Әл-Фарабидың іліміндегі мемлекет басшысына қойылатын 12 талап және олардың рухани-адамгершілік сипаты


Ежелгі сақтар өнеріндегі мифологиялық дүниетаным көрінісі. Әлемдік тәртіп және оның құрылымы



бет2/7
Дата09.05.2023
өлшемі32,02 Kb.
#91166
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
л-Фарабиды іліміндегі мемлекет басшысына ойылатын 12 талап ж

Ежелгі сақтар өнеріндегі мифологиялық дүниетаным көрінісі. Әлемдік тәртіп және оның құрылымы

Зерттешілер сақ өнерін, бірінші жағынан, оның иранның Ахеменид және Бактрияның көркем өнерімен, екінші жағынан, Қытайдың Чжоу мен Хань дәуірлері өнерімен тығыз байланысты болған деп есептейді.Ғылымда сақтың «аң стиліндегі» өнерінің қай жерде, қай заманда пайда болып қалыптасқаны жөнінде алуан түрлі болжамдар бар.
Бабажан мекені мен Сурх - Дум ғибадатханасында соңғы жылдары жүргізілген қазбалар Луристан қоласының жаңа нұсқаларын: жер бауырлап жатқан қабылан, қойдың басы тәрізді тұтқасы бар егеутас, бүркіттердің стильдендірілген бастары, жыртқыштар мен «заулап бара жатқан» бұғылар, аттар мен түйелер бейнесін тауып берді. Алайда зерттеушілер сақ көркем өнерін тек луристан стиліне жатқызып қоюға болмайды, олар бір-біріне тәуелсіз екі көркемдік стиль деп есептейді.
Б.з. дейін 1 - мың жылдықтың бас кезінде қазіргі Иран территориясына иран тілді тайпалар келіп кіре бастаған, солардың ықпалымен елге бірқатар әдет-ғүрыптар, қару-жарақ пен ер-тұрманның жаңа түрлері тарай бастайды.
Сақ ісмерлерінің тастың жұмсақ түрлерінен құрбандық жозыларын жасап, оларды ғажайып ою-өрнектермен әспеттейтін. Түрлі-түсті асыл тастардан - сердоликтен, халцедоннан, ақықтан, ферузадан сақтың зергерлері моншақ - таналар жасаған. Дүниежүзілік мәдениеттегі әйгілі көріністердің бірі - сақ өнері.
Сақ тайпалары «нүктелі техника» деп аталатын суретшілік әдісі арқылы өздері мекендеген жерлердегі жартастарға аңшылық, малшылық тұрмысты бейнелейтін жабайы хайуандар мен табиғат күштерін «кие» деп табынатын діни ұғымды білдіретін суреттер салған. Мұндай жартас суреттерінде қайқы мүйіз таутеке, бұғы, жылқы сияқты хайуандар жиі кездеседі. Кейбіреулерінде садақ тартып тұрған адам бейнесі де бар. Бұл сияқты жартас суреттері Алтай, Тянь-Шань, Тарбағатай тауларының өн бойынан табылады.
Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым күштеріне - күнге, оның күркіреуіне, найзағайға, жел - дауылға табынған. Осынау құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Олардың түсінігі бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат - самұрықтар сияқты, қиялдан туған аңдар мен құстар, жануарлар бейнесінде де көріне беретін болған. Осынау образдардың мифология мен ауыз әдебиетінен кең орын алатыны сондай, Евразия далалары өңірінде өзгеше бір «аң стилін» тудырған.
Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірі Митра «Авеста - Уәста» сөзіне жүгінсек, төрт ат жегіп шығады екен. Аттарға Сурья, Яма, Агни, Индира секілді құдайлардың қатынасы болған.
Жыртқыш қырандар бейнесі де күн құдайдың символы болған. Үнді-иран халықтарының қиял аңыздарында Күн аспан көкте төрт бүркіт зымыратып алып жүретін дөңгелекті күйме түрінде көрінеді. Сақтардың әлемінің (космостық) құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі болады. Космостағы тәртіп оларға арт түсінігіндей болып көрінген, сақтар оны Күн, Күн күйме деп ойлаған. Әлемдегі тәртіп, үйлесімі - гармония, олардағы бір нәрсенің ұйымдастырушылары Митра, Варуна, Индира секілді құдайлар екен, әлемнің үлгісі - моделі оларға үш дүниенің - жерасты дүниесі -төменгінің, белорта дүниесі - жердің және жоғарғы дүние - аспанның өзара сәйкестігі болып көрінген. Әлемнің төрт жағы - сол, оң, алғы және артқы жақтары болған.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет