Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, жүйелер қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жұрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді.
Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады. Сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін тітіркену деп айтады.
Ал олардың әсерлерінің өзін тітіркендіргіш деп атайды. Сыртқы және ішкі орталардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштерді тегіне қарай төртке бөледі: физикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық тітіркендіргіштер.
Тітіркендіргіштер
Химиялық
Физико химиялық
Биологиялық
Физикалық
Нейрон
Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі -нерв клеткасы немесе н е й р о н. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар -глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағұрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді.
Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегеңде олар жойылып та кетуі мүмкін.
Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегеңде олар жойылып та кетуі мүмкін.
Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді, т.б.
Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді, т.б.