МАҚСАТЫ: Оқушыларды функционалдық сауаттылыққа үйрету.
Күтілетні нәтиже: TIMSS-2023 халықаралық зерттеу бағдарламасына дайындығын күшейту.
TIMSS
Математика және жаратылыстану білім сапасын бағалау мүмкіндігін TIMSS (Trends in International Mathematics and Science Study) халықаралық зерттеуі ұсынады. TIMSS зерттеуі алғаш рет 1995 жылы өткізілді және содан бері әр төрт жыл сайын 4-ші және 8-ші сынып оқушылары арасында циклдармен жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні TIMSS- тің жеті циклі өткізілді. Осы кезеңде зерттеуге TIMSS нәтижелерін өз білім беру жүйесінің тиімділігін мониторингілеу үшін пайдаланатын 50-ден астам ел қатысты.