Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы


-БӨЛІМ. ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР



бет11/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Байланысты:
treatise96353

2-БӨЛІМ.
ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР


8. ПОЛИГРАФИЯДАҒЫ БАСЫЛЫМ ТҮРЛЕРІ

Полиграфия - техниканың бір саласы, басылым өнімдерін – кітаптарды, газеттерді және басқа да полиграфиялық өнімдерді шығаруға қажетті техникалық құралдардың жиынтығы. Басылым өнімдерін полиграфиялық әдіспен өндіру, әлбетте бейненің (басылым формасының) бетіндегі бояуды, қысым арқылы таңба түсірілетін материалға (қағазға не басқаға) қайта-қайта көшіруге негізделеді. Бейнені осылай дүркін-дүркін көшірудің нәтижесінде тираждық табақтар алынады. Әрбір тираждық табақ – басылым формасының оттискісі (көшірмесі). Табақтардың тираждық деп аталатын себебі мынадан: басылатын табақтардың жалпы саны тиражбен, яғни кітап, журнал, газет т.б. тарату үшін көбейтіп алынған даналардың санымен анықталады.


Өндірістің полиграфиялық әдісінің процесі басылым болып табылады. Басылым процесін жүргізу үшін, қағаз бетінде қажетті мөлшерде оттискілер алу үшін баспа бояуын басылым формасынан қағазға көшіру керек. Басылым формасы – бейненің таңбасы, яғни бетінде басылып көбейтілуі қажет бейнесі бар төңірегі жайпақ немесе иілген металл яки пластмассалық пластина. Басылым формасына арнаулы біліктің көмегімен не бір басқа тәсілмен баспа бояуын жағады.
Басылым оттискісін алудың негізгі алғашқы шарты – басылым формасы бояуды таңдамалы түрде қабылдауы керек. Басылым формасының бетінде екі түрлі элементтердің – бояу түсетін баспа жердің және бояу түспейтін ашық жердің болуы қажет. Баспа элементтері бояу жағу процесінде бояуды қабылдайды, ал ашық элементтердің бетінде бояу болмауы керек.
Оттискілер алудың екінші шарты – басылатын бет пен басылым формасының арасында белгілі бір қысымның қажеттілігі. Басылым формасына жағылған бояудың басылатын бетке түсуі үшін қысым барынша жеткілікті болуы керек.
Ал енді қазіргі полиграфиялық кәсіпорындарда барынша кең қолданылатын басылымның үш әдісінің басты ерекшеліктерін талдап көрелік. Бұл әдістер ең алдымен бояу жағылатын баспа элементтері мен бояу түспейтін ашық элементтердің басылым формасы бетіндегі арақатынасымен ерекшеленеді.



1-сурет. Басылым түрлері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет