Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы


-БӨЛІМ. БАСУ ЖӘНЕ БАСУДАН КЕЙІНГІ ПРОЦЕСТЕР



бет24/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Байланысты:
treatise96353

3-БӨЛІМ.
БАСУ ЖӘНЕ БАСУДАН КЕЙІНГІ ПРОЦЕСТЕР
14. БАСУ ПРОЦЕСІ


Басу процестері дегеніміз – бояудың басу формасынан (кей кездерде аралық тасымалдағыш, мысалы, офсеттік резинадан) басылым материалына берілу, сонымен қатар қосымша дайындық процестері де кіреді.
Басу формасынын бояуды көшіру арқылы біркелкі бейнелерді алу процес басу деп аталады. Басу процесі кезінде алынатын бейне таңба деп аталады. Басу процесінің классификациясы, басу формасының элементтерінің орналасуына қарай бөлінеді. Осыған орай басу: шығыңқы, жазық, ойыңқы болып бөлінеді. Басу ақпаратын дайындау әдісінің техникалық ерекшеліктеріне жатады:
· басылатын материалға бояудың көшу әдісі;
· басу әдісінің ерекшелігін сипаттайды;
· басылым бейнесін алу әдісі, басу және ашық элементтерінің пайда
болу механизмдері, басу формаларының ерекшеліктері, басу кезінде қолданылатын физика-химиялық әсерлер, осыған орай негізделінетін процестің жылдамдығы, басылым бейне ерекшеліктері және тағы сол сияқты мүмкіншіліктерімен сипатталады.


Басу формасына бояуды беру







Қағазды беру (немесе формасына басқа басылатын материалды беру)







Қысым арқылы форманың, бояудың және қағаздың әрекеттесуі




6- сурет. Классикалық басу процесінің жалпы технологиялық сұлбасы

Осы сұлбаға байланысты, басу әдісіне тәуелсіз және оның құрылымдық ерекшелігіне байланыссыз, басу машинасында төрт негізгі элементтерді көрсетуге болады:


1. қағазды беру жүйесі, парақты және рулонды материалды басу аймағына беру және стопадан парақтарды бөлу үшін қолданатын құрылғылармен жабдықталған, басу формасына қағаз парағының жағдайын тегістеу және басу машинасының секциясына парақтың немесе полотноның біртегіс берілуі;
2. Бояу аппараты, басу формасын үздіксіз бояумен қамтамасыз ету. Жүйе резервуардан боудың дозалық мөлшерін беруді қамтамасыз етеді, бояудың құрылымын өзгерте отырып, бояуды жайып, оның жұқа тегіс болу пленкасына айналуы, бояу жәшігімен бояудың басу формасына тасымалдауы бояудың жіктелуімен жүреді, бояуды біркелкі қалыңдықпен басу формасына жағу.
3. Басу аппараты – басу формасын тасымалдағыштан (талер, цилиндр) және қағазды тасығыш (басатын элемент) элементтер жинағы. Басу аппаратында басу формасынан бояуды басу материалына беру шарттары классикалық басу әдісіне қысым арқылы туындайды және қағаз парағы немесе қағаз полотносы басудың түйісу аймағы арқылы өткізу мүкіндіктері туындайды. Басу аппаратының құрылымдық және жүйелік ерекшіліктері басу әдісіне және басу формасының түріне, басу материалына байланысты болады.
4. Басылған бөлімді шығару жүйесі, таңбаларды қабылдау құрылысына тасымалдап, таңбалардан жиын қалыптастырады. Парақтық машиналарда- стопадағы парақтардың шетін теңестіру, рулондық машиналарды- бүктелген дәптерлерді тегістеу.
Негізгі элементтерден басқа, басу машинасының құрылымына басу түрінің негізгі ерекшеліктеріне қарай (ылғалдандырғыш аппарат), басқа жағынан басу өнімінің технологиялық талаптарына байланысты (бояудың жағылуын болдырмау үшін, басу бояуының бекітілуін жылдамдату үшін, басу бояуының бекітіліуін жылдамдату үшін, лактау секциясы және т.б.) құрылғылар болуы мүмкін.
Басу кезінде негізгі талаптардың бірі, қағазбен бояудың бір-біріне сәйкес келуі. Сонымен қатар осы материалдарды басылымға дайындау шарттарының дұрыс болу да аса маңызды роль атқарады.
Басу формасы дегеніміз – пластинаның, плитаның немесе формалық цилиндрдің үстіңгі бетінде құрамы әр түрлі материалдардан (жарыққа сезімтал қабаттан, фотополимерден, металдан, пластмассадан, қағаздан, ағаштан, литографиялық тастан тұратын) басылатын текстен немесе бейнеден құрастырылған, басу бояуын қабылдап алатын басу элементтерінен және басу бояуын қабылдамайтын ашық жолдардан тұратын форма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет