Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы


ТАБАҚТЫ ЕСЕПТЕУ, ЕКШЕУ, КЕСУ ЖӘНЕ БҮКТЕМЕЛЕУ



бет27/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Байланысты:
treatise96353

17. ТАБАҚТЫ ЕСЕПТЕУ, ЕКШЕУ, КЕСУ ЖӘНЕ БҮКТЕМЕЛЕУ.

Басылынған кітап-журналдық өнімдерді өңдеу процестерінің құрамы олардың басу цехынан кітапшалау цехына қандай күйде келіп түскеніне байланысты. Егер рулондық ротациялық машиналардан олар бүктеліп, түйімге сығымдалған дәптерлер етіліп берілсе, табақтық машиналар оларды әлі де кітап-журнал құрылымдарының бастапқы элементтері — дәптерлер құрастыруға жататын күйде жеке үлкен табақтар етіп шығарады. Рулондық машиналар әр 50 немесе 100 дәптерді жылжытып шығарып тұратын автоматты есептегіш не құрылыстармен жабдықталған болады.


Басу машинасының қабылдау үстелінен түсіріліп алынған табақтар теңдерімен(стопа) келіп түседі. Әрине, сондықтан оларды бәрінен теңдерінде-ақ есептеу қолайлы. Есептеудің бірнеше әдістері бар. Солардың ішіндегі ен қарапайымы — салмағын тарту. Себебі табақтар саны теңнің тұтас салмағына бір табақтың орташа салмағына бөлгенге тең деп есептелінеді. Екінші тәсіл — табақтар санын есептеуді басу машинаның өзінде-ақ жүргізу. Өйткені онда машинаның әрбір жұмыстық айналымы біткенде басылғанды бірден өзі санап тұратын сандық есептегіш қоса орнатылған. Бірақ онда мынадай кемістік бар. Машина өзін басуға дайындау кезінде келтірмелеуде, түземелеуде пайдаланылатын, кейін макулатураға айналатын, екі жағына бірнеше рет басылған табақтарды да екі не үш «басылды» деп есептей береді. Оның үстіне онда кездейсоқ жарамсыз өнім де таралымның жарамды өнімі санатына қосыла саналады. Есептеудің үшінші жолы — кредиттік билеттерді есептегіштер жұмысы принципіне негізделіп құрастырылған арнайыланған тез есептегіш машиналарда есеп жүргізу. Бұл әдіспен бір қайыра есеп жүргізгенде қағаз жинағынан табақ санынан бір-екі санға ғана қате кетеді. Мұндай айырма болуы плакаттар үшін, кітап табақтары үшін, ашықхаттар т. т. үшін түк емес. Ал, бірақ, ол қатал есеп жүргізілетін өнімдер үшін келіссіз нәрсе. Сондықтан табақтардың нақты саны мүлтіксіз дәл белгілі болуы керек болған кезде, оларды ерінбей-жалықпай бір-бірлеп қолмен есептеуге тура келеді.
Көп беттік көшірім-табақтарды, көп ретте, кейін олардың әр бөліктері бүктелген болуы үшін бөліктер етіп кесуге тура келеді. Бірақ мынадай мәніс бар. Әдетте жұмсақ әрі өңдеуге белгілі деп есептелінетін қағаз, шынына келгенде, серпінді болады. Және оның талшықтары бүктегеннен кейін де бастапқы қалпына келуге, басқаша айтқанда, «түзелуге» тырысады. Сондықтан да, бүктемелеу кезінде қағаз, оның өзінде егер ол онша қалың болмаса,төрттен артық бүгімделмейді. Ал қалың кағаз асса үш, әйтпесе, сапалы етіліп екі-ақ рет бүктеледі. Бұл табақты дәптерге айналдыру барысында, шын мәнісінде, одан асса 32 бет (табақтың әр жағынан 16 беттен) қана дәптер алынады деген сөз.
Үлкен табақтарда әдетте 64, ал кейде, тіпті 128 бет те басылады. Сондықтан біз табақ қағаздарды екіге, төртке, кейде, тіпті, сегіз бөлік етіп кесуге мәжбүр боламыз.
Қағаз жинағындағы табақ қағаздар әдетте кесу принципінде жұмыс істейтін бір пышақты қағаз кескіш машинамен кесіледі. Биіктігі 10-12 см. аспайтын қағаз табақ теңі жылжып кетпесі үшін столға машинаның өзінде бар арнаулы арқалықпен қысылады. Сонсын жазық шаппа пышақ жіберіліп қалады да, ол күшті қысым әсерімен бүкіл теңді бөлікке кесіп түседі. Кесудің сапасы мен дәлдігі одан арғы операциялардың жүрісі мен сапасына елеулі әсер етеді. Кесуге пышақтың өткірлігі (оның өткірлігін қалпында сақтап отыру үшін пышақ әрбір 1,0-1,5 мың кесімнен кейін орнынан алынып, қайралып отырады) теңнің биіктігі, қағаздың физикалық-химиялық қасиеттері мен оның дымқылдығы, қағаз табақтардың қалыңдығы, қағазды столға қысу салмағы, кесудің өзінің жалпы жағдайы т. т. әсер етеді. Пышақ тез қайтпас үшін қағаздың кесілетін тұсы астына марзан деп аталатын ағаш не пластмассалық кесек салынады. Пластмассалық кесектер ағаш кесектермен салыстырғанда, басқа артықшылықтарын былай қойғанда құю жолымен қатпа қалпына келтіруге де қолайлы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет