Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык заттан тұрады (лат. медиатор - делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс с а ң л а у ы болады. Ол - клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.

Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзе алады
денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;
денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады; сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:
Жұлын
Жұлын (medulla spіnalіs) — адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі.
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады. Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).