Себебі,  фонетикалық 

тұлғалардың  жазылу,  оқылу,  айтылу  ережелерінің    дұрыс  қолданылуы  сӛйлеуші  үшін  де, 

тыңдаушы үшін де ортақ. Фонетиканы оқытудағы ең басты мақсаты  – тек дыбыстарды меңгерту 

ғана емес, тыңдаушыны қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтып, жаза білуге, ойын толық, еркін 

жеткізе  білуге  үйрету.Сондықтан  субъектінің  қатысымдық  құзыреттіліктерін  дамыту  деп,  оқу 

үрдісінде жүйелі түрде коммуникативтік технологияны қолдану болып табылады. 

  Қазақ  тілінің  фонетикасын    тыңдаушыларға    қатысымдық  құзіреттіліктерін  дамыту  үдерісі, 

фонетиканы  қатысымдық  тұрғыдан  меңгертудің  ұтымды  әдістері.  Қазақ  тілінің  фонетикасын  

тыңдаушыларға : 

 1.қатысымдық  құзіреттіліктерін  дамытудың  ұтымды  әдістемесін,  жолдарын,  әдістерін, 

модельдерін ұсыну; қатысымдық тапсырмалардың ӛзіне тән белгілерін анықтау. 

 2.  қатысымдық  тапсырмаларды  анықтау  және  олардың  қазақ  тілінің  фонетикасын  меңгертудегі      

ұтымдылығын айқындау; 

 3.қазақ  тілінің  фонетикасын  қатысымдық  құзіреттіліктерін  дамытудың  ұтымды  жолдарын 

кӛрсету; 

 4. қатысымдық тапсырмалардың тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу. 

       Қазақ  тілінің  фонетикасын    тыңдаушыларға    қатысымдық  құзіреттіліктерін  дамыту 

біріншіден,  олардың    дыбыстарды  есту,  айту  және  жазу  дағдыларын  жалаң  түрде  емес,  сӛз, 

сӛйлем,  мәтін  ішінде  меңгертуге  мүмкіндік  береді;  екіншіден,  тыңдаушылардың    фонетикалық 

дағдылары  тұрақталады;  тілдік  қатынас  дұрыс  іске  асады;  үшіншіден,  қатысымдық  модельдерді 

қолдану арқылы тыңдаушының білім сапасы артып, дұрыс сӛйлеу қабілеті дамиды. 

      Тыңдаушылардың  белсенділігіне  ерекше  әсер  ететін  фактордың  бірі  –  тыңдаушының 

айналасындағы  адамдармен  қарым-қатынасы.  Фонетиканы  оқытудағы  ең  басты  мақсат  –  тек 

дыбыстарды меңгерту ғана емес, тыңдаушыны  түсінікті сӛйлеуге, яғни айтар ойын дұрыс жеткізе 

білуге  үйрету.  Фонетиканы  оқыту  арқылы  тыңдаушылардың  қатысымдық  құзыреттіліктерін 

дамытуда  ең  алдымен  олардың  тілдік  қатынасқа  негіз  болатын  ойлау  қабілеттерін  дамытуға 

жағдай жасау қажет. Себебі ең алдымен адам ойын біреуге жеткізу үшін сӛйлем құрастыра білуі 

керек.  Сӛйлем  дыбыстардан  құралған  сӛзден  және  сӛз  тіркестерінен  тұратыны  дәлелді  қажет 

етпейді. Ойлау қабілеті күшті дамыған адамның сӛйлеу қабілеті де ерекше болады. 

       Тыңдаушыларға    фонетиканы  қатысымдық  тұрғыдан  оқытудан  лингвистикалық  негіздерін 

қарастыруда 

тілдің 


заңдылықтарына, 

фонетикалық 

ережелерге, 

орфоэпиялық 

және 

орфографиялық нормаларға, үндестік заңдарын игеру жолдарына кӛңіл бӛлінді. 



 Қазақ тілінің табиғаты мен заңдылықтарын үйренбей тұрып, тыңдаушы ӛз ойын басқаға жеткізе 

алмайды,  қазақ  тілінде  сӛйлей  алмайды.  Тыңдаушының  тілдік  қорында  сӛздер  қаншалықты  кӛп 

болғанымен, оларды бір-бірімен байланыстыру ережесін білмесе, тыңдаушы ойын дұрыс жеткізе 

алмайды. 

       Қазақ  тілінің  фонетикалық  жүйесін  ӛткенде  дыбыстардың  пайда  болу  жолдары,  дыбыстау 

мүшелері, олардың сӛйлеу кезіндегі қызметі меңгеріледі. Дыбыс деген ұғымға назар аударылып, 

оның айтылу, естілу жағдайына бақылау жасалынады. Сондай-ақ, сӛздегі әр дыбыстың саны мен 

мәні әр түрлі болса, сӛздің мағынасы да ӛзгеше болатыны туралы мәлімет беріледі. Мысалы, ал-әл, 

сан-сән, құндыз-күндіз, т.б. Осылайша сӛздің басында, ортасында, аяғында дыбыстардың ӛзгеріске 

түскенін  байқаған  тыңдаушы  сӛз  мағынасын  түсінуге  тырысады.  Қазақ  тілі  фонетикасын 

тыңдаушыларға таныстырғанда үндестік заңына ерекше назар аударған жӛн. 


        Тыңдаушының қарапайым жан қуаттарының бірі – түйсік. Түйсік – тыңдаушыға тікелей әсер 

ететін  сыртқы  факторлар  мен  тітіркендіргіштердің  әр  түрлі  жеке  қасиеттерінің  мида  бейнеленуі 

болып  табылады.  Жалпылау,  жинақтау,  топтастыру,  талдау  әрекеттері  арқылы  ғана  адам 

қабылдаған затының мағынасын нақты ұғады. 

       Фонетиканы  қатысымдық  құзыреттіліктерін  дамытуда  тыңдаушы  зейінінің  негізгі  сапаларын 

жетілдіру қажет. Себебі, егер тыңдаушы белсенді ойлау қызметіне тартылмаса, онда ол зейінінің 

тұрақсыздығына  әкелді.  Бұл  тыңдаушының  фонетикадан  игеретін  білім  сапасына  кері  әсерін 

тигізеді. 

       Тыңдаушылардың  фонетиканы  қатысымдық  құзыреттіліктерін  дамытуда  оқытушы  мен 

тыңдаушылардың  екі  жақты  әрекетіне  кӛп  кӛңіл  бӛлінді.  Ӛйткені  бұл  –  бір  жағынан,  қазақша 

тілдік  қатынасқа  үйретудің  жалпы  мақсаттары  және  міндеттерімен  анықталатын  объективті 

әрекет,  екінші  жағынан  –  тыңдаушының  ӛзіндік  мақсаты,  міндеті  және  қызығушылықтарымен 

айқындалған жеке, субъективті әрекет. 

         Қазақ тілінің дыбыс жүйесін қатысымдық тұрғыдан меңгерту үшін қатысымдық тапсырмалар 

жүйесін  жасау  қажет.  Мұндай  тапсырмалар  жүйесі  қатысымдық  тұлғалардың  модельдеріне 

негізделеді.    Әр  сабақта  бұрыннан  ӛтілген  дыбыс,  буын,  сӛзге  қатысты  модельдер  түрленіп 

отырады. Әрі қарай әр сабақ сайын жаңа сӛз, жаңа сӛйлемдер қосыла береді, соның нәтижесінде 

берілетін  материалдың  ішіндегі  қатысымдық  тұлғалар  да  біртіндеп  күрделене  береді.  Олар 

біртіндеп  диалог,  монолог,  тұтас  мәтін  сияқты  күрделі  қатысымдық  тұлғаларға  айналады. 

Осылардың  бәрін  тыңдаушылар  ӛздері  шығармашылықпен  орындайды.  Тек  тыңдаушылар 

ӛздеріне  оқытушы ұсынған алғашқы модельдердің құрылымын жақсы меңгеріп алса болды. Жаңа 

модельдерді соларға қарап ӛздері оңай-ақ құратын болады. 

        Дауыстыларды дауыссыздармен бірге айту үшін мынадай дыбыстық модельдер қолданылады: 

“БА – БЕ - БӚ - БӘ - БО – БҰ – БҮ – БЫ – БІ”. 

 Қазақ  тілінде  дауыссыз  дыбыстарды  осы  модельдермен  айтқызу  арқылы  тыңдаушылар 

дыбыстардың құрақтық модельдерін игере бастайды. Дыбыстық құрақтарды меңгертудің бірнеше 

ішкі тәсілдері бар. Мәселен, қатаң-ұяң құрақтарды ӛзара салыстыра айтқызу ҚА  – ҒА, ПА – БА, 

ТА – ДА, т.б. 

 Тыңдаушының дұрыс сӛйлеуін, әдеби нормаға сай сӛйлеуін бақылап, түзетіп отыру үшін әр түрлі 

модельдер  арқылы  артикуляциялық  базаны  қалыптастыруға  арналған  жаттығу  жұмыстарын 

ауызша орындалады.  

        Қазақ тілінің дыбыс жүйесін тыңдаушыларға меңгертуде жай сӛйлем модельдерін пайдалану 

ӛте ұтымды. Бұл модельдер мысалы, мынадай құрылымнан тұрады: 

 Сен ... бар(кел). 

 Мысалы, Сен мектепке бар (Сен досыңа бар.  Сен әжеңе бар. Сен киноға бар.) Сен үйге кел (Сен 

маған кел. Сен мектепке кел). 

 Сен ... қара (айт). 

 Мысалы, Сен киноны қара (Сен суретті қара. Сен терезеге қара). Сен ӛлең айт (Сен сабақ айт. Сен 

әңгіме айт. Сен маған айт). 

 Маған ... керек. 

 Мысалы, Маған кітап керек. Маған дәптер керек. 

 Мен ... оқимын. 

 Мысалы, Мен мектепте оқимын. Мен 4-сыныпта оқимын. Мен ертегі оқимын. 

 Мен ... ішіп отырмын. 

 Мысалы, Мен шырын ішіп отырмын. Мен тамақ ішіп отырмын. 

 Сӛйлем  модельдерінің  мағыналық  құрылымын  меңгертуде  тыңдаушыларға  олардың  алдымен 

қайсысы, соңында қандай түрі берілетінін анықтап алу қажет. 

      Тыңдаушылар  сӛйлем  модельдерін  әбден  меңгергеннен  кейін,  оларды  одан  әрі  күрделендіре 

түсу  қажет.  Ол  үшін  істелетін  іс-әрекетке  бару,  шығу  бағытын,  орындалу  мезгілін,  орнын, 

уақытын,  неге,  кімге  тәуелділігін  білдіретін  қатысымдық  тұлғалар  біртіндіп  түрленеді.  Мысалы, 

Сен  әкел  моделі  бойынша  тыңдаушылар  тақтаға  кезекпен  шығып,  тӛмендегідей  жаңа  модельдер 

құрайды. 

 Сен әкел. 

 Сен қарындаш әкел. (Сен қалам әкел). 

 Сен қара қарындаш әкел. (Сен ақ қалам әкел). 

 Сен үш қара қарындаш әкел. (Сен екі ақ қалам әкел). 



 Сонымен  тыңдаушылар алдымен  бұйрық  мәнді  бір  сӛйлем  моделін  кеңітіп  толықтырады.  Содан 

кейін  оқытушының  нұсқауымен осы модельдерді негізге ала отырып, әр тыңдаушы орындарында 

отырып, бұйрық мәнді жаңа сӛйлем модельдерін құрады. 

 Қазақ  тілі  сабағында  тыңдаушыларды  шығармашылыққа  баулу  әдісін  дыбыс  жүйесі  бойынша 

келесі жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асырады: 

 а) дыбыс жүйесі бойынша берілген материалдың түрін ӛзгерту; 

 ә) мәтінді кӛшіру; 

 б) тыңдаушылардың берілген материалды мазмұндауы; 

 в) шығармашылық диктанттарды жаздыру; 

 г) эссе жаздыру. 

 Қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесін  меңгерту  тӛмендегі  қатысымдық  тапсырмалар  жүйесін  орындау 

барысында жүзеге асады. Олар: 

 дыбыстармен буын, сӛз моделін құру; 

 буын, сӛз модельдерімен сӛйлем моделін құру; 

 сӛйлем модельдерімен диалог және монолог (мәтін) құру; 

 дыбыс жүйесіне негізделген ойын арқылы тыңдаушылардың сӛйлеу дағдысын дамыту; 

 дыбыс жүйесі бойынша берілген моделдердің түрін ӛзгерту; 

 дыбыс жүйесін қатысымдық тұрғыдан меңгертуге арналған жазба жұмыстарын орындау; 

 дыбыс жүйесін жан-жақты меңгерту үшін техникалық құралдарды қолдану. 

 Тәжірибеге  дейін  және  одан  кейін  нәтижелерді  салыстыра  отырып,  қатысымдық  әдісі  арқылы 

қазақ  тілі  фонетикасын  игертудің  ерешеліктері,  әдістеменің  тиімділігі  анықталды. 

Тыңдаушылардың  қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесі  бойынша  алған  білім  сапасы  және  қатысымдық 

құзыреттіліктерінің қалыптасуы, дамуы тексерілді. 

Тыңдаушыларға қазақ тілінің дыбыс жүйесін меңгерту барысында қатысымдық тұлғалармен: сӛз, 

сӛйлем,  мәтінмен  жұмыс  жасау  олардың  тілді  тез  сапалы  игеруіне  септігін  тигізеді; 

тыңдаушылардың қазақша тілдік қатынасқа еркін түсу мүмкіндігі артады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. – Алматы: РБК, 2000. – 208 б. 

“Қазақ  тілі  мен  әдебиеті”  журналы.  –  2003.  №12  //  Дыбыстар  жүйесін  қатысымдық  тұрғыдан 

оқытудың тәрбиелік мәні. 

“Ізденіс”  журналы.  –  2003.  №4(2)  //  Қазақ  тілі  фонетикасын  орыс  мектебі  оқушыларына  оқыту 

мәселесінің зерттелуіне қысқаша шолу. 

“Білім”  журналы.  –  2002.  №2(8)  .  Дауыстылар  жүйесін  оқыту  барысында  орындалатын  жаттығу 



жұмыстары 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет