Офсеттік басылым – жазық басылымның бір түрі. Офсеттік басылымда жазық басылымның дағдылы формалары пайдаланылады, бірақ біз талдаған барлық әдістерден айрықша мұнда түзу бейне қолданылады. Офсеттік басылымда формадағы бейне алғашында басылатын материаға емесе, аралық иілімді табаққа – резинка пластинкаға түсіріледі де, сонан соң осы пластинадан қағазға не басқа материалға басылады.
Офсеттік басылымның белгілі бір бейнені формадан тікелей қағазға көшіретін жазық басылым әдісінің алдында үлкен артықшылығы бар. Офсеттік әдіспен фактуралық табақтан бұдырмақты қағазға және басқа да материалдарға бояудың жұқа қабатымен таңба басуға болады. Офсеттік машиналарда басу жылдамдығы өте жоғары – сағатына 20000-нан аса оттискі басылады. Басылымның осы әдісі бүкіл дүние жүзіне кең тарап, дами түсуде. Қазіргі кезде флексографиялық басылым қалыптасып, күннен-күнге көбірек пайдаланылуда. Бұл биік басылымның өзге түрі, ол бейнені жедел бекитін бояумен иілімді формадан кез-келген затқа, тіпті бояу сіңбейтін затқа да көшіріп басады. Сонымен қатар трафареттік басылым да кейінгі кезде кең орын алуда.
Трафарет басу — бұл қолжазбаларды, авторлардың салған белгілері бар текстерді, көркем картиналарды дәл шығару. Жібекке немесе баска матаға сәуледен қорынғыш кабат салынады. Содан кейін үріледі. Бейненің пайда болған элементтерін сумен жуу керек. Кішкене білікті жүргізгенде бояу сәуледен корынғыш жерлер арқылы астына салынған мата немесе қағазға өтеді де қажетті бейне пайда болады. Бұл әдісті қолдану арқылы басылу формалары жасалғанда барлык хром жалату, граверлеу, бояу салу жұмыстары қолдан жасалады.
Трафареттік басу әдісінде бейне-мәтін материалдары, үстіңгі бетінде тор материалдан тұратын басу формасы арқылы басылып шығарылады. Басу формасындағы ұяшықтардан, ракельдің көмегімен баяу сығып шығарылады.
Дәстүрлі трафареттік басу әдісін кейде шелкография немесе торлы басу әдісі деп атайды.
Трафареттік басу әдісімен басылған оттискілердегі бояу қабаты, басқа әдіспен басылған оттискілердегі бояу қабатына қарағанда әлдеқайда қалың болады. Сондықтан бояуды қатты сіңіретін және кедір-бұдыр материалдарда қанықтығы жоғары мәтін-бейнелерді алуға болады.
Басу формасының торы (сеткасы) - әртүрлі геометриялық формадағы материалдарда – цилиндрлі, шар типтес және т.б. – материалдарда басуға мүмкіндік береді. Трафареттік басу әдісін қолданып, өнімнің әр жеріне лак жағуға болады.
Басу формасын дайындау технологияларының ерекшеліктеріне қарай трафареттік басу әдісінің екі түрі бар. Олар:
Үстіңгі бетінде торы бар басу формасы, яғни, дәстүрлі трафареттік басу әдісі (шелкография).
Арнайы пленкадағы формада ұсақ саңылауларды күйдіріп басу элементтерін шығаратын - ризография және ротарлық басу әдістерінің қосындысы.
Трафаретті басу формаларын дайындаудың үш әдәсі бар. Олар: тіке, жанама (косвенный) және аралас әдістер.
Басу формаларын қолмен және фотомеханикалық әдістермен дайындайды. Қолмен дайындау өте сирек қолданылады.
Тікелей дайындау әдісінде - Көшіру ертіндісі, алдын-ала формалық рамаға тартылған торға жағылып, кептіріледі де, ал ісінбеген басу элементтері сумен жуылып кетеді. Көшіру ертінділері әртүрлі полимерлік коллоидты ертінділерінен тұрады (кейде сұйықтығы қатты заттардың жұқа дисперсиялары).
Жанама дайындау әдісінде диапозитивтегі бейне алдымен арнайы бір материалға көшіріледі де, өңделіп, ісінбеген басу элементтері жуылады да, рамаға тартылып да кептіріледі. Ал уақытша негізді алып тастайды.
Жанама әдіспен дайындалатын дайындалатын көшіру материалдары көшіру қабаты жағылған қағазды немесе пленканы негіздерінен тұрады. Осы әдіспен дайындау процессі мына операциялардан тұрады.
Егер сезімтел емес материал қолданылса, оны сезімталдандыру;
Диапозитивті экспонирлеу;
Көшірмені айқындау;
Рамаға тартылған торға, көшірмені қондыру;
Көшіру материалының айналасындағы ашық жерлерді жабу;