3. БАСПАСӨЗ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда — 1622 жылы, Францияда — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах). Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кездеҚазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.
Баспасөз хатшысы[
Президент, премьер-министр немесе белгілі бір мемлекеттік орынды иеленген басқа тұлға не басқа саяси қайраткердің бұқаралық. ақпарат құралдарымен байланысын жүзеге асыратын және оның сол немесе басқа мәселе бойынша көзқарасын жариялайтын өкілі.
Баспасөз мәслихаты[
Баспасөз мәслихаты — әдетте, ресми органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саясипартиялардың, жеке қайраткерлердің белгілі бір мәселеге байланысты өздерінің көзқарасын, пікірлерін жария ету үшін ұйымдастыратын аудиториялық жиыны. Көтерілер мәселе бойынша тиісті орынның баспасөз хатшылығы журналистерге пресс-релиз(мәслихаттың тақырыптық мазмұндамасы) таратады. Баспасөз мәслихаты жиынды ұйымдастырушы жақтың қысқаша сөзімен ашылады. Одан кейін сұрақ-жауап түріне көшеді. Баспасөз мәслихаты пішімі жағынан сұхбат жанрына ұқсас болғанымен, мұндай жиыннанжурналистер, көбінесе, қысқаша немесе кеңейтілген есеп жазады. Көтерілген мәселе туралы есепке журналист өзінің түсіндірмесі мен көзқарасын да қосып отырады. [1]
Баспасөз хабарламасы - Баспасөзде мүмкін болатын жариялау үшін дайындалған ақпарат.
Баспасөз орталығы - Съезд, конференция, кеңесулер және т.б. өткізулер кезінде ұйымдастырылатын немесе әлдебір ұйым, мемлекеттік билік органдары жанында тұрақты қызмет ететін ақпарат қызметі.
Баспасөз Жанрлары
Баспасөз Жанрлары — мерзімді баспасөзде жарияланатын публицистикалықшығармалардың сан алуан түрі. Жанрлық ерекшеліктер мәтіннің мазмұнына, жазылу пішіміне, деректерді іріктеп, сұрыптау немесе жинақтап, талдау ыңғайына, тілдік-стильдік әдісіне қарай айқындалады. Баспасөз Жанрларын, негізінен, 3 топқа: ақпаратты (хабар,есеп, сұхбат, репортаж), талдамалы (мақала, рецензия, шолу, хат) және көркем-публицистикалық (суреттеме, очерк, публицистика, эссе, баллада) жанрларға бөлуге болады. Сондай-ақ, көркем-публицистикалық жанрлардың сатиралық түрлері (фельетон,памфлет, мысал, эпиграмма, пародия, шарж, т.б.) бар. Баспасөз Жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды нақты деректер мен мәліметтерге сүйене отырып баяндайды. Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен сипаты әрі бәріне ортақ белгілері бар. Ақпаратты жанрлар күнделікті оқиғаларды жедел де шынайы түрде хабарлап, жаңалықтар мен өзгерістерді оқырман қауымға қаз-қалпында жеткізуге тырысады. Талдамалы жанрларға оқиғаларды салыстыра зерттеу, деректер мен мәліметтерді тарата талдап, солардың төңірегінде ой қорыту, бағалау тәсілі тән. Ал, көркем-публицистикалық жанрлар типтік деректерді талдау, суреттеу әдісімен жазылады; әр қилы әдеби тәсілдер (даралау, образ жасау, мінез-құлық қақтығысы, оқиға шиеленісі, т.б.) арқылы әлдебір деректі құбылыстың ішкі мән-мазмұны мен идеялық сипатын көркем-публицистикалық деңгейде ашып көрсетеді. Сатиралық жанрлар әлеум. тұрмыстағы келеңсіз құбылыстар мен кертартпа қылықтарды юморлық не сатиралық пішіммен әшкерелейді, кемшіліктерді жоюға шақырады. Баспасөз Жанрларының негізгі, басты міндеті — өмірдегі нақты оқиғалар мен құбылыстардың күнделікті тізбегін жазу арқылы белгілі бір кезеңнің тарихи шежіресін жасау. Ол үшін журналистің білімі терең, ой-өрісі кең, жазу қабілеті мол болуы, сонымен қатар Баспасөз Жанрларының қыр-сырын жетік меңгеруі шарт. Баспасөз Жанрларын тиянақты меңгеру — журналистің кәсіби шығармашылық шеберлігін жетілдірудің, баспасөз материалдарының сапалық деңгейін арттырудың кепілі.
Баспасөз бостандығы
Баспасөз бостандығы — мемлекеттегі конституция кепілдік беретін адам құқылары мен бостандықтарының бірі. Ол баршаға ортақ әлеуметтік еркіндіктің — пікір айтып, сөз сөйлеу бостандығының құрамдас бөлігі ретінде саналған. 1789 жылы Францияда қабылданғанАдам және азамат құқыларының бостандығы декларациясында (қара Французреволюциясы) тұңғыш рет жарияланған Баспасөз бостандығы ұғымы баспасөз басылымдарын (газеттерді, журналдарды, т.б.) емін-еркін ашып, кез келген баспа өнімдерін қалауынша шығарып, таратудың, сондай-ақ, цензураға тыйым салудың мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. Кейбір демократиялық мемлекеттердің арнаулы заңдарында асыра сілтеп, артық кететін өрескелдікке жол бермеу үшін Баспасөз бостандығына бірқатар шектеулер қойылады; бұл шектеулер сөз бостандығына қойылатын шектеулермен бірдей болады (қара Сөз бостандығы). ҚР Конституциясының 20-бабында сөз бен шығармf еркіндігіне кепілдік берілетінін, цензураға тыйым салынатынын, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға қақылы екендігін атап көрсеткен. Сонымен қатар, “республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді” делінген. Дүние жүзінде бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрлері (теледидар, радиохабарлары, интернет, т.б.) көбейе түсуіне байланысты “Баспасөз бостандығы” деген ұғым ескіріп, соңғы кезде қабылданып жатқан заңдарда “бұқаралық ақпарат бостандығы” атауын қолдану дәстүрге айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |