Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы


МЕРЗІМДІ ЖӘНЕ МЕРЗІМСІЗ БАСЫЛЫМДАР



бет5/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
    Бұл бет үшін навигация:
  • Газет
4. МЕРЗІМДІ ЖӘНЕ МЕРЗІМСІЗ БАСЫЛЫМДАР

Әртүрлі басылымдарды даярлау және басып шығару кезінде оларды, ең алдымен, мерзімдік, жалғастырылушы және мерзімдік басылымдар деп бөледі. Мерзімді басылымдар белгілі бір уақыт барысында бір типті әрленген, бірақ номерлерінің мазмұндары әртүрлі, тұрақты пішімімен шығарылып отырылады (газеттер, журналдар, бюллетендер).


Жалғастырылушы басылымдар әртүрлі мазмұнды, номерлері түрліше, біртекті безендірілетін, бірақ шығу мерзімдері алдынала белгіленбейтін, өйткені олар қажетті материалдардың көлеміне байланысты шығарылымдар (жинақтар, ақпараттық парақшалар).
Мерзімсіз басылымдар өздерінің көлемі, пішімі таралымы және басқа да көрсеткіштеріне қарай әртүрлі сипатты болып келеді. Олардың ерекшеліктері бір мәрте ғана шығатындықтарында. Қажетті жағдайларда оларды қайта басып шығаруға болады, бірақ бұл алдынала жоспарланбайды. Бұл типтегі жиі кездесетін басылымдардың қатарына кітаптарды, брошюраларды, плакаттарды, репродукцияларды, ашық хаттарды, күнтізбелерді, карталар мен атластарды жатқызуға болады.
Полиграфия өнеркәсібінің сансыз көп өнімдерінің ішінен олардың негізгі түрлерін атап көрсетуге болады:
Газеттер (ұсақ венеция монетасы - gazzetta дегеннен) — ағымдағы оқиғалар туралы маңызды материалдар, қоғамдық-саяси, өндірістік, экономикалық және басқа да мәселелер жөнінде жедел ақпараттар жариялайтын ресми парақтық басылымдар.
Газет – мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым. Ежелгі Шығыс қалаларында көпшілік орындарға ілінетін хан жарлықтарынан бастау алады. 16 ғасырда Венецияда «жаңалық жазушылар орталығы» құрылып, арнаулы ақпараттарын «газета» (италияша gazzetta – базар нарқы туралы ақпарат сатып алуға арналған ұсақ ақша) деп аталатын тиынға сатты. 1631 ж. француздық «La gazzette» мерзімді басылымының шығуына байланысты «газета» термині осы заманғы мағынасына ие болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар «Түркістан уәлаятының газеті» (1870 – 82) мен «Дала уәлаятының газеті» (1888 – 1902). 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ұлттық мүддені көздеп, бұқаралық сананы оятуға ұмтылған «Қазақ» газеті (1906), «Серке» (1907) басылымдарын шығаруды қолға алды. Қазіргі кезде қазақ тілінде 100-ге тарта газеттер шығарылады ("Егемен Қазақстан", "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі", "Алматы ақшамы" т.б). Олар шартты түрде: ресми, тәуелсіз, партиялық, т.б., сондай-ақ орталық (республикалық), облыстық, қалалық, аудандық газеттерге бөлінеді. Газеттің шығармашылық-шаруашылық жұмыстарына бас редактор басшылық жасайды.[1]
Газеттердің ерекшелігі - олардың жарыққа шығуының кезеңділігінде. Газет өндірісі өнімінің ерекшелігі - оны қатаң кесте бойынша аса қысқа мерзімде даярлап, басып шығару қажеттілігі мен оның шығарылуын баспа немесе редакция қызметкерлерінің бақылап отыратындығында. Қазіргі кездегі газеттердің көлемі ұлғайып, көркемделуі мен безендірілуі арта түсуде.
Журнал – мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі. Журналдар (француздың journal - күнделік, газета сөзінен) – шығу уақыттары қатаң белгіленген (апталық, ай сайынғы) мақсаттары мен міндеттеріне байланысты, әр түрлі тақырыптық материалды қамтитын, жылдық басылым үшін тұрақты көлем мен пішімде болып келген кітапшалау түріндегі мерзімді басылым. Журналдарды екі топқа бөлуге болады. Көпшілікке арналған «жұқа» журналдардың едәуір бөлігі бір-бірлерінің ішіне енгізіп, тысталған және түбі сым қапсырмалармен тігілген 2-4 дәптерден тұрады. Екінші топқа 4 және одан көп дәптерлерден тұратын, бір-бірлерінің үстіне текшелеп жиыстырылған журналдың бүкіл қалыңдығы бойынша өтетін жіптермен, металл қапсырмалармен тігілген немесе түп қиығына желіммен жапсырылған «толық» журналдар жатады. Тігілген немесе желімделген, қалың парақтар қаптамаға енгізіліп түбірдің бүйіріне желімделінеді де, содан соң үш жағынан кесіліп, әдеттегі күйге келтіріледі.
Журнал газетпен салыстырғанда оқиғаларды кең көлемде баяндап, деректерге тереңірек талдау жасайды, өзінің ұстанған көркемдік бағытына орай қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал етеді. Мазмұны жағынан қоғамдық-саяси журнал, әдеби-көркем журнал, спорттық журнал, сатиралық журнал, өндірістік-техникалық журнал, ғылыми-көпшілік журнал, т.б. болып бөлінеді. Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 ж. бесінші қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді. Алғашқы журналдар, әр түрлі кітаптарға шолу жасап, көркем әдебиет, ғылым, көркемөнер, дін салаларындағы жаңалықтарды баяндаумен шектелді. 19-ғасырдың екінші жартысында көпшілікке арналған аралас мазмұнды, безендірілген журналдар көбірек шығарылды. Қазақ тіліндегі алғашқы журнал – «Айқап» 1911 – 15 ж. аралығында жарық көрді. Кейіннен «Садақ» (1917, татарша-қазақша), «Айна» (1918), «Мұғалім» (1919), «Қызыл Қазақстан» (1921 – 29, қазіргі «Ақиқат»), «Шолпан» (1921 – 24), «Әйел теңдігі» (1925 – 34, қазіргі «Қазақстан әйелдері»), «Жаңа мектеп» (1925 – 33, қазіргі «Қазақстан мектебі»), «Жаңа әдебиет» (1928 – 32, қазіргі «Жұлдыз»), т.б. журналдар жарық көрді. Қазақстан Республикасында демократиялық құндылықтардың берік орнығуына байланысты мемлекеттік және жеке меншік журналдар саны көбейді.
Журналды мекемелер, қоғамдық және шығарм. ұйымдар, ғыл. қоғамдар, академиялар, университеттер, сондай-ақ жеке меншік иелері шығара алады. Ол газетпен салыстырғанда оқиғаларды кең көлемде баяндап, деректерге тереңірек талдау жасайды, өзінің ұстанған көркемдік бағытына орай қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал етеді. Журнал – мерзімділігі жағынан аптасына, 10 күнде, 2 аптада, айына, 2 айда, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет шығатын басылым. Мазмұны жағынан қоғамдық-саяси журнал, әдеби-көркем журнал, спорттық журнал, сатиралық журнал, өндірістік-техникалық журнал, ғылыми-көпшілік журнал, ғылыми-ақпараттық журнал, библиографиялық журнал болып, оқырмандарына қарай бұқаралық және оқырмандардың белгілі бір категорияларына (балаларға, жасөспірімдерге) арналған болып бөлінеді. Бұқаралық, қоғамдық-саяси және әдеби-көркем журналдарда ақпараттық, публицистикалық, көркем шығармалар, танымдық, сәндік, көркемөнер туындылары сипатындағы материалдар, фотосурет түрлері мен бейнелеу өнерінің туындылары; ғылыми-көпшілік, ғылыми-ақпараттық журналдарда ғылыми-зерттеулерде мақалалары, аннотациялар, ғылыми хабарлар, спорттық және өндірістік-техникалық журналдарда өзі арналған салаларға қатысты материалдар, ал сатиралық журналдарда сын-сықақтар, фельетондар, т.б. басылады. Журналды көркем-техникалық безендіру ісі графика мен полиграфияның даму деңгейіне байланысты.
Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 жылы 5 қаңтарда “Журнал де Саван” деген атпен жарық көрді. Осы жылы Англияда, 1668 жылы Италияда, 1682 жылы Германияда журналдар шығарыла бастады. Алғашқы журналдар, негізінен, әр түрлі кітаптарға шолу жасап, көркем әдебиет, ғылым, көркемөнер, дін салаларындағы жаңалықтарды баяндаумен ғана шектелді. 19 ғасырдың 2-жартысында журналдың негізгі түрлері қалыптасты. Көпшілікке арналған аралас мазмұнды, безендірілген журналдар көбірек шығарылды. Орыс тіліндегі тұңғыш журнал “Месячные исторические, генеологические и географические примечания в Ведомостях” (1708 – 42) “Санкт-Петербургские ведомости” газетіне қосымша ретінде жарық көрді. 1913 жылы Ресейде 1331 журнал, оның ішінде орыс тілінде 1222, Ресей халықтарының тілінде 82, шет ел тілдерінде 27 журнал шығып тұрды. Қазақ тіліндегі алғашқы журнал – “Айқап”. 1911 – 15 жылы аралығында оның 88 саны жарық көрген. “Айқап” қазақ елінің экономикасы мен саяси жағдайы, тарихы, мәдениеті мен оқу-ағарту ісі, тілі мен әдебиеті хақында келелі сөз қозғаған, шығармаларының дені ғылыми әрі көркем туынды түрінде жарияланған журнал болды. Троицк қаласындағы “Энергия” баспаханасында басылып тұрған. Редакторы – М.Сералин. “Айқаппен” бірге “Ақмола” журналы да шығып тұрды (1911 – 16). Кейін “Садақ” (1917, татарша-қазақша), “Айна” (1918), “Мұғалім” (1919), “Қызыл Қазақстан” (1921 – 29, қазіргі “Ақиқат”), “Шолпан” (1921 – 24, қазіргі “Таң-Шолпан”), “Темір қазық” (1923), “Жас қазақ” (1923 – 24), “Жас қайрат” (1923 – 24), “Сәуле” (1923 – 24), “Сана” (1923 – 24), “Жетісу әйелі” (1924), “Лениншіл жас” (1925 – 27), “Таң” (1925, қазіргі “Таң-Шолпан”), “Әйел теңдігі” (1925 – 34, қазіргі “Қазақстан әйелдері”), “Жаңа мектеп” (1925 – 33, қазіргі “Қазақстан мектебі”), “Пионер” (1925 – 56), “Кедей айнасы” (1926 – 29), “Терме” (1926), “Жыл құсы” (1927), “Жаңа әдебиет” (1928 – 32, қазіргі “Жұлдыз”), “Жаршы” (1929 – 30), “Балға” (1932), “Екпінді тілші” (1932 – 33) сияқты журналдар жарық көрді. 1956 жылы “Ара”, 1958 жылы “Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”), “Балдырған”, 1960 жылы “Білім және еңбек” (қазіргі “Зерде”), 1978 ж. “Пионер”, 1987 ж. “Арай”, 1994 ж. “Ұлағат”, 1996 ж. “Заң”, 1997 ж. “Алдаспан”, 1998 ж. “Амазонка”, 2000 ж. “Қазақстан”, т.б. журналдар шыға бастады. Қазақстан Республикасында демократиялық құндылықтардың берік орнығуына байланысты мемлекеттік және жеке меншік журналдар саны көбейді.
Кітап (араб.: ‎ – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.
Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс(папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды.[1]
Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды. 105 ж. қытай шеберіЦай Лунь қағазды ойлап тауып, 13-ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Еуропада қолжазба кітап қауырт өркендеп, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс, т.б. металмен өрнектелді. 15-ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды. Осы заманғы кітап — мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі үлгісінде жасалады.[2]
Қай елдің, қай халықтың болмасын оның мәдени деңгейі, сауаты, әрине, кітаппен байланысты. Америка Құрама Штаттарында халықтың тең жартысы кітап оқымайтын көрінеді. Соның да салдары шығар, сұрақ-анкета нәтижесіне үңілгенде студенттердің 40 пайызы Израиль - араб елдерінің бірі деп жауап берген. Франклин Рузвельт АҚШ-тың Вьетнам соғысы кезіндегі президенті деп түсінеді екен. Ал сол студенттердің тең жартысы Черчилльдің кім екенін білмей шыққан...
Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Білімсіз қоғам ешқашан да өрге басқан емес. Назарларыңызға кітаптар мен кітапханаларға қатысты бірнеше қызықты дерек ұсынамыз.

  • Финляндияда «Скепсис» деген қоғам бар. Оның мүшелері әр жылдың аяғында бас қосып, ақылдаса отырып, жылдың ең нашар кітабына «Құрмет грамотасын» беретін көрінеді.

  • Бұрынғы батыс Германияда шығып тұратын «Конкрет» атты журналдың жылдың ең жаман шығармасына, яки ең дарынсыз авторына беріп тұратын сыйлығы бар екен. Оны алған адам бұдан былай қарай мұндай кітап жазбауға және осы сыйлыққа келген ақшаға басқа бір мамандық алам деп уәде беруге тиіс екен.

  • Шри-Ланкада археологиялық қазба жұмыстарымен шұғылданған Америка ғалымдары әр парағы таза алтыннан дайындалған ғажап бір кітап тауып алыпты. Онда көне Үндістанның белгілі бір дастаны басылған дейді.

  • Францияның Нанта қаласында тұратын бір дәрігер-фармацепт отыз бес жыл бойына әр елдің гимндерін жинаумен шұғылданыпты. Франс Пресс агенттігінің хабарлауына қарағанда оның коллекциясы бүгінде жүз елудің үстіне шығыпты.

  • Бұдан дәл он жыл бұрын (2004 ж.) Сирия ғалымдары басқа ағайындас әріптестермен біріге отырып, «Бүкіл арабтық энциклопедия» шығаруға кіріскен. Бұл жиырма томдық үлкен еңбектің әрқайсысы мың беттен тұрады.

  • Францияда небары сегіз сағат ішінде бір өлеңдер жинағын басып шығарған. Таңғы сағат тоғызда қолжазбасын әкеліп тапсырған автор кешкі сағат бесте жырқұмарларға қолтаңба үлестіре бастаған.

  • Біздің жыл санауымыздан бұрынғы үшінші ғасырдың басында тұрғызылып, жаңаша жыл санаудың басында римдіктердің шабуылы кезінде өртенген дүниенің сегізінші ғажабы – Александр кітапханасы қалпына келтірілді. Кезінде теңдесі жоқ бұл кітапханада мыңдаған папирус оралымдары болған.

  • Франция президенті болған Франсуа Миттеранның артында қалған өлмес еңбегі – Парижде салынған еш жерде, еш елде болмаған теңдесі жоқ супер кітапхана. Ол осы өткен жиырмасыешы ғаырдың ғылыми-техникалық жаңалықтарының ұлы жемісі. 

Брошюра – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жұқа кітап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет